«НҰР-МҮБАРАК» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСШЫЛЫҒЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «Нұр-Мүбарак» университетінің ректоры, профессор Ахмед Хусейн Мұхаммад Ибраһим мен проректор, PhD доктор Оңғар Ершат Ағыбайұлы
Түркістан қаласында іс сапармен болды. Қонақтарды облыстық дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы және ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша Бас имамы Ержан қажы Сматұлы қарсы алды. Алдымен қонақтар Қ.А.Яссауи кесенесіне зиярат етіп, осында жерленген әулие, хан-сұлтандар, би-шешендер мен батырлардың рухына Құран бағыштап, дұға етті. Сонымен қатар, «Ұлы Дала Елі», «Алтын Самұрық» кешендерінде болып, еліміздің терең тарихымен танысып, өңірдің туристік әлеуетіне қанық болды. Сапар барысында бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Атап айтқанда үстіміздегі жылдың 28-қарашасында қол қойылған ынтымақтастық меморандумы аясында тараптар дін саласындағы білікті мамандарды даярлау, исламтану, дінтану және теология бағыттарындағы тәжірибе алмасу, студенттерді болашақ жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша пікір алмасты. Кездесу соңында облыстық дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы университет ректоры, профессор Ахмед Хусейн Мухаммадке халқымыздың қонақжай дәстүріне сай қазақы нақыштағы шапан жауып, алдағы қызметіне табыстар тіледі.