Дін саласындағы мемлекеттік саясатты БАҚ-та ақпараттандырудың ерекшеліктері
Дін саласындағы мемлекеттік саясатты БАҚ-та ақпараттандырудың ерекшеліктері
17.02.2020
1727
0

          Дін саласындағы мемлекеттік саясатты өз деңгейінде жүргізу бағытында бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалы зор. Алайда, осы бағытта біршама жұмыстар атқару қажет. Жалпы алғанда, бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттің қоғамдық – саяси өмірінде өте маңызды орынды иеленеді. БАҚ-тың мәлімет таратудың ортасы ғана емес, халықтың санасына әсер ететін  күшін, қоғамдық – саяси, діни бағыттағы мәселелердің ықпалын негізге ала отырып, заңға қайшы келетін, қоғамда жағымсыз әсер қалдыратын, дінаралық немесе конфессияаралық түсінбеушілікке әкелетін жарияланымдарды ажырата білу өте маңызды.                                                           Ақпараттық технология дамыған заманда жаңалықтар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жылдам әрі тез тарау үстінде. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндірудегі бұқаралық ақпарат құралдарына қойылатын басты талап – Қазақстанның зайырлы қағидаттарын халыққа жеткізу, мемлекеттік саясаттың дін саласындағы заңдарын түсіндіру, дәстүр мен діннің байланысын жеткізу, теріс діни ұйымдардың алдын алу болып табылады.

          Дін саласы БАҚ тарапынан тиісті деңгейде жазылмауда. Орын алған жағдайлардың ақиқаты дұрыс жеткізілмегендіктен мәселенің шешімі табылмай қиындық туындайды. Қазіргі таңда, жыл санап дін саласындағы жарияланымдар, ақпараттар саны артуда. Бұл дін бағытындағы мәселелердің өзектілігі тұрғысынан БАҚ-тың орнын көрсетті деуге болады. Дегенмен, БАҚ-та жарияланған мақалалардың дұрыс жазылмауы салдарынан халыққа діни ақпарат дұрыс жеткізілмеуі мүмкін. Осы тұрғыда, Дін істері комитеті тарапынан әдістемелік құрал дайындалған.

          Әдістемелік құралда дін саласы мемлекеттік саясатты түсіндіру бойынша мынадай бағыттарды ұсынады:

-      Дін саласындағы жарияланымдардың тақырыбын дұрыс қоя білу;

-      Діни терминдерді дұрыс қолдана білу;

-      Расталған ақпараттарды қолдану, жариялау.

          Газет, журнал, телеарна және т.б БАҚ түрлері дін саласындағы тақырыптарды сараптап, зерделеп, ресми мәлметтерді пайдалана отырып жариялағаны жөн. Осы орайда, БАҚ-қа, жалпы дін саласында ақпарат тартушыларға қойылатын жауапкершілік зор. Елімізде күн санап діни ахуалдың тұрақтылығына кері әсерін тигізетін  факторлар көбеюде. Бұл жағдай теріс діни ағымдардың ықпалынан туындап отыр. Қазіргі кезде, жастардың дінге бет бұруының белсенділігін ескерсек, біз БАҚ-пен бірлесе отырып біршама жұмыстар атқаруымыз керек.  Дін саласы нәзік болғандықтан баршамыздан жауапкершілікті талап етеді.  

          Дін саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттандыруға төменде көрсетілген бағыттар кіреді:

-        дін саласындағы ақпараттық түсіндіру бойынша облыс көлемінде жүргізіліп жатқан шаралар; 

-        шетелде діни білім алу, хиджаб мәселесі, зайырлы білім алу;

-        зайырлы қоғам құндылықтарын насихаттау;

-        ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы жүргізіліп жатқан шараларды ақпараттандыру;

-        мемлекеттің дін саласындағы өзекті мәселелері бойынша жарияланымдар.

          Сонымен қатар, мемлекеттің дін саясатын түсіндіру бағытында жазылған жарияланым, мақалалар ешбір дінге басымдық берілмей жазылу қажет. Әсіресе, мемлекеттік қызметшілер бір жақтама насихаттау бағытында жазбауы тиіс. Бұл туралы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 10-бап, 5-тармағында «Лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партиялар, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға тиіс», ал «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығының 2-бөлім, 6-тармағында «Мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде басшы лауазымдарды атқаратындар, ұжымда өз діни көзқарасын ашық көрсете алмайды, бағынысты қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлей алмайды», - деп көрсетілген. Сондықтан діни тақырыпты жариялауда объективті болу керек және қоғамға біржақты пікір білдірілмеуі тиіс.                                                         Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын құралдың бірі – бұқаралық ақпарат құралдары. Сондықтан, аталған бағытта жоғарыда көрсетілген ұсыныстарды ескере отырып ақпараттандырар болсақ қателеспейтін боламыз деген ойдамын.

 

 

 

Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ

«Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру

және үйлестіру» бөлімінің маманы     А.Сейдрахман

0 пікір