Мемлекет пен дін қарым-қатынасы туралы мәселе күрделі әрі жан-жақты. Адамзаттың барлық саяси тарихы, біріншіден, дін мен мемлекет арасындағы билік үшін күрес ретінде көрінсе, екінші жағынан, мемлекет пен дін арасындағы өзара тиімділік ынтымақтастығымен көрінеді. Адамзат өркениеті тарихында түрлі мемлекеттік билікті қажет ететін одақтастықтар бар.
Мемлекет пен дін арасындағы ынтымақтастық төмендегідей түрлі формада көрінуі мүмкін:
– мемлекет пен дін арасындағы конкордаттар мен келісімдер формасы;
– мемлекеттік заңды реттеуші діндермен ынтымақтастық формасы;
– мемлекетте екі жақты немесе бір жақты жүйенің болуы. (мысалы, Италияда мемлекет пен негізгі діндер арасындағы ынтымақтастық келісімдер мен конкордаттар арқылы реттеліп отырады).
Мемлекеттік билік күрделі баламаның қарсаңында тұр: теңдік қағидасын бұза отырып, діни топтарды нтымақтастықтың барлық түрлерінен шығару немесе барлық діни топтармен ымырада болып, олардың дінді ұстану еркіндігі мен өз діни жазбаларында әйел мен еркек арасындағы теңдікті жоққа шығарушы ұйымдармен қызметтес болу.
Мемлекет пен діннің ортақ мақсаты – адам абыройын, ар-намысын сақтау, адамгершілік нормаларының қоғамдық сана мен болмыста терең тамыр алуының алғышарттарына негіз қалау. Адамгершіліктің асыл мұраты алдымен діни қағидаттарда, кейіннен заң нормаларында көрініс тапқаны белгілі. Моральдық-этикалық ұстанымдар – діннің ажырамас бір бөлігі. Діни канондар жинағы (қасиетті ұстанымдар, ережелер) адамзат дамуының алғашқы кезеңінен бастап қоғамдық қатынастарды реттейтін негізгі жүйе болды. Әлемдік діндер – иудаизм, христианшылдық, буддизм, ислам қоғамның рухани және адамгершілік өміріне ғана емес, сондай-ақ құқықтық жүйелерінің дамуына да зор үлес косты. Мысалы, христиан діні, христианшылдықтың діни моральдық канондары ұзақ уақыт бойы әлем халықтарының бір бөлігінің қоғамдық өміріне зор ықпал етті.
Библия, Құран, Талмуд сияқты қасиетті кітаптарда діни қағидаттармен қатар жалпы адамгершілік нормалары да көрініс тапқан. Мысалы, Библиядағы Мұса уағызындағы өсиеттерде адамдардың тұрмысына қатысты қабылданған адамгершілік нормалары мен талаптары жөнінде айтылады. «Мұса заңдарында» алты күн көлемінде еңбектеніп, жетінші күні демалудың қажеттілігі, сондай-ақ ата-ананы құрметтеу, кісі өлтіруге, ұрлық жасауға, жалған куәгерлікке тыйым салу, көре алмаушылықты айыптау талаптары белгіленген.
Зайырлы мемлекет азаматтық қоғамның құрамдас элементі ретіндегі діни бірлестіктердің қызметінде реттеп отырады. Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы заңының 3-бабының 5-тармағында «Азаматтардың дінге көзқарасына байланысты олардың азаматтық құқықтарының бұзылуына, діни қызметіне заңсыз кедергі келтіруге немесе олардың діни сезімдерін қорлауға, қандай да бір дiндi ұстанушылар қадiр тұтатын заттарды, құрылыстар мен орындарды қорлауға жол берілмейді» деп атап көрсетілген.
Мемлекет пен дін қарым-қатынасын шетелдік тәжірибемен қарайтын болсақ, шығыстық, американдық және батыс еуропалық деп үшке бөліп қарастыруға болады.
