Экстремизм бастауы – діни сауатсыздық
Экстремизм бастауы – діни сауатсыздық
17.11.2022
942
0

Діни экстремизм дегеніміз бұл – өзіннің жасап жатқанын ғана дұрыс санайтын, шектен шығатын қате ойды, көзқарасты білдіретін қоғамның  діни тұтастығын бұзатын әрекет. Экстремист деген өзін ғана ақиқат жолындамын, қалғанының бәрі адасып жүр, олар дұрыс емес бағытта жүр деп қоғамға ашу-ызамен қарау, өзінің істеп жатқан әрекетін ғана  дұрыс санау.                          

Қазіргі кезде дінімізді бұрмалап, түрлі  жаңалықтарды енгізіп, дінімізден, тілімізден, мәдениетімізден, ұлттық салт-дәстүрімізден, құндылықтарымыздан айырып, қоғам арасында араздық, дұшпандық, туғызып, бірлігінен айырып, өсіп келе жатқан ұрпақтың жалпы қоғамның санасын улайтын, ұлттық құндылықтарды ұмыттырғысы келетін түрлі ағымдар өте белсенді жұмыс істеп жатқанын байқаудамыз. Экстремистер адамдардың дінге деген құрметі мен сенімін өз мақсаттарына пайдалана отырып, дін үшін әрекет етіп жүргендей көрінуге барынша тырысады.                           

Діни экстремизмнің таралуына бірнеше себептерді айтуға болады. Соның ішінде негізгісі – діни сауатсыздық. Көп нәрсе білімсіздіктен туатыны cөзсіз. Діни сауатсыздық дінді түсінбеуге, ал дінді дұрыс түсінбеу адасушылық пен дұрыс емес ойдың қалыптасуына алып келетіні анық. Осы орайда, дiни экстремизммен күресте ең маңызды қадам бұл дiни сауаттылықты арттыру екендiгi сөзсіз. Қазіргі қоғамымызда барлық адамдардың діни сауаттылығы бірдей деп айта алмаймыз. Өйткені, діни сауатсыз азаматтарымыздың өзге ағымдарға кетіп қалу қаупі көп кездеседі. Сондай жағдайлар болмау үшін, әрбір ата-ана баласының ер жеткен шағынан бастап, оның діни сауаттылығын арттыруға көңіл бөлу керек. Діни сауатты болу, алған  діни біліміңді дұрыс түсіне білу өте маңызды. Себебі осындай теріс ағымдағылардың жетегіне түсіп қалудан сақтанады, ата-ананың қадірін түсініп, оларға қызмет етіп, разылығын алу керектігін ойлайды, парақорлық, бәлеқорлық, зинақорлық, жалақорлық деген сияқты жаман әдеттерден аулақ болып ер жетеді. Діни сауатты болу үшін міндетте түрде діни оқу орнына оқуға түсіп қажет емес, кез келген интернет желісінен көрген ақпаратты дұрыс деп есептеп соған сеніп оны тікелей түсініп, соны қабылдап жүрмей, тек сенімді тұлғалардың, рұқсат етілген ресми сайттардағы  ақпарат көздеріне сүйеніп, білімін жетілдірген дұрыс деп ойлаймын.                                  

Интернеттегі экстремистік идеялар тарататын сайттардың еркін қолжетімділігі де маңызды себептердің бірі. Себебі көп адам интернет желісінен іздеп, көру оңай болғандықтан, ең бірінші ізденіп, оқитыны интернет мәліметтер. Берілген мәліметтердің дұрыс-бұрыстығын білмей жатып, көп жағдайда адамдар бірден сеніп алданып қалады. Діни сауатсыз болудың әсерінен интернет желісінде көрсетілген кейбір дұрыс емес мәліметтерге сүйеніп, оны өмірлік ұстанымға, мақсатқа айналдыруда. Сонымен қатар көптеген басқа ағым жетегіндегі топтар өздерінің уағыздарын бейне-жазба түрінде жүктейді. Уағыздарда биліктің дінге жат екендігі, мұндай мемлекет басқарушылары, дін қызметкерлері «діннен шыққандар» деген теріс пікірлер дәлелді түрде айтылып, оларға бағынбауға шақырылады. Соның әсерінен қоғам арасында арандатушылық болып, көп адамдардың санасы уланып, өздерінің жасап жатқан әрекеттерінің дұрыс еместігін ұғына алмаймжатады.                                                               

Сонымен қоса  қоғамның діни сауатын жетілдіру жұмыстарын тек қана білім беру ошақтарымен, орталықтармен ғана шектеп қоймай, олардың бос уақытын көп арнайтын әлеуметтік желілерді құнды, тағылымды бағдарламалармен, ақпарат көздерімен толықтыру қажет. Сондай-ақ, көп қолданатын әлеуметтік желілерге дәстүрлі дін мен салт-дәстүрдің құндылықтарын дәріптейтін парақшаларды мазмұнды материалдармен толықтырып, оқырмандар санын арттырып, мағыналы жарияланымдарды шығарып отыру қажет. Сонда теріс ағымды таратушыларға біршама тойтарыс беруге болады деп ойлаймын.                                                           

Қазіргі интернет, техника дамыған уақытта діни сауаттылықты арттыру үшін адамдар барынша әлемдік, дәстүрлі, жаңа пайда болған діни ағымдардың тарихын, ілімін, құндылықтар жүйесінен танып-білумен қатар, жалған діндердің, экстремистік топтардың белгілерін ажырата алатын деңгейде болса өз-өзін адасушылықтан сақтап, сауатты болып, дұрыс діни ой қалыптастырады. Әрбіріміз сауатты болу үшін білім алуға міндеттіміз. Зайырлы біліммен қатар діни білім алу да маңызды. Әр адам жан-жақты болуға талпынса, өз-өзін дамытса саналы түрде ой қорыта алады. Қазіргі бой салыстыратын емес, ой салыстыратын кезде, дамыған елдердің қатарында болуымыз үшін білімді де, сауатты болуға ұмтылуымыз қажет.

 

Ж.Байгерей   

Түркістан облысының дін істері басқармасының

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің 

дінтанушы маманы                    

0 пікір