Зайырлы білім қоғам талабы
Зайырлы білім қоғам талабы
03.02.2021
792
0

Ислам діні бейбітшілік пен береке-бірлік діні. Қаншама ғасырдан бері қазақ халқының өмірі мен салт-дәстүрімен үйлесімін тауып келеді. Дін жай ғана сенім немесе құлшылықтардан тұрмайтынын айта кеткен жөн. Алайда қазір қоғам арасында өкінішке орай дінді біліммен емес, сезіммен түсініп жүргендер бар. Олар тіпті Исламның қарапайым қағидаларын да білмейді. Бүгінгі таңда діни тұрғыда қоғам ойы екіге бөлініп, көптеген қарама-қайшылықтар туындауда. Яғни бұл жердегі бар мәселе діни білімсіздікте жатыр. Жалпы Ислам – адамзат баласын тұрақтылық пен татулыққа шақырып, білім алуды  міндеттейді.

Дінде білім алу әйел кісіге парыз емес деген сеніммен, қоғам арасында шектеліп жатқан күйеуінің ықпалындағы азаматшалар көбейіп барады. Көпшілігі орта білімді. Жоғары білімді қажет санамайды. Тіпті мектеп жасындағы қыздарына да орамал кигізіп, білім саласынан шектеп жатқандарын да кездестіруге болады. Олардың көпшілігі Құран Кәрімнің «Нұр» сүресінің 31-аятындағы Алланың қыз балаға орамал тағу керек дегенін негізгі дәлел ретінде алға тартады. Ислам дінінде орамал тағу балиғат жасына толғандарға парыз екенін білеміз. Ал қыз баланың балиғатқа толуын тек 9 жаспен шектеуге болмайды. Қазіргі кезде қыз балалардың физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты 15 жасқа дейін ұзартады.

Исламда орамалдан бұрын білім алу парыз етілген. Сондықтан білім алып, сауатты болу – Ислам дінінің ең басты талабы. Құранда ең алғашқы аят «Оқы» деп түскен. Мысалы, «Жаратқан раббыңның атымен оқы!» (Алақ сүресі, 1-аят).Сонымен қатар, мына аяттарда «Раббым білімімді арттыр!» (Таһа сүресі, 114-аят), «Білетіндер мен білмейтіндер тең бола ма?» (Зүмәр  сүресі, 9-аят) - деп, келтірілген. Тағы бір аятта «Алла Тағала сендердің араларыңда иман келтіргендер мен бойларыңа білім дарытқандардың дәрежесін өсіреді» (Мужәдәлә сүресі, 11-аят).Яғни, бұл жердебілімділердің дәрежесі жоғары екендігін көрсетіп тұр.Хадистердің бірінде «Білім алу – әр бір мұсылман ер кісіге де, әйелге де парыз» - деп, білім іздеудің әйелдерге де тиісті екенін айтқан.

Дiни ceнiмнiң дe қaжeттi мөлшeрi, шeгi болуы тиic. Дiни ceнiм aқыл мeн пaрacaтқa жүгiнгeн жaғдaйдa ғaнa шынaйы дiншiлдiк, дiни мәдeниeт қaлыптacaды. Оcығaн орaй қaзaқ хaлқының дaнышпaны Aбaй Құнaнбaйұлы өзiнiң оныншы қaрa cөзiндe дiнгe қaтыcты ойын былaй бiлдiргeн: «Ғылымcыз оқығaн нaмaз, тұтқaн орaзa, қылғaн хaж, eшбiр ғибaдaт орнынa бaрмaйды». Бұл мәceлeгe қaтыcты Иcлaм дiнiнiң қacиeттi кiтaбы Құрaндa былaй дeйдi: «Олaрдың көпшiлiгi ғылымcыздықтaн құмaрлықпeн жәнe әуecтiкпeн (хaлықты) турa жолдaн тaйдырып aдacтырaды» (Әнғaм сүресі, 119 аят).

Ал қазіргі таңда, мұсылман азаматтары арасынан шариғат ілімдеріне ғана көңіл бөліп, зайырлы білім алуда артта қалып жатқаны өкініш тудырады. Шариғат ілімдерін ғана оқып, әлемнің жаратылыс құпияларын ашатын ғылым-білімге мән бермеу мұсылмандар үшін жат. Ислам дінінің көркейіп дамуы үшін шариғи білімдер қаншалықты қажет болса, ғылым-білімсіз оны жүзеге асыру тіптен мүмкін емес.

Бүгінгі таңда бұл екеуінің арасын бөліп тастау мұсылмандардың  адамзат дамуы көшінен артта қалуына әкеліп соқтырада. Орта ғасырларда Ислам үмбеті ғылымдар дамыған уақыттарда әлемді мойындатты, әлемде ең күшті қуатқа айналды, атақ-даңқтың шегіне жетті.

Сол үшін де, діни білімді ғана алып, ал зайырлы білім алу парыз емес деп есептейтіндер Құранды дұрыс түсінуде білім алу қажет екенін білгендері абзал. Орта ғасырларда нақ осы ғылым-білім арқылы Ислам өркениеті дамуға қол жеткізген. Ислам елдерінде білім алу тек діни ғана емес зайырлы тұрғыда қоса үйретілді. Ерте кезеңде ең танымал ғылыми орталық – ІХ ғасырдың 20 жылдары құрылған Халифа әл-Мамун негізін қалаған Байтул хикма (Даналық үйі) орталығы. Бұдан бөлек көптеген қалаларда ілім-білім дамып, Фес (Морокко) қаласында алғаш заманауи үлгіде университет тұрғызылды. Бұл университетте ерлермен бірге әйелдер де білім алған. Мұнда ғылымның әр түрлі діни, әдеби, жаратылыстану және тағы басқа салалар бойынша пәндер оқытылды. Осы тұрғыда, мектеп қабырғасынан бастап оқытылатын химия, физика, математика, биология және тағы басқа пәндердің барлығы дүниенің құдіретін тануға жол ашады.

Осылайша мұсылмандар ғылымның барлық саласын жоғары деңгейде дамытып, өркениеттің дамуына барынша үлес қосқан. Діни ғылымдар мен басқа ғылымдар үйлесімділік тауып, білім-ғылымның арқасында мұсылман мемлекеттері әлемдегі ең күшті мемлекеттердің бірі саналды. Сондықтан «Зайырлы білім – болашақтың кілті!» - деп, бекер айтпас..

  

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің

«Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру

бөлімінің» маманы      Ш.Досанбаева

0 пікір