Зайырлы мемлекеттегі діндар адам
Зайырлы мемлекеттегі діндар адам
26.02.2024
643
0

Қазіргі қоғамда шын діндардан көрі діншілдер көбейіп барады. Әсілі, «діндар» сөзі «дінге шынайы берілген, дінге жан-тәнімен мойынсұнушы, дінді ынты-шынтымен ұстанушы» деген мағынаны білдіреді. Діндар адам руханиятта қалыптасқан ішкі рухани әлемі мен сыртқы бейнесі сай келген, тақуалығымен, діни құндылықтарды орындауымен оқшауланады. Ал әсіредіншілдер дінді ұстағанымен, өзгеге діндар болып, көзбояушылық пен көпшілік ортада өзін тақуа етіп көрсеткісі келеді. Көпке жария етпей, сауап амалдарын жасырын өтейді.

Зайырлы елдің құндылықтары мен ондағы діннің даму ерекшелігін ескерсек, діншіл адам мұнда жиі пікір қақтығысына ұшырайды. Ал өз кезегінде бұл діншілдің радикалды топтарға қосылу ықтималдылығының жоғары екендігін көрсетеді. Сенушілердің келесі тобы – діндарлар. Бұл топқа жататын дін ұстанушылардың көбі жоғарыдағы үрдістерді басынан кешірген немесе бірден діни сауаты жоғары топтың арасына түсіп, дін құндылықтарын бойына сіңіріп үлгергендер. Қазіргі кездегі діндарлардың кейбір ерекшеліктерін атап өтсек:

– дінді байсалдылықпен, аса құрметпен қабылдайды. Сәйкесінше, дін туралы білімін жетілдіріп отырады; 

– діннің сыртқы көрінісінен гөрі ішкі мазмұнына көбірек мән береді. Діннің адамгершілік қасиеттеріне және өмірде кездесетін қиын сәттерде күш беретін тұстарын жақсы игереді; 

– өзі өмір сүретін ортаның ерекшеліктеріне мән береді.

– зайырлы елдің құндылықтары мен қағидаттарын құрметтейді. Соның бірден - бір мысалы ХХ ғасырда Кеңес үкіметіндегі дін мамандарының үстінен құс ұшырып, астынан ит жүгіртіп қойған алмағайып заманда, Хақ діннің туын жықпай, тік ұстаған Түркістан қаласы «Хилует» мешітінде наиб-имам қызметін атқарған Әбул-ас (Мақсұм баба) ғұлама. Сондай-ақ Байболұлы Тасмұхаммед молдалардың бойындағы кішіпейілділік пен қарапайымдылық бұл кісілердің барлық іс-әрекетінен, қимыл-қозғалысынан, өзін ұстаулары, мінез-құлқы, сөздері, ең ақыры, киген киімдерінен де аңғарылып тұрады.

Бһагавад Гитада оттың түтінсіз жанбайтыны, айнаны шаң басатыны сияқты адам санасы әрдайым нәпсімен бүркемеленетіні айтылады. Яғни, нәпсі адам санасын тұмандандырып, оған үнемі әсерін тигізіп отырады. Тек нәпсіге қарсы күресті ешқашан есінен шығармай, дін жолын берік ұстанып, әрдайым нәпсісін қатаң бақылауда ұстайтын адам ғана шын діндар бола алады. Ал нәпсіге еретіндердің жасап жатқан әрекеттері түгел зая кетеді.

Бұдан не бағамдауға болады? Шын діндар немесе тақуа мен жалған жолға түсіп, дін жолын ұстандым деп шындығында нәпсісінің құлы болып жүрген пенденің айырмасы мынадай: егер діндар нәпсісін тиып, таза жүретін болса ол нағыз ақылды діндар адам. Діндар адамның жүрген жүрісі де, айтқан сөзіде түзу болады.  «Жаяу көп жүрген көңілді болады, ойлап сөйлеген өнегелі болады», «діндар адамның көзі өткір, сөзі тапқыр келеді», - деп бекер айтылмаса керек. Егер дін жолын ұстана жүріп, нәпсіге берілсе, онда ол ақылсыз надан болғаны. Сондықтан дін адамы үшін бұл екі жолдан басқа үшінші жол деген жоқ. Әрбір адам баласы осы екі жолдың бірін таңдауы тиіс.

«Адамның тілі өзгерсе басқа тілде шүлдірлейді, ділі өшсе ұлтын жоғалтады, діні өлсе адамдықтан бірақ кетеді. Дін басының өзіне сенбесең де, дініне сен»,-деп Нұрхалық Абдрақын бекер айтпаса керек. Ескіден қалған тағы бір нақыл мынадай: «Ақылы көшбасшысы болып, нәпсісі тұтқыны болғанға нұр жаусын! Керісінше, нәпсісі көшбасшысы болып, ақылы тұтқыны болған қандай қасырет!».

 

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын

ұйымдастыру және үйлестіру

бөлімінің басшысы                                                                      Қ.Салықбаев

0 пікір