Түркістан облысы дін істері басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
(өңірлік деңгейде дін мәселелерін зерттеу, талдау орталығы)
Орталық Түркістан облысы әкімінің 2018 жылғы 10 тамыз №229 қаулысымен құрылған.
Құрылудағы басты мақсаты – қоғамдағы саяси ахуал бойынша халық арасында мемлекеттік идеологияны түсіндіру.
Облыстағы қоғамдық-саяси ахуал мәселелеріне талдау жүргізу, әсіресе жоғарыда айтылып өткен діни ахуалының күрделілігі мен ерекшеліктерін ескере отырып, осы саладағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал ету.
Орталық Оңтүстік Қазақстан облысындағы қоғамдық-саяси ахуалға әлеуметтік мәселелерге, діни-рухани тәрбие, тағылым талдауларын жасау және осыларды саралап-сараптап, зерделеп, зерттеу және оларды мемлекеттік идеологияның іске асырылуы барысында халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізумен айналысады, өз құзыретіндегі мүмкіндік аясында өлкедегі зиялы қауым, ілім, ғылым, мәдениет орталықтарында, сондай-ақ, қоғамдық орындарда, жастар арасында, жергілікті аумақтарда, республика заңдарына сәйкес, үкімет пен өкілетті орган өкімдіктеріне сай және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, өлкедегі бірлік пен ынтымақты қалыптастыруда, салауатты өмір салтының тұрақтылығын қамтамасыз етуге де байланысты жұмыстар атқарады, сондай-ақ, жоғары және арнаулы орта оқу орындары, жалпы орта білім беретін мекемелердегі студенттер мен оқушылар арасында, дәстүрлі ұлттық таным, рухани тәрбие, діни негіздегі әдет-ғұрып, салт-сана ара-байланыстарына қатысты кейбір кездейсоқ теріс ұғымдар, көзқарас, түсінік мәселелерінде дұрыс шешім табуға көмектесіп, ұлттық әдепке шетін экстремизм мен терроризмнің белгілерінің алдын алу, кереғар ағымдар мен секталардың зиянды іс-әрекеттері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жастарды олардың ықпалынан қорғау мақсатында кездесулер өткізу, үгіт насихат жұмыстарын жүргізу шараларын атқарады, өлке азаматтарының тұлғалық қалыптасуында дәстүрлі ұлттық тәрбиенің, отаншылдық рухтың, азаматтық ұстанымдардың негіздерін қалайтын, жастардың заманауи болмысы мен ғылыми техникалық өркениет үдерісіндегі орнының биік болуына әлеуметтік-рухани демеу бағытында жұмыс жасайтын көмекші қызметтер көрсетеді.
Орталықтың негізгі міндеттері
• Облыстық электронды және баспасөз ақпарат құралдары арқылы діни экстремизм мен кереғар діни ағымдар, секталар, олардың қоғамға зияндылығы әрі қауіптілігі тұрғысында халыққа кең көлемді түсіндірме жұмыстарын жүргізу, бейнефильмдер мен роликтер дайындап көрсету, оларға сараптама жүргізу;
• Қала, аудандардың елді мекендеріндегі жергілікті тұрғындар, жоғары және арнаулы орта оқу орындары мен жалпы орта білім беретін мекемелердегі студенттер мен оқушылар арасында діни экстремизм мен терроризмнің, кереғар ағымдар мен секталардың зиянды іс-әрекеттері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу, жастарды олардың ықпалынан қорғау мақсатында кездесулер өткізу;
• Түрлі бағыттағы діни құрылымдардың жай-күйіне, олардың қызметтері мен табыну орындарына және келетін жамағаттардың құрамына сараптама жүргізу;
• Деструктивті діни ұйымдардан зардап шекендерді анықтау, оларға психологиялық, заңгерлік көмектер көрсету;
• Өз құзыреті шегіндегі мемлекеттік атқарушы және құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыстар атқару, жалпы қоғамдық-саяси, соның ішінде діни ахуалға талдау, сараптама жасау;
• Облыс көлемінде қызмет етіп жатқан медреселер мен басқа да діни оқу орындарының жұмыстарына сараптама жүргізу;
• Діни экстремизмнің, кереғар діни ағымдардың, секталардың іс-әрекеттерінің алдын алуға арналған ақпараттық және әдістемелік материалдар (лекциялар, фильмдер, бейнероликтер, буклеттер, брошюралар, кітапшалар, парақшалар) шығарып тарату;
• Облыс тұрғындары, жоғары, арнаулы орта және жалпы білім беретін оқу орындары жастары арасында дін мәселелеріне қатысты сауалнамалар жүргізу арқылы социологиялық зерттеулер жүргізу;
• Деструктивті, соның ішінде ислам атын жамылған діни ағымдардың, секталардың қызметіне мониторинг жүргізу;
• Облыс көлемінде жұмыссыз жүрген жастарға сараптама жасау, діни ағымдарға, шетелде оқуға бейімділігін анықтау;
• Облыс, қала, аудандар бойынша жасалған діни ахуал картасына зертеулер нәтижесіне сәйкес өзгерістер енгізе отырып, тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу.
Орталықта төрт бөлім жұмыс жасайды:
1. «Ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру» бөлімі
2.«Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімі
3. «Әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімі
4. «Қоғамдағы дін қатынастарын зерттеу» бөлімі