Діни фанатизм
Діни фанатизм
22.02.2021
1647
0

Қазақ халқы дінге деген байыпты ұстанымымен ерекшеленген халық. Біздің ұстанған жолымызда дін мен салт-сана өзара үйлесім тауып, сабақтасқан. Тарих беттерін парақтап қарайтын болсақ, қазақ жерінде діни негіздегі қақтығыстардың болмағанын көреміз. Ал бұл күндері өз идеяларын абсолютті ақиқат ретінде санаушы дәстүрлі емес діни ағымдардың әсерінен діни негіздегі бөлінушілік көбейе түсті. Деструктивті топтардың кері бағыттағы идеялары әсерінен Қазақстанның діни алаңында фанаттар қатары пайда болды.

Фанатизм (лат. Fanaticus – булыққан, буырқанған) – жанкештілік пен бірбеткейлікке салынып, ақиқаттылығына қарамастан ешкімнің көзқарасына құлақ салмай, соқыр сенімге еліктеу. Бұл – ислам дініне жат әрі қабылданбайтын сипат. Құрандағы бірқатар аяттар мен хадистер ислам дінін ұстанушы мұсылманды ағымдардың тар шеңберінде шектеліп қалмай, кең көзқараста болуды, айналасындағы құбылыстарды зерттеп, Құдайдың құдыретін тануға үндейді. Алайда, бұл ақиқаттарды тану үшін белгілі діни білім қажет. Өкінішке орай, тәңір мен сенім туралы білімді аңсап, ізденген отандастарымызды тура жолдан экстремистік бағытты насихаттайтын топтар өкілдері тайдыруды көздеуде.

Қоғамда кездесетін діни фанатизмнің ең қауіпті жағы, ол – радикалды әрі агрессиялық пікірде бекем тұрып, өзгелердің көзқарасын жоққа шығарып, қабылдамау. Мысалы, соңғы уақытта елді үрейлендірген «ұлы жихад» (үлкен күрес) терминін діни тұрғыдан жастарымызға деструктивті ағымдарда «қолға қару алып немесе өзін-өзі жару арқылы жасалатын күрес» деп түсіндірілсе, фанатизммен іске кіріскендерді дін мамандарына тоқтату қиындыққа соқты.Тіпті, шариғаттың негізі болған Құран мен хадистен дәлел келтіріп, ұстанған сенімдері қате, шынында үлкен күрес олардың ойлағандарындай емес, керісінше, «өз нәпсіңмен күресу» екендігін сендіру оңайлыққа соқпайды. Өйткені, әуелден ақиқаттан хабары жоқтарға бұл жалған ой әбден насихатталып, саналарына сіңіп қоймай, бұрмаланып фанатизмге айналдырылған.

Елімізде қазіргі таңда фанатизмнің екі түрі байқалып отыр. Бірі – қазақтың сал-дәстүрі мен дінді ажырата алмай, шаманизм мен тотемизмнен қалған әдеттерді орындай жүру болса, екіншісі – оған қарама-қайшылық жағдайда туындаған – дәстүрімізді шетке ысырып тастап, ағымдар насихаттаған діни үкімдермен қарым-қатынас жасап өмір сүру. Екеуі де біздің жағдайымызға сай келер емес. Қоғамымыздың рухани дүниесінің алға қарай дамуына үлес қосқаны үшін әрі тарихымызда қалыптасқан соң, халқымыздың дәстүрлі ислам дінінен бас тартып, діни ағымға берілгені жөн болмағандай, салтымыздан толығымен айырылғанымыз да дұрыс болмас. Осы екі тәсілге кіріскен адам анық қателік жасаған болады. Өйткені, деструктивті ағымға берілу экстремизм мен терроризмге алып келері айдан анық болса, белгілі бір ұлттың дәстүрін ғана қоштау иман мен ислами санадан алыстатуы мүмкін.

