Діни фанатизм
Діни фанатизм
30.05.2018
1377
0

Соңғы уақыттарда шығып, халықтың арасында үлкен дау-дамай тудырған діни деструктивті жат пиғылды ағымдар жастардың санасын «Діни фанатизм» дертімен улауда. Кезінде қазақ жеріне дін атын жамылған жат пиғылды адамдар келмеді дейсізбе?! Әрине келді. Алайда, дінмен біте қайнасқан дәстүрімізді мықтап ұстанған ата-бабаларымыз олармен барынша күресіп бақты. Тіпті, көнбегендерін тезге салды. Қазақ халқы ешқашан фанат болған жоқ. Алайда қазіргі таңда теріс ағымды ұстанатындардың әлеуетті қолдаушысы бар және діни фанатизмге шектен тыс берілген. Діни білімі таяз адам- тамыры терең тартпаған тал секілді. Ондай ағаш жел шайқаса, оңай құлайтыны белгілі. Жастарымыздың шетелдік «шейхтардың» сөзіне тез сеніп, арбауында кетіп жатқаны – алғашқы діни білімнің жоқтығынан. Дінді білсе фанат болады дейтіндер бар. Фанат болатындар не дінді білмегендер, не дінді теріс оқығандар. Дінін жақсы білген хакім Абай, Шәкәрім, Ы.Алтынсарин, хандар мен билер фанат болған жоқ. Тек өз дінінде бекем болды және салты мен әдет- ғұрпын сақтады. Ал енді, балаңыз діни фанаттықтан сақтандырудың басты жолы – үйдегі сіздің берген тәлім тәрбиеңіз бен мектептегі ұстаздары. Ең басты міндет ата-анаға жүктеледі. Бір бағбан өзінің еккеніне құрт түскенін немесе түсе бастағанын біле алмаса, ол неғылған бағбан?! Ата-ана да нақ солай. Кешегі лаңкестік жасаған қазақ балалардың бəрінің ата-анасы бар. Шамаңыз келмеді ме, балаңыздың теріс ағымға түскенін білдіңіз бе, онда тоқтатар жол іздеңіз. Арнайы мамандарға жүгініңіз. Қысқасы, балаңызға жұқпалы дерт жұққан деп түсініңіз. Ең ауыр дерт қандай, бұл сондай деп түсініңіз де, балаңызды құтқаруға тырысыңыз.Теріс ағымдардың қаншалықты қауіпті екенін бала күннен санасына сіңіріңіз. Өйткені, балапан ұяда не көрсе- ұшқанда соны іледі. Ертең отбасын тыңдамаған ұл мен қыз ауылын тыңдамай, сонан соң өз елін тыңдамай, бағынбауы мүмкін. Бүгінгі жастар- ертеңгі ел болашағы екенін ұмытпайық!

 

ОҚО дін істері басқармасы
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ- нің
Мақтарал аудандық бөлімі маманы
Б.Шаймерден

 

0 пікір