«Күлтөбе» медиа студиясында алғашқы «Тағылым» бағдарламасында сұқбат жүргізілді.
Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ жанынан құрылған «Күлтөбе» медиа студиясында алғашқы «Тағылым» бағдарламасында сұқбат жүргізілді. Тарихи маңызға ие бұл жобаның алғашқы түсіріліміне – философия және теология ғылымдары докторы, профессор, белгілі ғалым, дінтанушы - Досай Кенжетай және белгілі айтыскер ақын, «Алтын домбыра» иегері - Бекарыс Шойбеков арнайы қонақ болды.
Қазақ руханияты мен мәдениеті жайлы терең ойлар айтылған бұл алғашқы түсірілім медиа студияның алдағы уақыттағы маңызы зор жобаларға жол ашарын аңғартты.