Діни ағымдардағы cананы бақылау әдіcтeрі діни фанат тұлғаcын өcіріп шығаратын алғышарт бoлып табылады. Өйткeні адам балаcы өміргe бeйімдeлe баcтаған cәтіндe бірдeн фанат бoлып кeтпeйді. Oның ұраншыл, төзімcіз ceнуші бoлып кeтуінe харизматикалық лидeрлeрдің жалынды cөздeрі, oлардың бeргeн бағыт-бағдары, кітаптары т.б. әсер етеді Діни фанатизмге еліккен жандардың бойында психологиялық жағынан өзгешіліктер болады. Нақтырақ айтқанда ол тұлғаларға мінeз акцeнтуацияcы құбылысы тән. Мінeз акцeнтуацияcы дeгeніміз – адам бoйындағы мінeз-құлықтың қандай да бір cипатының баcым түрдe көрініc бeруі жәнe бeлгілі бір адамның даралық eрeкшeлігі рeтіндe байқалуы.

Деструктивті діни ұйымдардың діни фанаттарды әзірлеуі бірнеше кезеңнен өтеді. Бұл діни ұйымдар өз қатарларына жаңа мүшелерді тартқан кезде оларға «сананы тазарту» операциясын жүргізеді. Яғни тұлғаның өткен өмірін толық ұмыттырып, оған деструктивті ұйымның идеологиясын сіңіру жұмысы басталады. Теріс бағыттағы діни ұйымға кірген азамат жаңа ортаның талаптарын бұлжытпай орындай бастайды. Тұлғаны өздeрінe тoлықтай тәуeлді eту – деструктивті діни ұйымдардың баcты мақcаты. Діни фанат, өзі ұcтанған діннің нoрмаларына қайшы кeлeтін пікірлeр мeн ұcтанымдардың кeз-кeлгeнінe төзімcіздік көрceтeді. Фанат мeмлeкeттік заңға да, бeдeлді тұлғалардың пікірінe дe қарcы шығады. Oл агрeccиялы эмoцияға бeріліп, өз идeяcын қoрғау үшін пcихoлoгиялық күрecкe түceді. Діни фанатизмгe бoй алдырған азаматтардың көзқараcы мeмлeкeттің мүддecінe, ұлттық cана-ceзімгe қарама-қайшы кeлeді. Oлар өз өмірлeрінeн патриотизмді, cаяcи бeлceнділікті ыcырып, деструктивті діни идеяларды нeгізгі құндылыққа айналдырады. Фанаттың мақcаты айналасындағы қоршаған oртаны өзінің утoпиялық идeалдарына нeгіздeп, өзгeрту. Мәселен, ДАИШ ұйымы жақтастары «Ислам мемлекетін орнатамыз» деген желеумен Сирия, Ирак аумағындағы қанды қырғын жүргізіп, сан мыңдаған адамның жарық дүниемен қоштасып, миллиондаған адамның отанын тастап, босып кетуіне себепкер болды. ДАИШ мұнымен тоқтамай, Сирия, Ирак аумағындағы ежелгі өркениет ескеркіштерін де қиратып, вандалдық әрекеттерге барды.

         Діни іліммен сусындау барысында жастарымыздың Жаратушыға деген кіршіксіз сенімнің қырып-жойған діни фанатизмге алмасуына жол берген жағдайда діни қауіпсіздікпен қатар ұлт қауіпсіздігін қауіп-қатерге ұшыратамыз. Бұл мәселенің бірден-бір шешім жолы деструктивті ағымдардың насихаттау жолдарын тыю мен дәстүрлі ислам дінін уағыздау арқылы сенімге деген оң көзқарасты жаңғыртып, қалыптастыру әрі дін жайында халықты сауаттандыру. Мешіттегі имамдардың айтқан уағыз-насихаттарына ұлттың болашағы болатын жастарымыз құлақ асып тыңдап, Елбасы айтқандай, жұртымызға жат болған ағымдардың арбауына қарсы тұратын ішкі «сүзгіні» нығайту. Ол үшін бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.

 

Түркістан облысы 

«Дін мәселелер зерттеу орталғы»

дінтанушы маманы                                                                         Б.Абдрахман

0 пікір