ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АТТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
07.06.2024
426
0

Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Сарыағаш ауданының полиция бөлімі жеке құрамы арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында кездесу өтілді.
Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы, дінтанушы маман Салықбаев Қайрат Құралтайұлы қатысып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шара барысында еліміздегі діни жағдай, діни экстремизм мен терроризм қаупі, деструктивті діни ағымдардың қоғамға тигізер зияны туралы түсіндіріп өтті.
Кездесу соңында сұрақтар қойылып, дінтанушы маман тарапынан толыққанды жауаптар берілді.

0 пікір