«Ораза – ұлық мереке» атты тақырыпта Арыс қаласы «Хазіреті Әбу Бәкір әс-Сыддық» мешітінде әйел азаматтардың қатысуымен кездесу болып өтті.
18.03.2024
689
0

Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ мен Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Түркістан облысы бойынша өкілдігінің «Әйел-қыздар» секторымен бірлесе отырып, «Ораза – ұлық мереке» атты тақырыпта Арыс қаласы «Хазіреті Әбу Бәкір әс-Сыддық» мешітінде әйел азаматтардың қатысуымен кездесу болып өтті.
Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы А.Сейдуәлі, Арыс қаласы бойынша «Ай-көркем» қыздар клубына жауапты Меруерт ұстаз, Арыс қаласының «Әжелер алқасының» мүшесі мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологы А.Үсен қатысты.
Кездесуде бүгінгі қоғамдағы дінге қатысты мәселелер, ұлттық құндылықтар, дін ұстану мен салт-дәстүрдің маңыздылығы, дінге қатысты заңнамалар, діни әдебиеттерді оқу мен тарату, қыз балалар тәрбиесі мен оқу орындарындағы діни заттарды пайдаланудағы мәселелер қамтылып өтті. Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға толықтай жауап берілді.
Алдағы уақытта мұндай кездесулер облысымыздың басқа да аудандарында ұйымдастырылып, әйел азаматтардың көкейінде жүрген сұрақтарға әйел ұстаздар мен мамандар жауап беретінін атап өтті.

0 пікір