Қазақстанда соңғы он жыл аралығында 18-ге жуық террористік акт болғаны белгілі. Олардың үшеуі саяси идеологияларға байланысты болса, он бесі діни идеологияға қатысты болды. Қанды да қайғылы оқиғалармен Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл мен Астанадағы жарылыстар мен қарулы қақтығыстар қатар лаңкестіктің қауіптілігінің арту мәселесі кеңінен талқылануда. Орта Азияның басқа елдерінде секілді, Қазақстанда да террорлык, деструктивті идеологияның дәнекерлері ретінде Ислами ағымдар мен ұйымдар болуда.
Радикалды исламистердің әрекеттері криминализациялану үрдісін және керісінше қарапайым қарақшылардың Исламдық сипатта радикалдануының пайда болғанын атап өткен жөн. Елдегі экстремизмнің негізгі алғышарттарын айқындайтын болсақ:
- экономикалық жағдайлар (халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі, кәсіпорындардың тоқтап қалуы, жұмыссыздықтың өсуі);
- саяси жағдайлар («құқықтық саланың» жоқтығы немесе әлсіздігі);
- әлеуметтік жағдайлар (адамдарды кедейлер мен байларға бөлінуі);
- рухани негіз (қоғам мен жеке адамның рухани ыдырауы, моральдық құндылықтардың тозуы) факторларын атап өтуге болады. Ал кейбір сарапшылардың пайымдауынша әуелде экстремизм мен терроризм дуниетанымының таралу мекені түрмелер болды деп есептейді. Бұл әсіресе Батыс Қазақстанда айқын көрінеді.
Жоғарыда аталған қанды оқиғаларға тап болған ел үкіметі заңнамалық жағынан реформа жасалу қажеттілігін түсінді. «Кейбір заңнамалық актілерге экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралған болатын. Жұртшылықтың, сарапшылардың талқылауына шығарылды және 24 заңнамалық актілерге өзгертулер енгізу қарастырылды. Бұл актілерде үш негізгі сәтке назар аударылды:
- радикалды сипаттағы қылмыстардың арасында қару-жарақ дүкендерін тонауға байланысты орын алғандықтан қару-жарақты бақылауды күшейту;
- терроризмге байланысты қылмыстар үшін жазаны күшейту;
- ішкі көші-қон мәселелері мен заңсыз көші-қонды тоқтату.
Осыған байланысты бұл ағымдар мен ұйымдардың қоғамдық санаға әсерін барынша азайту мақсатында елде экстремизм мен терроризмді насихаттайтын Интернет порталдардың жұмысына бақылау жасалып, заңсыз деп танылған шетелдік сайттары бұғаттау. Осы мақсатта Қазақстан басшылығы қоғамдағы діни сауатсыздықтың алдын алу мақсатында дәстүрлі бағытта білім беретін институттар, университеттер, медресе-колледждер және діни сауат ашу курстардың санын арттыру және мемлекеттік граннтарды көбейтті.
Елімізде қабылданған бұл шешімдер, сондай-ақ тұтастай алғанда, ел басшылығы жүргізіп отырған конфессиялар мен ұлттар арасындағы толеранттылықты насихаттау саясаты қоғамдағы қауіпсіздікті сақтауға ықпал етеді.
Терроризммен күрес – бұл уәкілетті федералды атқарушы органдардың барлау, жедел тергеу, әскери және арнайы шараларды қолдана отырып:
- террористік әрекеттерді анықтау, алдын алу және жолын кесу;
- террористік сипаттағы қылмыстарды ашу және тергеу жұмыстарын жүзеге асыратын қызмет.
Таяу Шығыстағы оқиғалар заманауи экстремизм модернизм сатысына еніп, территория мен экономикалық дамуға және дінге қарамастан әлемнің барлық елдері үшін жаһандық деңгейде қауіпке айналғанын көрсетеді. Географиялық орналасуына байланысты Қазақстанның конфессияаралық келісіміне дәстүрлі емес діни ағымдар мен этникалық топтар арасында радикалды идеология және діни экстремизм идеяларын алып келу ең үлкен қауіп ретінде қарастырылады. Құқық қорғау органдарының дер кезінде жүргізген жұмыстарының арқасында радикалды және экстремистік деп танылған «Хизбут-Тахрир» және «Таблиғи Жамағат» пен қазіргі уақытта тыйым салынған басқа да ұйымдар мен террористік топтардың қызметіне қатысты фактілер анықталды және жолы кесілді.
Діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұрудағы шешуші сәт ішкі уәкілетті органдардың халықаралық антитерроризммен және арнайы сараптамалық орталықтармен өзара әрекеттестігі мен ынтымақтастығы болып табылады.
Қазақстан Республикасының діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалық негізі «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР-ның 2005 жылғы 18 ақпандағы Заңымен және 1999 жылғы 13 шілдедегі «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР-ның Заңымен бекітілген. ҚР-ның осы заңдары «саяси», «ұлттық», «діни экстремизм ұғымдарына нақты анықтама береді. Осылайша, «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңдағы «діни экстремизм» діни аразды немесе жеккөрушілікті, оның ішінде зорлық-зомбылыққа немесе лаңкестікке шақыруды қоздырушы, сондай-ақ қауіпсіздікке, өмірге, денсаулыққа, адамгершілікке және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қауіп төндіретін кез-келген діни тәжірибені қолдану ретінде анықталған.
2013 жылы ел халқының белгілі бір бөлігінің радикалдануы мен Таяу Шығыстағы және Орталық Азия аймағындағы қарулы қақтығыстарға қатысу мақсатында қазақстандық жастарды экстремистік топтардың қатарына тартудың теріс үрдісі Қылмыстық кодекске, ҚР-ның 10-нан астам басқа да заңнамалық актілеріне өзгертулер енгізуге себеп болды. Дәл осы жылы терроризм мен экстремизмге қарсы 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Бұл бағдарламаның басты мақсаты діни экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризм қауіп-қатерлерінің алдын алу арқылы адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды.
Қазақстанмен қоса ТМД елдеріндегі экстремистік әрекеттің тиімді түрде жолын кесудің және қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізетін жұмысты ұйымдастырудың кешенді шаралары мен жаңа әдістері төмендегі негізгі бағыттарға ие:
- діни сауаттылықты, рухани, мәдени, адамгершілік тәрбие мен отансүйгіштікті арттыру арқылы радикалды идеологиядан халықты қорғау;
- азаматтық қоғам институттарын тарта отырып, мақсатты топтар арасында мемлекеттік органдардың қызметін барынша дамыту;
- радикалды идеологияны ұстанушыларды оңалту үшін үкіметтік емес орталықтардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- радикалды діни идеологияның таралу принциптерін зерделеу және лаңкестің әлеуметтік портретін жасау үшін ғылыми, қолданбалы және практикалық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселесінде уақытылы әрекет ету және үкіметтік емес ұйымдардың, дәстүрлі діни бірлестіктер мен этномәдени орталықтардың жұмысы үлкен маңызға ие.
Қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін билік лаңкестермен күресті күшейтуде. 2016-2017 жылдар аралығында елде экстремистердің көптеп тұтқындалуы бұның айқын дәлелі.
Қанды оқиғалардан кейін аймақтағы барлық елдерде дін саласындағы заңнама қатаңдады. Қазақстанда бұл реформалар шетелдегі соғыс қимылдарына қатысқан және содырлар мен экстремистерді жазалауға бағытталған шараларға қатысты болды. Бұл жазалау шаралары үш жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
А.Дүйсен
Түркістан облысы дін істері басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ
теолог маманы
Жат ағымымен күресте ескеретін мәселелер