Жалған терроризм
Жалған терроризм
15.01.2025
134
0

      Жалғанның бір аты – өтірік. Ал «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» дейді қазақ атам. Бүгінгі күні осындай өтіріктің бірі терроризмге қатысты жалған ақпарат беру – жай бұзақылық емес, қоғамдық тәртіпке қол сұғатын қауіпті қылмыс. Әрбір жалған ақпарат немесе жәй мобильді байланыс арқылы жолданған жалған хабарлама бейбіт тұрғындар арасында үрей тудырып, маңызды орталық, мекемелер, кәсіпорындар жапа шегеді.

      Көбінесе осындай жалған хабарламалар аэропорт, темір жол, білім беретін мекемелері сияқты нысаналарға бағытталып жататыны жасырын емес.

      Мұндай көрінеу жалған хабарламалардың әсерінен сол нысаналардың күнделікті жоспарлаған қызметтері шұғыл тоқтатылып, қаншама азаматтардың уақытын алып қоймай, материалдық шығынға батып жатады.

      Көбінесе қылмыс жасаған адамдар арасында кәмелетке толмағандар саны артқан. Егер мұндай қылмысты кәмелетке толмаған бала екені анықталса, залалды өтеу оның ата-анасына немесе заңды өкілдеріне жүктеледі. Олардың ата-аналарына «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 127-бабы бойынша «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау» жауапқа тартылып, оларға айыппұл салынады. Елімізде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін 5000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не болмаса 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы көзделген (Қылмыстық кодекстің 273-бабы «Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау»).

      ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің хабарлауынша: «Қазақстан тереториясында 2022 жылы терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлар жасағаны үшін 12 кәмелетке толмаған ұсталды, олардың үшеуі бас бостандығын шектеуге байланысты нақты қылмыстық жазаға тартылды. 2023 жылы ішкі істер органдары жалған терроризм фактілері бойынша 118 қылмыстық іс тіркеді. 21 қылмыстық іс бойынша күдіктілер анықталып, оның 11 кәмелет жасына толмағандағы анықталып, олар түрлі қылмыстық жазаға тартылды,2024 жылы жалған терроризмнің 30-дан астам фактісі тіркелді».

      Әрине бұған себеп балалардың интернет-ресурстарды бақылаусыз пайдалануы, түрлі деструктивті топтардың ықпалына түсіп, өздерінің жеке деректерін, телефон нөмірлерін, электрондық жәшіктердің мекен-жайларын беріп қояды. Ал олар өз кезегінде балалардың атынан көрінеу жалған хабарламаларды жібере бастайды. Сондықтан кәмелет жасына толмаған балалардың ата-аналарына айтарымыз: баланың интернет желісінде болуын қадағалап, қандай сайттарға кіретінін және қандай ресурстарға қызығушылық танытатынын бақылауда ұстау қажет. Бұл қылмыс түрі үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады. Сонымен қатар сот шешімі негізінде шығындар мен осындай хабарламадан келтірілген барлық залал өтелуге жатады.

      Бүгінгі таңда технологиялар даму үстіндегі дәуірде құқық қорғау органдарына бұл қылмыстың түрін ашуға барлық мүмкіндіктер жасалған. Осы күні жалған хабарламарды анықтайтын қажетті техникалық құралдар, бағдарламалар жеткілікті. Сондай-ақ, керек болған жағдайда құқық қорғау органдары шетелдік арнайы органдарымен тығыз байланыста жұмыс жасауға дағдыланған. Айтқымыз келгені осы қылмыстың анықталуына барлық жағдай қарастырылған және жазасыз қалып жатқан жоқ.

 

 

А.Дүйсен

 

Түркістан облысының дін істері басқармасының

«Дін мәселелері зерттеу орталығы» КММ

бөлім басшысы           

0 пікір