Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ және ҚМДБ Түркістан облысы бойынша өкілдігінің «Әйел-қыздар секторымен» бірлесе отырып Қазығұрт ауданы «Мұсылмандар» орталық мешітінде әйел-қыздар өкілдерімен кездесу болып өтті. Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Айдана Сейдуәлі, Қазығұрт ауданы бойынша Аналар кеңесінің төрайымы Жиенкүл Сәрсен, Қазығұрт ауданы бойынша «Әйел-қыздар секторының» жетекшісі Әсия ұстаз, Қазығұрт ауданы «Жастар ресурстық орталығының» психолог маманы Қаламқас Маштекова қатысты.
Кездесу барысында теолог маман қоғамдағы күрделі діни мәселелердің шешімі, діни мәселелерді реттейтін заңнамалар, діни әдебиеттерді тарату мен сату, еліміздің зайырлылық принципі, жат діни ағымдардың қоғамға зияны сияқты мәселелерді түсіндіріп өтті.
Жиын барысында аналарымыз, қыздарымыз жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде ой қозғап, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Сондай-ақ жиналысқа қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.