МЕМЛЕКЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
20.06.2024
434
0

Еліміздің дін саласындағы, оның ішінде діни сенім бостандығындағы тиімді мемлекеттік саясатының маңызды бағыттары оның құқықтық қамтамасыз етілуі және заңнаманы уақыт талаптары мен сын-тегеуріндерге сәйкес жетілдіру, оның ішінде ақпарат және коммуникация, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, мемлекеттік қызмет, жергілікті өзін-өзі басқару және өзге де салаларда, сондай-ақ ұлттық құқық пен халықаралық-құқықтық нормалар мен стандарттар негізінде мемлекеттік және қоғамдық институттар қызметінің біліктілігін арттыру мақсатында Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры – М.Халықов пен директор орынбасары – А.Тағай ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шараға: облыстық Бақылау жөніндегі басқарма; Жер қатынастары басқармасы; Мемлекеттік сатып алу басқармасы; Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы; Дін істері басқармасы; Аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы; Қоғамдық даму басқармалары қатысты.
Шара барысында еліміздегі қоғамдық дамудың өзгешілігі және діни саланың ерекшелігіне тоқталып, діни ахуалдың тұрақтылығы туралы баяндалды.
Кездесу соңында сұрақтар қойылып, дінтанушы мамандар тарапынан толыққанды жауап берілді.

0 пікір