Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ және ҚМДБ Түркістан облысы бойынша өкілдігінің «Әйел-қыздар секторымен» бірлесе отырып Бәйдібек ауданы «Нақыпбекұлы Әуен» орталық мешітінде әйел-қыздар өкілдерімен кездесу болып өтті. Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы А.Сейдуәлі қатысты.
Кездесу барысында теолог маман еліміздегі діни жағдай, жат діни ағымдардың қоғамға зияны, дін саласындағы жат діни ағымдардың таралуына қарсы атқаралып жатқан жұмыстар, діни әдебиеттерді тарату мен сату, шетелде діни білім алудың қауіптілігі, ӘҚБтК пен ҚК дінге қатысты заңнамалары, бүгінгі қоғамда жастар арасында орын алып отырған мәселелерді түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар облыс тұрғындарының діни ахуалға көзқарасын анықтау, зерттеу мақсатында сауалнама жүргізілді.
Басқосу барысында жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде ой қозғалып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Сондай-ақ жиналысқа қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.