Әбу Ханифаның үкім шығаруда ерекше қабілеті

13.02.2019
863
0

Ғұламалар арасында орны бір төбе Имам Ағзамның бойында жақсы қасиеттер жетерлік еді. Ол бәрінен бұрын хақ пен ақиқатқа жаны ғашық ғалым болатын. Әрдайым туралыққа жету үшін жанын салып, ұзақты барлай алатын зеректігімен, тапқырлығымен ерекшеленетін. Әбу Ханифа күрделі мәселелерде оңтайлы әрі әділ шешім шығару қасиетімен ерекшеленіп, құқықтық мәселелерге қатысты үкім шығаруда да зеректігімен танымал болған.

Әбу Юсуфтың айтуы бойынша, біреу екінші бір адамға Әй, зинақордан туған бала! деп тіл тигізді әрі баланың әке-шешесі дүние салған делік. Бұл жағдайда Әбу Ханифа: «Оған бір ғана жаза (дүре соғу) беріледі. Өйткені, айтылған сөз біреу-ақ» деп өз үкімін білдірген. Әбу Юсуф бұл туралы «Біз осыны ұстанамыз. Ол сөзді бөліп-бөліп айтса да, бірге айтса да оған бір ғана жаза беріледі» дейді. Ал Ибн Әбу Ләйла: «Бұл жағдайда екі жаза бір мезгілде беріліп, бір жерде орындалады» деп, ол

жазаны мешітте бергізген.

Имам Сарахси бұл оқиғаны кітабында кеңірек баяндап былай дейді: Куфада ақыл-есі ауысқан бір әйел бар еді. Біреу соған зорлық көрсетіпті. Әлгі әйел оған: Әй, зинақор ата-анадан туған бала дейді күйіне сөйлеп. Әйелді сол кездегі сот төрағасы Ибн Әбу Ләйланың алдына алып келеді. Әйел айтқандарын мойнына алады. Сот төрағасы оған жазаның бір түрін екі мәрте тағайындайды. Бұл жағдай Әбу Ханифаға жеткенде ол: «Жеті жерден сүрінген екен» деп, сот төрағасының қателіктерін былайша тізіп шығады:

1. Үкім ақыл-есі дұрыс емес әйелдің мойындауына негізделіп берілген. Алайда, оның мойындауы қабылданбайды.

2. Ақыл-есі дұрыс емес адамға жаза берілген. Ақыл-есі дұрыс еместер жазаға тартылатындардың қатарына жатпайды.

3. Екі бірдей жаза берген екен. Бірақ, бір адамкөпшілікке жала жапса да, оған бір ғана жазаберіледі.

4. Екі жазаны бірдей орындаған екен. Егер екі жазаберу үкімі шыққан күннің өзінде де, бірдей екі жаза бірмезгілде, яғни, бірінен кейін бірі іле-шала орындалмайды. Әуелгі дүре соғылған жердің жарасы жазылғандағана барып осындай жаза қолданылады.

5. Дүрені мешітте соқтырған екен. Негізінде, басшының дүрені мешітте соқтыруға хақысы жоқ.

6. Тұрғызып қойып дүрелеген. Әйел адамға дүрені отырғызып қойып соғады.

7. Дүре соғылған кезде оның уәлиі (қамқоршысы: әкесі немесе оның басқа туыстары) қасында болмаған.

Әйел адамға дүре соғылған кезде қасында қамқоршысы болуы тиіс. Өйткені, киімі түріліп тәні көрініп қалған жағдайда, ашылып қалған жерін қымтап отырады». Міне, осы оқиға Куфада «Әділ қазы жеті жерде қателескен үкім» деген атпен ел аузында кеңінен тарап кетті.

«Ханафи мазхабы – ұлттық құндылықтарымыздың ұстыны» кітабының 50-бетінен алынды. Авторлар Мәди Бесбаев, Медет Халықов

0 пікір