Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, діни сенім бостандығына жол бергенде сырттан келетін діни ағымдардың легі көбейді. Халықаралық құқықтық нормалардың бекітіліп, конвенцияларға қосылуы сырттан келетін діни ағымдардың ықпалын арттыруға жол ашты. Дәстүрлі емес діни ағымдар санатына енген ағымдар еліміздің қиын әлеуметтік жағдайын пайдаланып, өз мақсаттарын белсенді түрде жүзеге асыруға кірісті.
Жаңашылдығымен және ортақ белгілерімен біріктірілген жаңа діни ұйымдар мақсаттары, ұйымдастыру түрлері және қызмет сипаты бойынша алуан түрлі. Қазақстандағы бұл ағымдардың дәстүрлі емес деп аталуының себебі, олардың елімізде пайда болғанына көп уақыт бола қойған жоқ және дәстүрлі конфессияларға тән емес ерекшеліктері де жеткілікті.
Еліміздің жас ұрпағы «дәстүрлі емес діни ағымдар» дегенде нені елестетеді? Бүгінгі таңда дәстүрлі емес діни ағымдар қоғамды іштен ірітіп жатқаны жиі айтылады. Дегенмен, олар өзін адамның рухани қажеттіліктерін қанағаттандыратын, өмірдің мәнін түсінуге көмектесетін, жанның мәңгілік болмысын түсіндіретін, адамдарды азаптан құтқаратын, өзін-өзі жетілдіруге ықпал ететін тұлға ретінде көрсетуді үйренді. Діни сауаты әлі толыға қоймаған, өмірлік бағыты енді қалыптасып келе жатқан жастарды алдау, арбау арқылы өз қатарларына тартуда. Тіпті, діни ұйымдардың басым көпшілігі кейбір аңғал адамдар ойлағандай биік мақсаттарды көздемейді.
Дәстүрлі емес деп аталатын діни ағымдардың түпкі мақсаты – қарапайым халықты өз мақсатына пайдалану, сол арқылы материалдық байлыққа қол жеткізу, билікке қол жеткізу. Әдетте, дәстүрлі емес діни ағымдардың мүшелері «басшының» немесе «ұстаздың» айтқанын орындау арқылы қатаң тәртіпке бағынады. Ұйымның түпкі мақсаты өте шағын топқа, яғни «сайлаушыларға» ғана белгілі. Жаңадан қабылданғандар «ұстаз» бен «таңдаулылардан» бұрын ағымға адалдығын дәлелдей алса, «қызмет баспалдағымен» көтерілу мүмкіндігіне ие болады.
Көріп отырғанымыздай, ұйымдардың құрылымы мемлекеттік құрылымға ұқсас. Психологтар мен заңгерлер оларды «қауіпті» деп бекер айтпаған. Енді осы ағымдардың қарапайым халықты азғырып жатқанына тоқталайық. Біріншіден, жаңадан қабылданған «студент» ұйым мүшелері тарапынан психологиялық қысымға ұшырайды. Мұнда ол дәстүрлі емес діни ағымдарға «ғашық болады». «Алла сені жақсы көреді», «сен биік армандар мен мақсаттарды бағындыратын таңдаулылардың бірісің». «Бізден басқа бүкіл әлем күнәға батып жатыр»,-деп сендіреді. Екіншіден, дәстүрлі емес діни ағым өкілдері қоршаған ортадан бөлініп, бөлек өмір сүреді. Ал ұйымнан тыс дүниеден үзілген адам «ұстазының» айтқанын ой елегінен өткізіп, оны шынайы өмірмен салыстыру қабілетінен айырылатыны анық. Үшіншіден, қауіпті діни ұйымдар өз мүшелерінің ойлау қабілетін тежеу үшін түрлі әдістерді қолданады. Мысалы, бірсарынды әндерді жиі айту, бір қимылдың уақыт өте келе үнемі қайталануы психологиялық тәуелділікке әкеледі.
Қазіргі таңда адасушы ағымдардың жетегінде кеткен азаматтарды қайтарудың екі жолы бар:
Бірінші тәсіл «қайта бағдарламалау» деп аталады. Яғни, адамды сол қауіпті ұйымнан күштеп алып шығып жеке бөлмеге қамап, оның өткен өмірдегі бақытты кездерін есіне түсіру керек. Алайда өзі жан-тәнімен сенген «Ұстазының» жат ағымды насихаттап жүргенін есту оған ауыр тиері сөзсіз.
Зардап шеккендерді емдеу және оңалту әдістерін, диагностикалық және психологиялық әсер ету әдістерін әзірлеу. Діни ұйымдардың теріс әсерінен зардап шеккен адамдарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне психологиялық және медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Психологиялық қауіпсіздік туралы мемлекеттік заңды әзірлеу үшін медициналық-психологиялық негізді дайындау; екіншіден, мемлекеттік органдар мен діни ұйымдар арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіру тетіктерін құру және жүзеге асыру.
Осындай шараларды қолдану арқылы ғана еліміздің болашақ қауіпсіздігіне қатер төндіретін дәстүрлі емес діни ағымдардың таралуына тосқауыл қоюға болады
Теолог маман Б.Тұрарбек
Дәстүрлі емес діни ағымдарға бет бұрмаңыз