2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялады. 1-наурыз жалпыұлттық мереке – Алғыс айту күні. Бұл мереке біздің ортақ тарихымыздың символы, Қазақстан халқының ұлтаралық бірлігінің, құрметі мен ынтымағының күні. Бұл Ұлы Дала елінің ұлағатты өткеніне құрмет, Мәңгілік Елдің бүгініне және Болашағы біртұтас елдің ертеңіне деген сенім. Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген айрықша мереке – елімізде тыныштық, сенімділік пен бүкіл қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған салтанатты күн. Сонымен қатар, ата-ана, туыс-бауырға шынайы сезіммен ризашылық білдіретін күн. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен бекітілген Алғыс айту күні – бейбітшілік пен келісімнің мемлекеттік саясаттың жарқын көрінісіне айналды.
Бұл күннің тарихына тоқталар болсақ, өткен ғасырлардағы тағдырдың жазуымен елге келген өзге этнос өкілдеріне кең құшағын жайып, бауырына тартты.Столыпин реформасы кезінде елге тұтас этностар көшірілді. Түрлі этнос өкілдері вагондармен ашық далаға әкелініп тасталды. Онсыз да күнін әрең көріп отырған қазақ отбасылары оларды үйіне кіргізіп, қамқорлық көрсетті. XX ғасырдың басында Қазақстанға көптеген елдерден миллиондаған адамдар келген. Ал 1930 жылдары ұжымдастыру барысында 250 мың шаруа жер аударылып, тағы 1,2 миллионға тарта адам өнеркәсіп нысандарын тұрғызу үшін қоныс аударған. Олардың бәрі Қазақстанға келіп орнығып, қиын кезеңдерді қазақ халқымен бірге жеңіп шықты. Осылайша Қазақстанда жаңа мереке пайда болды. Бұл күннің астарында қазақ халқының бауырмалдығы мен мейірімділігіне ризашылық білдіру жатыр.
Еліміздің сындарлы саясатының арқасында ел ішінде қалыптасқан өзара түсіністік пен бір-біріне деген қолдауы біздің еліміздің, қазақстандық үлкен отбасының рухани қағидаты болып қалыптасты. Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы миллиондаған адамдардың өз ұлттық ерекшеліктері сақтаған, қайырымдылығы мен кеңпейілдігі, даналығы мен қонақжайлығы арқылы танылған. Қиын-қыстау жағдайда бір-біріне қол ұшын созып, көмек көрсету – қазақ халқына тән қасиет. Осындай дүниетанымның негізінде адамдардың бір-біріне деген шынайы құрметі қалыптасқан. Отанымыздың тарихы мен жинақтаған тәжірибесінен адал ниет пен шынайы ризашылықтың көптеген дәлелдерін көруге болады. Мыңдаған жылдар бойы миллиондаған тағдырлардың тоғысуы, жүздеген ұлттардың өзара араласуы, дәстүрлері мен өмірлік ұстанымдарының үйлесуі, қайталанбас рухани және бірегей мәдениеті қалыптасқан ұлт болып бірігіп, қуатты, еңселі ел болуымызға негіз болды.
Алғыс айту күні, Қазақстан халқына тән қасиеттер – патриотизм, абырой мен әділдік, құрмет пен ізгілік серпін алады. Бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған салтанатты күн. Бұл-тағдырдың жазуымен қазақ жеріне еріксіз қоныс аударған көптеген этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына үлкен құрметтің белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен қиыншылықты бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың үлгісіне айналды. Бұл күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпұлтты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні. Алғыс айту күні – әлеуметтік ынтымақты және өзара бір-біріне көмек көрсету күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында қазақ халқының өзге ұлт өкілдеріне көрсеткен мейрімділігі, өздерінде болған дүниесімен бөлісу, көмек көрсету сияқты рухани дәстүрлер күні. Алғыс айту күні қазақстандық отансүйгіштіктің, достық пен бірлігіміздің жарқын күні. Өйткені 100-ден аса ұлттың әрқайсысы өзінің қайталанбас ізін салуының нәтижесінде біртұтас ұлт бірегей артықшылықтар иесіне айналды.
Алғыс айту күнінің негізгі мақсаты – жас ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда ұлтаралық келісім мен қарым-қатынасты нығайту.
Жалпы бұл айтулы күнді тек қана қазақ халқы ғана емес, сонымен қатар, АҚШ және Канада халықтары да атап өтеді. Бұл мерекені АҚШ және Канада халықтары қараша айының әрбір аптасының бейсенбі күнінде атап өтеді. Джордж Вашингтон алғыс айту күнін 1789 жылы «Ұлттық мереке» деп жариялаған болатын. Бұл күні барлық отбасы міндетті түрде бір дастарқанда бас қосып, туыстарына жақсылық жасауға асығады, жақындарын қуанту үшін түрлі сыйлықтар ұсынып отырады.
Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, дінтану мамандығының 4 курс студенті Шамсиева Азиза
1-наурыз алғыс айту күні