Қахақстан Республикасының ең құнды қазынасы – адам және оның өмірі. Ал, халқымыз арасында ең құндысы жастар болып табылады. Қытайдың әйгілі ойшылы Конфуций «Егер жоспарыңыз бір жылдық болса күріш, он жылдық болса ағаш егіңіз ал жүз жылдық болса, бала тәрбиелеңіз» деген. Шынында да барық идеологтар, барлық жамағаттар жас-желеңдерді қолға кіріткісі келеді және жоспарлары жүз жылдан асатын болғандықтан бұл жолда қаржыларын аямайды. Қазақстан Республикасы егемендігін алған жылдары көпшілік халықтың әлеуметтік жағдайы төмен болатын. Сол кезден пайдаланып әр түрлі діни топтар елімізде біршама жасөспірімдерге қаржылай қолдау көрсетіп өз орталықтарына шақыру арқылы сандары артты. Құдайға шүкір бүгінде халқымыздың жағдайы біршама жақсарды. Қазір ақша беремін кел деушілерге көп адам бара бермейді. Алайда олардың әр түрлі айла тәсілдерінен сақтандыруға және жеткіншектерді ескертуге міндеттіміз. Бұл мақалада исламдық шектен шыққан ағымдар жайлы айтылады.
Жас ұрпағымызды қолға кіріткісі келетін діни ағымдардың оларға беретін ақшалай немесе басқа жолмен жасайтын жақсылықтарының алды арты үзілмейді. Нәтижеде адам ихсанның, яғни жақсылықтың құлы қағидатына сәйкес сол діни ағымның құлына айналады. Олардан бір жыл қамқорлық көрген адам көбінесе он жыл немесе бір өмірге құлдары болады.
Нұр-Мүбарак Университетінде бір ұстаз басынан өткен оқиғаны айтып берген еді. Бір қалада тілге шешен бір кейуана алты баласымен керағар діни топқа кіріп кеткен екен. Онымен бірнеше имам және дінтанушы оңалту жұмысын жүргізуге тырысыпты. Ана кемпір еш ұстанған жолынан қайтпапты. Жаңағы университеттегі ұстазымыз барып ол кемпірден өмірбаянын тыңдапты. Ол кемпір ауылда болған кезінде күйеуі қайтыс болған екен. Алты баласымен қиналып туыстарынан, таныстарынан тіпті үкіметтен көмек сұрапты. Еш нәтиже алалмай қиын жағдайда өмір кешіп жүрген кездерінде теріс пиғылды дін өкілдері олардың барлық жағдайларын жасап беріпті. Ұстаздың айтуынша алғашқы мейірді солардан көргені үшін бұл ұстанған жолдарынан шығару өте қиын екен.
Көріп тұрғанымыздай жат діни ағымдар бұрыңғыдай ақша беремін кел деп айтпайды. Қазіргі күнде олар қайтарымсыз әр түрлі көмектерді беріп көрінбейтін жіппен өздеріне байлап қояды. Әрі қарай ол сияқты адамдарға көмек беру, діндерін жаю тіпті жихад жасау үшін ай сайын көмек берген адамдарынан ақша жинай бастайды. Жиналған адамдар көбінесе өздері ұсынған жұмыста істейтіндіктен тікелей жалақыларын аз беру немесе айлап, жылдап кешіктіруге дейін апарады.
Негізі ислам дініндегі сыйлық, жихад сияқты ұғымдарды жақсы білген оларға алданбайды.
Исламда сыйлық беруге келер болсақ бұл сүннет амал. Алайда хадия немесе сыйлықты алған адам оны қайтаруы шарт емес.
Исламда бір жамандық көрсең күшің жетсе қолыңмен тый, күшің жетпесе тіліңмен тый, оған да күшің жетпесе көңіліңмен оған разы болма дейді.
Біріншісі қолыңмен тый деп денемен жасалатын жихатты айтады. Бұл жихад түрін тек үкімет жасайды. Отанға басқа бір ел шабуыл жасаса қорғану мақсатында жасалады және бұл парыз болып табылады.
