АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
03.04.2024
568
0

Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ және ҚМДБ Түркістан облысы бойынша өкілдігінің «Әйел-қыздар секторымен» бірлесе отырып Сарыағаш ауданы «Сарыағаш» орталық мешітінде әйел-қыздар өкілдерімен кездесу болып өтті. Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы А.Сейдуәлі, Сарыағаш ауданы бойынша Әжелер алқасының төрайымы Күлшат Мауленова, Сарыағаш ауданы бойынша «Әйел-қыздар секторының» жетекшісі Гүлнар ұстаз, Сарыағаш ауданы «Жастар ресурстық орталығының» психолог маманы Светлана Жаржанова қатысты.
Кездесу барысында теолог маман еліміздегі діни жағдай, жат діни ағымдардың қоғамға зияны, дін саласындағы жат діни ағымдардың таралуына қарсы атқаралып жатқан жұмыстар, діни әдебиеттерді тарату мен сату, бүгінгі қоғамда жастар арасында орын алып отырған мәселелерді түсіндіріп өтті.
Басқосу барысында жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде ой қозғалып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Сондай-ақ жиналысқа қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.

0 пікір