Соңғы ғасырда жер жүзінде әр түрлі діндер және ұлттар арасында көптеген деструктивті діни ағымдар пайда болды. Олардың аттары ұқсас болмаса да ортақ тұстары көп. Ғалымдар осы ортақ қырларын атап өтер кезде ол ағымдардың адамды жеке ойлау қабілетінен айырады деп айтады Сырттай қарағанда ешкімді тыңдамайтын робот сияқты көрінулері немесе құлақтарына құлаққап (наушник) тағып алғандай жүретін бұл адамдардың санасына әсер еткен факторларды анықтау қажет. Қытайлар «өз ауруын білген адам ауру емес» дейді, бұл гипноздан құтылу үшін де қалай бұл жағдайға түсіп қалғандығын зерттеген жөн. Бұл топтарға кіргендердің ойлау қабілетіне әсер ететін психикалық, әлеуметтік, рухани әсерлері бар.
Деструктивті ағымдарға кірген адамдардың санасына әсер еткен факторларды анықтау үшін ең алдымен мидың жұмыс істеу әдісін анықтау пайдалы болады. Миымыз қандай жұмыс атқарады?
Бұл сұрақты кімнен сұрасақ та бізге ойлау, оқу, қиялдау сияқты зейн жұмыстарын атқаратын дененің мүшесі деп айтуы мүмкін. Біз көбінесе «миға кірмеу», «миын жаттықтыру» сияқты сөздер арқылы мидың ойлану емес зейін жаттықтыру алаңы ретінде қараймыз. Негізінде бұл тура ма?
Мидың қызметін тек бір сөзбен ашықтайтын болсақ ол «тірі қалу механизмі». Бұл жерде «барлық органымыз тірі қалу механизмі емес пе?» деген сұрақ туындайды. Бірақ олар адаптациядан мақрұм.
Өкпеміз «мынаны істеймін» немесе «мынаны істемеймін» деп айтпайды. Әрқашан карбондиокцитті сыртқа шығарып оттегін ішке алады. Ішектеріміз қажетті қоректерді алып қалғанын сыртқа шығарады. Бүйректеріміз әр қашан қанды тазалайды. Қалай тазартуды және қандай фильтірлерден өткізуді біледі. Ал миымыз болса «адаптация» қасиетіне ие. Бізді тірі ұстап тұру үшін қажетті болған кішігірім шешімдер жасауға және бұл шешімдер уақыт өте үлкен өзгеріске әкелетініндей бағдарламаланған. Негізгі жұмысы осы. Деструктивті ағымдарға кіргендердің қалай мәңгүрт сияқты әрекет етулерін жақсырақ түсіну үшін теңізде өмір сүретін бір жәндікті мысал келтіреміз.
«Асцидия» атты бір жәндіктің өмірі бізге миымызға қатысты маңызды құпияны ашады. Ол жәндік өмірге келгенінде кіші бақа баласы сияқты теңіз ішінде әрі-бері жүзіп, өмірінің аяғына дейін рахат өмір сүре алатын бір жартасты іздейді. Көп әрекет жасайтын жәндік болғаны үшін дүниеге келген кезінде денесінде жүйке лифтері яғни бір жүйке құрылымы болады. Қарапайым ми құрылымы арқылы айналасын таниды, соған қарай өмірде қалуы үшін оған зияны тимейтін және зияны тиетіндерді ажыратып әрекет жасайды. Әрекет жасайтын жәндік болғанымен ол бір тасқа жабысқаннан кейін одан әрі әрекет етуге қажеттілігі туындамағаны үшін миын жояды және еш әрекет етпей су толқындары әкелген минералдар мен машақатсыз қоректеніп жатады. Осылайша ол миын жойып жәндік өмірін тастап өсімдік сияқты өмір сүруді жалғастырады.
Мисыз дененің өмір сүре алатындығына тағы бір дәлел ретінде қазіргі дамыған медицина арқылы бір адамның миы өлген немесе басы денесінен айрылған жағдайда денеге қажетті қоректерді арнайы жабтықтар арқылы жіберіп тәннің өлмеуін қамтамасыз етуге болады. Бұны «өсімдік сияқты өмір сүру» деп те айтады. Қашан ол қоректерді жібермесе сол кезде дене де өледі. Көріп тұрғанымыздай дене қажетті нәрселермен қамтамасыз етілсе мидан тәуелсіз өсімдік сияқты өмір сүре береді.
Зиянды ағымдарға кіріп кеткендер де сол жәндік сияқты миларын қолдануды азайтады деп айтуға болады. Себебі олар қалаған нәрсесін сол ұйымнан таптық деп ойлап, оларға тәслім болады.