Екіншісі тіліңмен тый дегені бұл ислам ғалымдардың жұмысы. Қазіргі күнде ислам ғалымдары жоқ дейтіндей аз болғандықтан көбінесе әйгілі ислам ғалымдарының кітаптарын аудару және тарату арқылы дәстүрлі исламды жаю жихадқа жатуы мүмкін. Бұл жихад түрі сүннет болып табылады.
Үшіншісі көңілмен тый дегені бұл тасауф ғалымдарына тиесілі. Тура тасауф шейхтары күнімізде өте аз болғандықтан адамдар олардың өмірбаяндары сияқты еңбектерді оқу арқылы және қосымша ғибадаттар жасау арқылы іштеріндегі жек көру және өшпеншілік сияқты сезімдерін тәрбиелейді. Бұл жихад түрі мустахаб болып саналады.
Ал енді жоғарыда айтылып өткен экстримистік ұйым өкілдері жасаған жақсылықтар себепті олардан шыға алмай жүрген болса сыйлық ретінде берілген хадияларды қайтару шарт емес екенін білуіміз керек.
Кітап тарату немесе біреулерге көмектесу үшін жихадқа деп жалақыларынан басып қалып, ай сайын ақша, зекет немесе құрбандығыңызды сұрап тұрған болса өз өзімізге «Мен парыз болған напақамды отбасыма бере алдым ба?», «Мен отбасыма, туыстарыма, көршілеріме жеткілікті дәрежеде қамқорлық жасай алдым ба?», «Бірінші болып парызды орындау қажет пе әлде сүннетті ме?» деген сияқты бірнеше сұрақ қоюуымыз керек.
Радикалды сектадағылар көбінесе адамдарының қаржылай тәуелсіздік алуларын қаламайды. Сондықтан да пәтер немесе автокөлік алуларына қолдау көрсетпейді, олардың дінге деген сезімдерін пайдалана отырып құл сияқты жұмыс істеп жүрулерін қалайды. Мысал ретінде Туркиядағы Фетхуллах Гюлен жамағаты жайлы іс қозғалған кезде жаңалықтарда айтылған Африкада арзымаған ақшаға қызмет деп сол жамағатқа жұмыс жасап жүрген мұғәлімдерді айтуға болады.
Дүниені өзгерткің келсе төсегіңді түзе дегендері сияқты жас түлектеріміз дүниені құтқару қиялдары мен өмірін өткізіп алмай еңбек етіп, оқу оқып алдымен отбасын құтқаруы өте маңызды.
Напақа тақырыбында Маслау деген ғалымдың кестесі де қазіргі күндегі әр бір адамдың қажеттіліктерін қамтамасыз ететіндей жасалыпты. Оның кестесіндегі пирамидада ең алдымен адам тамақ, ұйқы сияқты физеологиялық мұқтаждықтарын қамту, одан әрі үй, диплом сияқты өзіне арқау болатын, далада қалып қоямын деген қорқыныш болмайтындай осы зәру нәрселерге ие болу арқылы өзін қауіпсіздікте сезінуі шарт дейді. Одан әрі адамдармен қарым қатынас орнату, ал ең соңғы басқышта өзін өзі рухани жағынан болсын психологиялық тұрғыдан болсын кемелдету жөн екенін жазады. Бұл жерде де көріп тұрғанысыздый ең әуелі адам үшін ең маңызды басқыштардан бастау керектігі айтылады. Керағар ұйымдарда жастарымыз көбінесе өзін жетілтіру, адамдармен қатынастарын нығайтумен әуре болып өмірінің ең құнды кезеңдерін өткізіп алулары әбден мүмкін.
Қорыта келе жоғарыда айтылғандай дін атын жамылған ағымдардың алғышқа кездері бізге жасаған жақсылықтарының артында үлкен мүдде жатқандығы нәтижесіне келе аламыз. Абай атамыз «нағыз кемел адам діни ілімдерді үйренумен қатар халқына пайдалы болған адам» дейді. Сондықтан да дін ілімдеріне мақсат емес мақсатқа аман есен апаратын көлік сияқты қарауымыз қажет.
Түркістан облысының дін істері басқармасы
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы»
КММ дінтанушы теолог маманы Ф. Мухитов