ӨМІР – КҮРЕСТЕН ТҰРАДЫ
Спорт саласында елеуліжетістіктерімен ғана емес, жастар арасында дәстүрлі емес кереғар діни ағымдардан сақтану мақсатында өз тәжірибесімен бөліскен, дзюдодан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия ойындарының жеңімпазыДидар Хамзаның пікірін тыңдай отырыңыздар.
Деструктивті діни ағымдардың халық арасында кеңінен таралуына жол бермеу мақсатында ғаламтор кеңістігінде оның ішінде әлеуметтік желілерде жалған ақпараттардан сақтану қажет. Облыс тұрғындарының, жастардың таным-түсініктерінің дұрыс қалыптасуына әсіресе дін тұрғысындағы көзқарастарының оң бағытта қалыптасуына елімізде ресми тіркелген діни бірлестіктерден ғана ақпарат алуға шақырады.