Деструктивті ағымға кіріп қалғандардың бұл жағдайдан құтылу жолдарынан біреуі бір жерде тұрып қалмау.
Асцидия әрекет етуді тоқтатқан кезінде миын жоюға шешім қабылдайды. Не үшін? Себебі артықша шығыннан қашу үшін. Бұл теңіз жәндігінен алатын екінші өмір сабағы миларымыз «қажет болмаса жой» қағидасы бойынша жұмыс істеуі. Егер денемізде бір орган немесе бір жасуша жұмыссыз тұрған болса және ештеңеге жарамаса оны жою қағидаты. Себебі бос тұрса да энергия жұмсайды. Ми туралы айтылған кезде оны бұлшық еттерімізге ұқсатудың себебі де осы. Ми бұлшық ет сияқты. Бұлшық еттеріміз спорт жасау арқылы күштеніп спортты тастап қойған кезде әлсірегені сияқты миымыз да солай. Егер біз тек мәлім деструктивті топтың шектеулі әдебиеттерін оқымай күнделікті миымызға жан жақты, пайдалы мәліметтерді алсақ, ойлау үшін арналған бөлігін ойланып, қиялдауға арналған бөлігін қиялдап, сөйлеуге арналған бөлігін сөйлеп, көруге арналған бөлігін шынымен тамашалап, тыңдауға арналған бөлігін шын көңілден тыңдап ақпарат ауыстыру арқылы күшейткен жағдайда, дене миға тиіспейді. Сіздің үлкен компанияңыз болса ол жерде еш бір жұмыс істеуге жарамайтын адамға айлық беретін бе едіңіз? Хазірет Пайғамбар бір хадисінде «екі күні бір болған зиянда» деп айтқан. Екі күні тең өтсе де зиянда дейді. Яғни кешегі сізбен бүгінгі сіз бір емессіз. Сіз артқа қарай кетіп бара жатырсыз деген мағынаны білдіреді. Бір қалыпта қала алу үшін де кешегіге қарағанда көбірек нәрсе үйренуіміз қажет.
Деструктивті ағымдарға кірген адамдар да асцидиялар сияқты сенімді бір жартас таптық деп ойлайды. Ол ағымдағы діни әдебиеттерден басқа әдебиет оқуға рұқсат болмағаны үшін мүшелер уақыт өте бір әдебиет оқудан жалығып, миларын қолдануды азайтып, өсімдік өмірге ұқсас күйде болуы мүмкін. Сол топтың харизматикалық лидері «ақ» деген нәрсесіне «ақ», «қара» деген нәрсесіне қара деп айта бастайды. Жеке ойлау қабілетінен алыстайды. Миын қолданбай қоюуына тек себеп сол топтың сенімді діні кітаптары немесе харизматикалық лидері деп айту қиын. Бұған ауыртпалықсыз үздіксіз келіп тұратын ақша, сол жамағаттың адамдарын үлкен отбасы деп қабылдап алуы сияқты басқа да себептері де бар. Алайда бұл ең маңызды себептерден бірі.
Қорыта келетін болсақ адам баласы әлсіз кезінде «сүйенетін», «сенімді» деп тапқан бір топ тауып алған соң әрі қарай бұл жолдың тура немесе қате екенін ізденбей қою табиғатында бар нәрсе. Бұл жағдайдан құтылу үшін айтылған және жазылған әр сөзге сеніп қалмай, туралығын тексеру қажет және әр күні өзін дамытып отыру қажет. Имам Ағзамнан біреу келіп аттың аяғы неше екенін сұрағанында аттан түсіп, аттың аяқтарын «бір, екі, үш, төрт» деп санап, сосын жауабын айтқан екен.
Тағыда бір шығар жолы мысалы жоғарыда қолданылған «қабілет» сөзін интернеттен іздесек «қабілиет» деп те жазылғанын көреміз. Қай бірі тура екенін табу үшін не істейміз? Өзімізге ұнаған жазушының мақаласында сол сөз «қабілиет» деп жазылған болса соны көшіріп жазбаймыз, керісінше қазақ тілінің сөздігіне қараймыз. Себебі көптеген тіл мамандарымыз қазақ тілінің сөздігін жасау үшін бас қосып жұмыс жасағанын білеміз. Сол сияқты діни ілімдерді үйренуде де ғасырлар бойы бір араға келіп дін саласында қалам тербеткен дәстүрлі ғалымдардың кітаптарын оқуымыз және елімізде үкіметіміз тарапынан уағыз жасауға рұқсат етілген ұстаздардан үйренуімізге болады.
Фаррух Мухитов
Түркістан облысының дін істері басқармасы
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы»
КММ дінтанушы теолог маманы
Деструктивті діни ағымдардың санаға әсерлері