Экстремизм ол шеттеу, артық кету сияқты сөздерінің мағынасы. Экстрим деген сөзді алатын болсақ ол адам өміріне қауіпті болатын іс әрекеттер, идеялар болып есептеледі. Яғни экстремизм олда сол мағынаға келеді, бірақ экстремизмнің мақсаты немесе ерекшелігі ол жалпы тәртіпке мойынұсынбайтын, өз пікір, ойымен ғана іс-әрекет жасайтын адам десекте болады. Экстремизмнің пайда болу себебі, адамның надандыққа, көрсе қызығарлыққа, бейімделген көзқарастан пайда болады. Яғни тек менің ғана дегенім немесе пікірім болу керек деген сияқты. Бұл ең алғашқы этаптарының бірі болып саналады. Экстремизмнің тағы бір көрінісі басқа біреулерді көре алмауы, түсінбеуі, немесе түсінгісі келмейтін адамдардан шығады. Тағы бір ерекшеліктері олар дұрыс бағытқа жол көрсететін адамдарға мүлдем құлақ аспайды және олар өздерін ең кіршіксіз деп санап, басқаларды адасқандар деп есептейді. Міне осындай адамдардың зардабынан әлемде қаншама қантөгіс пен төңкерілістер орын алуда.
Радикализм деген ұғым қазіргі уақытта түбегейлі, түбірімен өзгерту, алмастыру дегенді білдіреді. Радикализм ұғымы ең алғашында әлеуметтік мәселелердің түп тамырына жетуге деген ұмтылысты сипаттау үшін қолданылған, негізі радикализм және эстремизм деген екі ұғым бір-біріне ұқсас, жақын болып келеді.
АҚШ-та болған 2001 жылғы теракт яғни жарылыс мұсылмандарға қара дақ жағумен қатар, батыстықтар арасында мұсылман радикалистер деген ұғым пайда болып, әлемге тарап кетті. Экстремизм, радикализм және терроризм бүгінгі таңда ең өзекті мәселе болып отыр. Саясатта белгілі бір бағыт ретінде экстремизм радикалды көзқарастарды жүзеге асырудың түрлі әдістерін ұстанады. Ол мемлекеттің тұтастығына, қоғамның бірлігіне қатер төндіріп, зорлық-зомбылықпен, фанатизммен, өздерінің принциптерін қорғай алмайтынымен, ымыраға келмеуімен сипатталады. Өзінің қауіпті тәжірибесінде экстремизм, радикализм және терроризммен тығыз байланыста. Осы мағынада «радикализм» және «экстремизм» терминдері жиі бір-бірінің орнына қолданылуда. «Радикализм» ұғымы қазіргі кезде түбегейлі (радикал) өзгерістерге бағытталған саяси идеялар мен әрекеттердің жиынтығына қатысты жиі қолданылады. «Радикализм» термині бастапқыда әлеуметтік мәселелердің түп-тамырына жетуге деген ұмтылысты сипаттау үшін қолданылған, дегенмен қазіргі уақытта ол әлеуметтік жағдайды түбегейлі (түбірлі) өзгертуге бағытталған саяси идеялар мен әрекеттердің жиынтығына қатысты жиі қолданылады.
«Радикализм» мен «экстремизм» ұғымдары негізінде бір-бірімен синонимдес ретінде жиі қолданылады.
Осы уақытқа дейін экстремизм немесе радикализм деген сөздерді естімеген халықты жоқ деп айтуғада болады. Интернет беттерінде Қазақстандағы және шетелдегі діннің жағдайы, оның ішінде экстремизм, радикализм туралы көптеген ақпараттар бар. Бұл мәселенің жаһандық масштабқа ие болғанын көрсетеді. Қазақстан көптеген конфессиялар мен ұлттар тату-тәтті өмір сүріп жатқан мемлекеттердің қатарына кіреді, сондықтан діни экстремизм елімізді де айналып өткен жоқ. Өкінішке орай, Қазақстанда әсіресе соңғы жылдары лаңкестік әрекеттерді жастар – радикалды деструктивті ағымды ұстанушылар, өздерін ислам дінінің өкіліміз деп санайтындар жасауда. Бірақ айта кететін жайт, діни экстремистер мен лаңкестердің барлығы қай дінде болмасын нағыз қылмыскерлер, олардың дінге еш қатысы жоқ, өйткені ислам діні зорлық-зомбылыққа, өлтіруге шақырмайды. Мұндай қылмыскерлер дін атын жамылып, өздерінің қылмыстық жоспарларын іске асыруда. Елімізде экстремистік заңға қарсы келетін діни ұйымдар бар, сол ұйымдардың ең бастыларының бірін айта кететін болсақ олардың ішінде Хизб-ут-тахрир, Таблиғи жамағат, сияқты елімізге зияны келетін діни экстремистік ұйымдар аз емес және Сәләфилік бағытыда бар, оларға елімізде нақты тыйым салынбағанымен қауіпті болып саналды.
Қорытындылай келе экстремизм мен радикализмнің өзара байланысы ол екеуіде адам өміріне зиян болып табылады, кез келген адамнан экстремизм немесе радикализм не деп сұрайтын болса олар синоним сөз болғандықтан адамдар бірден қорқыныш, шектен шығу, үрей, адам өлтіру, бүлік шығару және т.б ойлар туындайды. Барлығының түпкі мағынасы бір жерге алып келгендіктен, олардың өзара байланысы көп болып саналады.
Түркістан облысы дін істері
басқармасының «Дін мәселелер
зерттеу орталығы» КММ-нің
теолог маманы З.АЛМАХАНБЕТОВ