Тұғыры биік, егемен мемлекетіміздің өркендеп дамуы халқымыздың бірлігі арқасында екені мәлім. Еліміздің ең үлкен жеткен жетістігі – ел азаматтары арасында ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің нығаюы, халқымыздың бірлігі. Тұғыры биік, тәуелсіз мемлекетіміздің өркендеп дамуы, халқымыздың бірлігі арқасында екені мәлім. Әлемде ұлттар мен ұлыстарды бір шаңырақтың астына біріктіріп, береке-бірліктің маңыздылығын танытып келе жатқан мемлекеттер саусақпен санарлықтай болса, соның ішінде 130-дан астам ұлт пен ұлыстың, 18 конфессия өкілдерінің тату-тәтті, бейбіт, шад-шадман өмір сүріп жатқан Қазақстан бүгінде әлем елдеріне үлгі өнеге деп айтсақ артық болмас. Қазіргі таңда конфессияларға тиесілі 3808 діни бірлестік ел игілігі үшін жұмыс жасап жатыр. 2673 – ислам, проваслав – 343, католик – 83 және т.б. бірлестік-филилалдар жұмыс жасауда.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағында: «Қазақстан Республикасы өзін зайырлы, ашық, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады» делінген. Мемлекетіміз дін саласында барынша ашықтықты, жан-жақтылықты дәріптейтін, діни бірлестіктердің құқықтық тұрғыдан тең екендігіне кепілдік беретін зайырлылық қағидаттарын ұстанады.
Зайырлылық – мемлекет пен діннің бір-бірінен бөлінуі, мемлекеттің әлеуметтік, саяси, және құқықтық негізгі жүйесінің аз да болса діни қағидаларға сүйенбеуін білдіреді. Мемлекет пен зайырлылық ұстанымы ешқандай дінге бөгет жасамайды, тек мемлекеттің дін саласына араласпауы және белгілі бір діни ұстанымға басымдық бермейтініне кепілдік беруі.
Зайырлылық ұғымы дін саласында барынша ашықтықты, анық саясат ұстанатынын көрсетеді. Зайырлылық қағидатына сәйкес, дін мен мемлекет бөлек дегенімізбен дінді қоғамнан, адамнан бөліп алып қарастыра алмаймыз. Қандай заман болмасын адам жүрегінде белгілі бір тылсым күштің бар екенін сезетін тетік бар деп айтсақ артық болмас. Егемен еліміздің аяққа тұрып, басқа да мемлекеттермен иық тіресіп тұруына зайырлылық қағидаттарының да үлесі орасан зор екенін ұмытпауымыз тиіс. Сонымен қатар, қандай дін болмасын адамзаттың құндылығына негізделген, Қазақстан халқының бірлігіне нұқсан келтірмейтін діндерге қарсы еместігін, тиісінше қолдау көрсетілетінін мәлімдеген болатын.
Конфессияаралық келісім – егеменді еліміз Қазақстан халқы үшін өзара түсіністікті қажет ететін қастерлі құндылық. Қандай да бір мемлекеттің дамуы үшін қоғамда ішкі тұрақтылық қажет. Еліміздің мемлекеттік саясаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге негізделген қағидаттарды басшылыққа алады. Сонымен бірге, елдегі қалыптасқан мемлекеттік-конфессиялық қатынастар барлық конфессиялар мен діни топтардың тең құқықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Әр түрлі конфессия өкілдерімен достық қарым-қатынас орнатып, оларға қамқорлық көрсету, толерантты болу адами құндылықтардың шыңы болып табылады. Еліміздің осы сала бойынша жеткен жетістігі жетерлік. Еліміздің тұрақты дамуының кепілі – бейбітшілік пен ынтымақтастықта.
Қазақстан Республикасының 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңында: «Ханафи бағытындағы исламның және православтық христиандықтың халықтың рухани өміріндегі тарихи рөлін мойындайтынымызды» айтылады. Тарих қойнауына көз салсақ, қазақ даласында Ислам діні бастауын VIIІ ғасырдан алып, бүгінгі күнімізге дейін өміршеңдігін жоғалтпай, ұлт болып ұйып отырғанымызға өзіндік ықпалын тигізді. Христиан дінінің православ бағыты да елеулі орындардың бірін алады. Қазақстан жеріне жер аударылған орыстар, украиндер және т.б. ұлт өкілдерінің негізгі діні болып саналды. Осылайша, екі дін Қазақстан халқының бірлігінің артуына айтарлықтай үлес қосуда.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Зайырлы мемлекет пен қоғам бұл – біздің тарихи таңдауымыз. Зайырлы атеистік дегенді білдірмейді. Зайырлы дегеніміз бұл – озық, толерантты, ашық қоғам. Біз дәстүрлі діндерге қолдау көрсетіп, кез келген экстремизм түрін үзілді-кесілді мойындамаймыз» - деп ойын жеткізген болатын. Еліміздің даму жолында зайырлылықтың алатын орны орасан зор. Зайырлылық қағидаттары мемлекеттің баяндылығына, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына қызмет ететін, еліміздің азаматтарының құқықтарын қорғайтын, діни бостандығына кепілдік беретін, заман талабына сәйкес жүйеленген – саяси институт.
Түркістан облысы дін істері басқармасы
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы»
КММ теолог маманы А.Тағай
Қазақстан Республикасының дін саласындағы саясаты
