БЕКАРЫС ШОЙБЕКОВ ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН МЕДИА СТУДИЯҒА АРНАУ АРНАДЫ.
Түркістан облысы дін істері басқармасының “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ жанынан құрылған “Күлтөбе” медиа студиясы өз жұмысын “Тағылым” бағдарламасымен бастады. Бағдарламаның алғашқы қонағы ретінде сөз өнерінің шебері, айтыскер ақын, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының және «Алтын домбыра» иегері Бекарыс Шойбеков студияға арнайы келіп, жүректен шыққан арнауын айтып, ізгі тілегін жеткізді.