Радикалданған тұлғаның психологиялық ерекшеліктері
Радикалданған тұлғаның психологиялық ерекшеліктері
18.04.2025
46
0

 

Әлемде діни радикализм мен экстремизм мәселесі күн өткен сайын өзектілігін арттырып келеді. Бұл құбылыстың негізінде тек діни түсініктің бұрмалануы ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік, психологиялық және мәдени факторлардың тоғысуы жатыр. Радикалданған тұлғалар көбіне өздерін шынайы дінді ұстанушы деп есептеп, қоғаммен, отбасымен, тіпті мемлекеттің діни институттарымен де қарсы пікірде болады. Осындай адамдармен жұмыс жасау – аса күрделі әрі нәзік процесс. Бұл істе теолог маманның орны ерекше. Теолог – тек білім беруші емес, сондай-ақ рухани қолдаушы, бағыт көрсетуші және сенімді сұхбаттасушы. Сондықтан радикалданған тұлғалармен жұмыс жүргізудегі теологтың рөлін, әдіс-тәсілдерін жүйелі түрде зерттеп, нақты практикалық нұсқаулық әзірлеу – қазіргі қоғамның маңызды сұраныстарының бірі.

 

Мұндай тұлғалар әлемді «ақ» және «қара», «дұрыс» және «қате» деп қабылдайды. Орта жолды немесе балама көзқарастарды мойындамайды.

 

Әлеуметтік әділетсіздікке, моральдық құндылықтардың жоғалуына төзімсіздік танытып, оны түзетудің жалғыз жолы ретінде радикалды әрекеттерді көреді. сол себепті жеке өміріндегі сәтсіздіктерді немесе қоғамдағы мәселелерді өз бетімен шеше алмау – адамды сыртқы күшке немесе топқа сенуге итермелейді. Мемлекетке, билікке, БАҚ-қа және дәстүрлі дін өкілдеріне сенбейді

 

Радикалданған тұлғаның психологиялық ерекшеліктері мен өзгешеліктері көбінесе оның ойлау жүйесі, эмоциялық жағдайы, мінез-құлқы және әлеуметтік қатынастарында көрініс табады. Төменде радикалданған адамнан жиі байқалатын психологиялық сипаттамалар берілген:

 

         •        Ашушаң, агрессивті, күйзеліске бейім болуы:

 

•        Қоғамдық нормалар мен моральдық ережелерді жоққа шығаруы;

 

•        Қарсы пікірді тыңдамайды, қабылдамайды, ақпаратты тек біржақты қабылдайды;

 

•        Қоғамнан алыстап, бұрынғы достарымен араласудан бас тартады, «өз тобындағы» адамдармен ғана байланыс орнатады.

 

Бұл сипаттардан байқайтынымыз, радикалданған тұлғаның эмоционалдық әлемі көбіне тұрақсыз, өткір және терең сезімдермен сипатталады. Эмоциялар оның мінез-құлқы мен қабылдауына тікелей әсер етеді. Ол көбіне қоғамға, билікке, тіпті өз ортасына да ішкі ашуын ұстап жүреді. Бұл ашу жинақталып, бір сәтте агрессия түрінде сыртқа шығуы мүмкін. Оның агрессиясы нақты бір адамға емес, жүйеге, өмірге деген наразылықтың көрінісі болуы ықтимал.

 

Радикалданған тұлғалармен оңалту (реабилитация) жұмыстары – бұл терең әрі жүйелі психологиялық, идеологиялық және әлеуметтік қолдауды қажет ететін процесс. Олардың радикалды көзқарастарын өзгертіп, бейбіт қоғамға бейімдеу үшін бірнеше бағытта жұмыс жүргізіледі.

 

Олармен жұмыс жасауда теологтардың рөлі ерекше маңызды. Олар тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар рухани жетекші, тыңдаушы, кеңесші және сенімді тұлға ретінде әрекет етеді. Теологтар мен діни ғалымдар радикалды діни түсініктерге түзету енгізеді. Олар Құран мен сүннетке сүйене отырып, қате түсініктерді әшкерелейді.

 

Теологтың жеке дара атқаратын жұмыстары төмендегідей:

 

         •        Ашық, сабырлы, еш айыптаусыз, диалог арқылы сенімге кіріп, адамның ішкі дүниесін зерттейді;

 

         •        Тек «үкім» бермей, түсінісу мен жүрекке жол табу маңызды;

 

         •        Дін мен адамның арасындағы рухани байланысты қалпына келтіреді;

 

         •        Құндылықтарды қайтадан қалыптастыруға ықпал етеді (сабыр, мейірім, кешірім, әділет);

 

         •        Қазақтың діни-рухани мұраларын таныстырып, өз болмысын тануға жол ашады;

 

•        Дін негіздерін, мазхаб ұстанымын, ислам тарихын, шариғат қағидаларын қадамдап үйретеді.

 

Радикалданған тұлғалармен жұмыс – тек діни не психологиялық мәселе емес, кешенді әлеуметтік құбылыс. Сондықтан, қосымша мынадай кеңейтілген ұсыныстарды назарға алған жөн:

 

  • Теологтардың өздерінің үздіксіз дамуы;
  • Діни сауаттылықпен қатар, сыни ойлау, дін мен дәстүр ара-қатынасы, интернеттегі дін мәселелері тақырыптарын қамтуы керек;
  • Ата-аналармен де түсіндірме жұмыстарын жүргізу өте маңызды (жастарды қалай түсінуге болады, белгілерін қалай байқау керек);
  • Тұрақты кездесулер, байланыс орнату, бақылау жүргізу;
  • Сенімге негізделген қатынас орнату (доверительный подход);
  • Жекелендірілген жұмыс (индивидуалный подход);
  • Іс-әрекет арқылы үлгі болу, теолог өзі де сабырлы, әділ, кеңпейіл, парасатты болуға тиіс.

 

Жеке оңалтудан бөлек, теологтар мектептерде, ЖОО-ларда, мешітте алдын алу лекцияларын, семинарларын жүргізіп отырады.      

 

Қорытындылай кеое, радикалданған тұлғамен жұмыс – бұл тек діни білім беру ғана емес, рухани, психологиялық және әлеуметтік қолдауды қажет ететін кешенді жұмыс. Бұл жұмысты барлық қоғам болып бірлесе жұмыла атқару маңызды.

 

 

 

   Г.Бекжан

 

Түркістан облысы дін істері басқармасы

 

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ           

 

теолог маманы                                                                      

                                                                 

0 пікір