АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
15.04.2025
98
0

Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ мен Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Түркістан облысы бойынша өкілдігінің «Әйел-қыздар» секторымен бірлесе отырып, «Қыз тәрбиесі және ұлттық құндылықтар» атты тақырыпта Арыс қаласы «Абу Бәкір Ас-Сыддық» мешітінде әйел азаматтардың қатысуымен кездесу болып өтті.

Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Айдана Сейдуәлі және Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Арыс қалалық әжелер кеңесі төрайымы Өрікгүл Елубаева, Арыс қаласы «Әйел-қыздар» секторының ұстазы Меруерт Құлмұхаммед қатысты.

Кездесуде бүгінгі қоғамдағы дінге қатысты мәселелер, ұлттық құндылықтар, дін ұстану мен салт-дәстүрдің маңыздылығы, дінге қатысты заңнамалар, діни әдебиеттерді оқу мен тарату, қыз балалар тәрбиесі мен оқу орындарындағы діни заттарды пайдаланудағы мәселелер қамтылып өтті.
Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға толықтай жауап берілді.
Алдағы уақытта мұндай кездесулер облысымыздың басқа да аудандарында ұйымдастырылып, әйел азаматтардың көкейінде жүрген сұрақтарға әйел ұстаздар мен мамандар жауап беретінін атап өтті.

0 пікір