Олимпиада ойындарының тарихы мен маңызы
Олимпиада ойындарының тарихы мен маңызы
12.08.2024
1226
0

Олимпиада ойындарының шығу тегі Ежелгі Грецияда құдай Зевстің атымен өткізілген мерекелерге негізделген. Спарта патшасы Ликоргостың ұсынысымен б.з.д. 776 жылы Грекияның Олимпия аймағында өткен фестиваль тарихтағы алғашқы Олимпиада ойындары ретінде белгілі. Алғашқы Олимпиада ойындарында жалғыз спорт түрі ғана болған. Ол кейіннен «марафон» деп аталып кеткен – қашықтыққа жүгіру.

Алайда, б.з. 146 жылы грек жерлерін римдіктер басып алғандықтан, ойындар Афинада жалғасты. Б.з. 394 жылы Византия императоры II Феодосий бұл ойындар өткізілетін аймақтарды қиратып, бұл дәстүрді тоқтатты. Біздің дәуіріміздің 522 жылдары болған жер сілкінісі мен су тасқыны салдарынан мерекелік шаралар өткізілген аумақтар қатты зақымданғандықтан, ескі Олимпиада ойындарының іздерінің көпшілігі жойылған.

ХІХ орта тұсында Грекияда Олимпиада ойындарын қайта жандандыру мақсатында біраз әрекеттер жасалды. Сөйтіп, 1859, 1870, 1875 және 1889 жылдары Афинада грек спортшыларының қатысуымен секіру, жүгіру, диск, найза лақтыру, гимнастика сияқты спорт түрлерінен жарыстар өтті. Олимпиада ойындары бүкіл Грекияны біріктіретін, жалпы ұлттық оқиғаға айналды.

1896 жылдың 6 сәуірінде Грекияның астанасы – Афина қаласында қазіргі замандағы тұңғыш Олимпиада ойындарының шымылдығы түрілді.

Тұңғыш рет ұйымдастырылған Олимпиада ойындарынан кейін бұл доданы төрт жылда бір рет өткізіп тұру туралы шешім қабылданады. Олимпиада ойындары аясында әртүрлі елдер мен әртүрлі спорт салаларының қатысушылары Олимпиада комитеті алдын ала белгілеген елдің ірі қалаларының біріне жиналады. Төрткүл дүние көз тігер дода соғыс жылдары кезінде ғана тоқтап қалғанымен, кейіннен өз жалғасын тауып кетті. 

1924 жылы жазғы ойындарымен қатар қысқы Олимпиада ойындары да өткізіле бастады.

Олимпиада ойындарының ресми ұраны «Citius, Altius, Fortius», латын тілінен аударғанда «Тезірек, Жоғарырақ, Күштірек» деген мағынаны білдіреді.

Олимпиада ойындарының символы – әлемнің бес бірдей бөлігінің бірігуін білдіретін бес сақина. Әр бір сақина, бес түрлі құрлықты білдіреді: Жоғары тұрған көк сақина – Еуропаны, қарасы – Африканы, қызылы – Американы білдіреді, ал төмендегі сары сақина – Азияны, жасылы – Аустралия таңбаланған.

Бес сақина үшін таңдалған түстер: көк, қара, қызыл және сары, жасыл түстер әр бір елдің туында бар еді, сондықтан да бұл сақиналар тек қана құрлықтарды емес, әлемдегі барлық елдерін білдіреді.

Қазақстандық спортшылар 1952-1980, 1988 жылдардағы Олимпиада ойындарына КСРО құрама командасы сапында қатысты, 1992 жылы ТМД елдерінің құрамасымен өнер көрсетті. Тәуелсіздік алған соң Қазақстан жеке команда ретінде 1996 жылы АҚШ-тың Атланта қаласында өткен жазғы олимпиада ойындарына қатысты. Қоржынға 3-алтын, 4-күміс, 4-қола медаль түсті, бұл тәжірибесі аз жас мемлекеттің үлкен табысы болатын.

1998 жылы Жапонияның Нагано қаласында өткен қысқы олимпиада ойындарынан Қазақстан 2-қола жүлделі болды. 2000 жылы Аустралияның Сидней  қаласында өткен жазғы олимпиада ойындарынан 3-алтын, 4-күміс жүлде; 2002 жылы АҚШ-тың Солт-Лейк Ситиде өткен қысқы олимпиада ойындарынан жүлде ала алмады; 2004 жылы Греция астанасы Афинада өткен жазғы олимпиада ойындарынан 1-алтын, 4-күміс, 3-қола жүлде; 2006 жылы Италияның Турин қаласында өткен қысқы олимпиада ойындарынан жүлде ала алмады; 2008 жылы Қытай астанасы Бейжін қаласында өткен жазғы олимпиада ойындарынан 2-алтын, 3-күміс, 4-қола жүлде; 2010 жылы Канаданың Ванкувер қаласында өткен қысқы олимпиада ойындарынан 1-күміс жүлде; 2012 жылы Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында өткен жазғы олимпиада ойындарынан 3-алтын, 1-күміс, 7-қола жүлде; 2014 жылы Ресейдің Сочи қаласында өткен қысқы олимпиада ойындарынан 1-қола жүлде; 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен жазғы олимпиада ойындарынан 2-алтын, 5-күміс, 10-қола жүлде; 2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өткен қысқы олимпиада ойындарынан 1-қола жүлде; 2020 жылы Жапония астанасы Токио қаласында өткен жазғы олимпиада ойындарынан 8-қола жүлде; 2022 жылы Қытай астанасы Бейжін қаласында өткен қысқы олимпиада ойындарынан жүлде ала алмады;

Ағымдағы 2024 жылдың 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Францияның астанасы Парижде өткен  жазғы олимпиада ойындарына Қазақстанда қатысты. Бұл жазғы олимпиада ойындарында ел құрамасының сегізінші рет өнер көрсетуі, 1-алтын, 3-күміс, 3-қола жүлдеге ие болды.

Қазіргі таңда, Қазақстан барлығы 8 жазғы және 7 қысқы Олимпиада ойындарына қатысып, жалпы 83 медаль жеңіп алған: олардың 78 жазғы және 5 қысқы Олимпиада кезінде.

Олимпиада ойындары: тіліне, дініне, нәсіліне қарамастан әртүрлі елдердің спортшыларын біріктіреді. Белгілі бір стандарттар мен ережелер бар бұл ұйымда адалдық, бауырмалдық және барлық айырмашылықтармен бірге болудың маңыздылығына баса назар аударылады.

Олимпиада ойындары спорттық іс-шараларды әмбебап өлшемге жеткізу және олардың дамуын қамтамасыз ету тұрғысынан өте маңызды ұйым болып табылады. Олимпиаданың басты мақсаттарының бірі – жаңа және болашақ ұрпақтың спортқа деген ынталы қасиетінің арқасында қызығушылығын арттыру.

Бүгінгі таңда Олимпиаданың экономикалық жағы да өте маңызды. Бұл алпауыт ойынды өткізетін елдер теледидарлық хабарлардан да, туристік қызметтен де айтарлықтай табыс табады. Сонымен қатар, Олимпиаданы өткізетін елдер: құрылымы, инфрақұрылымы, мәдениеті мен туризмі жағынан қарқынды даму мүмкіндігін табумен бірге, халықаралық имиджін де нығайтады.

Түркістан облысы дін істері

басқармасының «Дін мәселелерін

зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы                         Айдана Сейдуәлі

0 пікір