Шығыс үлгісі мемлекеттегі діншілдікті жариялау басқа діндердің «болмашы» мемлекеттегі діннің билігін қолдауды жөн көреді. Мемлекеттік реттеулердің белгілері мынадай: мәртебені заңды түрде күшейту, барлық шығындарды мемлекеттік тұрғыда қаржыландыру, дін істерін мемлекеттік шенеуніктермен басқару, мемлекеттік шараларда дін үстемдігін белсендендіру.
Мемлекет пен дін қатынасындағы американдық үлгі мемлекеттен діни бірлестіктердің алшақ болуы барлық конфессия теңдігін қамтамасыз ететін мемлекет пен дін арасындағы қабырғаны орнатуды талап етеді.
Батыс еуропалық үлгі мәні жағынан «қауымдастық» болып табылады: мемлекет азаматтық құқықтар негізіндегі «конституциялық минимумды» қамтамасыз ететін діндермен қызметтес болып, дәстүрлі діндерді қорғауға өзіне алады. Мемлекет пен діннің қатынасындағы аталмыш үш үлгі Қазақстанның менталитетіне қарамастан, дәстүрі мен тамыры бойынша шығыс елдерімен үндес келеді. Ал дінді тұту жағынан исламға негізделген мұсылман мемлекеті болып саналады. Қай жағынан алып қарасақ та, Қазақстан батыс еуропалық үлгілерге де жатады. Қазақстан келешек зиялы мемлекет ретінде діни бірлестіктерден алыстатылып, бейтараптылықты ұстанады. Бірақ төзімділік пен диалог принципін негіздей отырып, басқа діни құрылымдармен өз қатынасын құра алды.
Бүгінгі күні бұрын талқыға түспеген саяси күрес мәселесі қатаң бақылануда. Көбінесе бұл заңдық қорғау бақталастармен күресте болған тарихи немесе дәстүрлі діндердің артықшылығын көрсету болып табылады. Дәстүрлі емес және шетелдік діни институттарды қатаң шектеу, мемлекеттердегі діннің қызығушылығын қамтамасыз ететін үдерісте «діннің көбі» өз алдында өзгеше. Бұл күрес ұлттық, этникалық және діни сәйкестік мәселелері кең көлемдегі күрес болып қалды.
Қазіргі таңда мемлекет пен діни ұйымдардың қарым-қатынастарын реттеудің кеңінен таралған екі құқықтық дәстүрі қалыптасты: олар американдық және еуропалық.
Американдық дәстүрдің өзінің негізгі тамырлары еуропалық саяси философия мен ағартушылық кезеңнен басталғанына қарамастан, американдық құқықтық дәстүр мүлде басқа бағытпен дамиды. Мемлекет пен діни ұйымдар арасындағы американдық құқықтық дәстүріне сәйкес, мемлекет діни ұйымдардан қатаң бөлінген, қоғамдық кеңістікте мемлекет бір де бір дінге қолдау көрсетпейді және қоғамдық салалардың бір де бірінде қарым-қатынасқа түспейді. Дегенмен, барлық діндер мен ұйымдарға қоғамдық кеңістікте қызмет етуіне кең және тең дәрежеде құқықтар берілген, діни сенім бостандығына басты назар аударылады.
Жалпы, батыс елдеріндегі мемлекет-шіркеу арасындағы қатынастардың мазмұны мен діни сенім бостандығы жөніндегі теориялар, концепциялар мен тәсілдемелер ағартушылық кезеңдегі либералды және әр қоғамдағы консервативті күштердің идеологиялық күресінің нәтижесі болып табылады.
Қорыта келе Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХҮ-ші сессиясында сөйлеген сөзінде атап өткендей, «Қазақстанда діндердің заңнамалық теңдігі мен үнқатысуы қағидаттары мызғымайды. Сонымен қатар мемлекет жалған-діни бірлестіктердің қызметіне қарсы тұратын болады. Мұнда еліміздегі барлық діни бірлестіктердің белсенді ұстанымы қажет етіледі».
Түркістан облысының дін істері басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің
теолог маманы Б.Өтеген
Мемлекет пен діни ұйымдар қарым-қатынасы