МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
19.06.2024
463
0

Мемлекеттік қызметкерлердің зайырлылық қағидатын ұстануы және діни сауаттылықты арттыру, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл шараларын жүргізу мақсатында Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры – М.Халықов пен директор орынбасары – А.Тағай ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шараға: облыстық Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы; Мәдениет және туризм басқармасы; Білім басқармасы; Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы; Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармалары қатысты.
Шара барысында еліміздегі діни жағдай, діни экстремизм мен терроризм қаупі, деструктивті діни ағымдардың қоғамға зияны туралы баяндалды.
Кездесу соңында сұрақтар қойылып, дінтанушы мамандар тарапынан толыққанды жауап берілді.

0 пікір