Жұмыссыздар – жат ағымның басты нысанасы
13.11.2024
486
0

Деструктивті діни ағымның ықпалында кететіндердің көпшілігі - жұмыссыз жастар. Олардың 90 % -на әлеуметтік желілер ықпал етуде. Ал 70% адам өзінің діни сауатын интернет арқылы ашады екен. Экстремистік ағымдар «Facebook», «Вконтакте», «Tapatalk», «Одноклассники», «Instagram», «Telegram», «Tik-tok» әлеуметтік желілерін қолданады. Өйткені бұл платформалар жастар тарапынан үлкен сұраныста. Интернетте виртуалды қажылық жасау, онлайн түрде жамағатпен құлшылық рәсімін орындау, білімін онлайн арттыру сияқты қызмет түрлері көп. Яғни, сыни ойлау жүйесі қалыптаспаған, психологиялық әлсіз адам жаһандық ақпараттық-коммуникацияның кесірінен оңай адасады.

0 пікір