«Жусан» операциясы кезінде оралған отыз азаматтың 14-і сотталды.
«Жусан» операциясы кезінде оралған отыз азаматтың 14-і сотталды.
18.10.2019
1489
0

Бітімгершілік заңына сәйкес

Бұл биылғы жылдың Қазақстандағы ең атышулы сот процестерінің бірі болды.Жақын арада Сирияда соғысқан қазақстандықтардың соты елордада басталады

 

Бұл биылғы жылдың Қазақстандағы ең атышулы сот процестерінің бірі болды. Сирияда ДАИШ - лаңкестік ұйымының жағында соғысқан, елімізде террористік ұйым ретінде танылып тыйым салынған және «Жусан» операциясы кезінде оралған отыз азаматтың 14-і сотталды. Бұған қоса, оларға Республиканың Қылмыстық кодексінің көптеген баптары бойынша ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыратын қылмыстық айыптар тағылуда. Біздің тілшіміз «Нұр-Сұлтан» тергеу изоляторына барып, олардың әрқайсысымен сөйлесіп, эксклюзивті сұхбаттар жазды.

Барлық 14 айыпталушы елорданың тергеу изоляторында, әдетте, аса ауыр қылмыстар бойынша күдіктілер отырған жеке блокта қамауда ұсталады. Бәрі жеке камераларды орналастырылған және қылмыстық істің материалдарын зерделей отырып, сотты күтеді. Тыйым салынған ДАИШ лаңкестік террористік ұйымының мүшелерімен сұхбаттасу туралы өтінішімізді ҰҚК басшылығы мақұлдады. Айыпталушылардың өздері де қарсылық танытқан жоқ. Біз олардың әрқайсысына бірнеше сағаттан уақыт бөліп жеке-жеке сөйлестік. Кездесу барысында олардаң адамдармен қарым-қатынастың жетіспейтіндігі сезілді. Жалғыздықта темір торда отырып келешек тағдыры мен жақындарының тағдырларын ойлап жандарын мазалайтыны байқалды. Олар өздері жасаған барлық іс үшін жауап беру керектігін түсінеді.

Солардың бірі - Данабек ТУРЕХАНОВ, 1987 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданының тумасы.

 

Данабек ТУРЕХАНОВ.

2011 жылы ағасы, әйелі және баласымен бірге алдымен Түркияға, содан кейін Иранға, содан кейін Вазиристанға (Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы шекара аумағы) көшті. Бұл кішкентай, таулы, қол жетпейтін аймақ Талибан мен Аль-Каида бақылауында. Бір кездері Ақтөбе университетінде мұнайшы мамандығын оқыған Данабек сол оқу-жаттығу жиынында террорист үшін барлық қажетті дағдыларды игерген. Ондағы ағайынды Төрехановтар жалғыз қазақ емес еді. Сонымен бірге сол елді-мекендерде басқа біздің жерлестерді кездестірді,  олардыңда ниеті өз жолдастарымен бірге нағыз халифат құру еді дейді.

- Әуелі мен, 2006 жылы «Таблиғи жамағат» ұйымына кірдім, бес уақыт намазды оқи бастадым, исламды әрі қарай оқып үйренуге бел будым да Шымкент қаласына келдім, осылай сәләфиттердің қатарына қосылдым - дейді Данабек Туреханов.

- Маған олардың уағыздары, сенімдері көңілімнен шыға бастады. Біздің ортада Саид Бурятскийдің, Ринат Абумухаметтің уағыздары танымал еді. Бейне дәрістерінде жиһад, Кавказдағы, Ауғанстан мен Ирактағы соғыс туралы жиі айтатын. Бізге шынайы мұсылмандар ретінде сондағы бауырластарымызға қосылып, сол жерде соғысу керек деді. Осындай сенімділікпен мен сол жерге бардым. 2013 жылы менің ағам шейіт болды, ол Талибан ұйымының ұсынысын қабылдап, жеті тонна жарылғыш заты бар жүк көлігімен Пәкістан армиясының базасына басып кірді... Содан кейін мен бір жыл отбасыммен әскери лагерде болдым, ол жерде менің тағы бір балам дүниеге келді. Ал 2014 жылы  Сирияға кетуге шешім қабылдап, сол жерде көпшілікпен бірге халифат құруға аттандым.

Бірақ Данабектің айтуынша, Талибан лагері мен ДАИШ қатарында лаңкестер нақты шариғатқа сәйкес өмір сүрмеген, ислам заңдары өздерінің ынғайына бұрмалап бізге түсіндірілетін және олар  біз сияқтыларды бір сенімдегі нағыз бауырлар ретінде қабылдамады. Олар үшін біз жай ғана зеңбірек жемтігі ретінде қабылдайтын. Сирияда ол ұшақтарға шабуылдаушы  бөлімінде соғысқан, жараланғаннан кейін оқу-жаттығу лагеріне нұсқаушы болып тағайындалды. Онда ол әскери алаңды бағдарлау, топография және жауынгерлік операцияларды орындау бойынша жаңадан шақырылған жауынгерлерді үйретті. Одан қанша адамды өлтірдің және қандай қылмыстар жасадың деп сұрағанда, әрине, Данабек тікелей жауап берген жоқ. Ол тек қарумен аттым, бірақ кімге оқ атқанынды көрмедім деп ақталатын.

Менің тағы бір сұхбаттасушым Аманжол Жансенгіров, арабша лахаб есімі Абдулхафиз, Ақмола облысының тумасы, жоғары білімі бар, мемлекеттік қызметте жұмыс істеген, кәсіпкерлікпен айналысқан, отбасы, баласы бар.

 

Аманжол Жансенгіров.

Ол да жоғарыда аталған арбаушы уағызшылардың әсерінен салафиттердің қатарына қосылды. 2011 жылдың басында Вазиристанға кеткен, екі жылдан кейін Сирияда болды. Осылайша ДАИШ - террористік ұйымның қатарынан бірақ шаққан. Жансенгіров өте ерекше адам. Сыртқы көрінісі; сәл қабағы түйілген, көзқарасы қарапайым, ауылдық мұғалімге ұқсайды. Тергеу изоляторында бірнеше ай жатып салмақ қосқаны байқалды. Кезінде орыс және қазақ тілдерінде бейнетаспа арқылы белсенді үгіт-насихат жасап,  барлығын ДАИШ- ұйымының  қатарларына қосылуға шақырған. Расында табылған бейнематериалдар мен фотосуреттерде жауларының кесілген бастарын теуіп жүрген шапшаң, арық жігітке ұқсату қиын. «Үгіт-насихаттайтын, үрей тудыратын бейнетаспаларға өз еркімен түскен жоқпын. Бізді мәжбүрледі» - деп ақталады Жансенгіров. –  Егер біз бағынбасақ, арабтар бізді жай өлтіре салатын еді. Ия, мен ешкімді өлтірген емеспін. Алғашқы ұрыс-шайқаста жараланып, қарапайым нұсқаушы болдым. Қазір мен онда соғысуға барғаныма қатты өкінемін. Мен онда балаларым мен әйеліме қауіп-қатер төндіргенімді, жергілікті арабтардың бізді қалай қабылдағанын, бізді екінші дәрежелі адамдар деп санайтындығын енді түсіндім. Бәрі қорқыныш және өзімнің ақымақтығым болды. Мені отаныма қайтарған еліме, президентіме және арнайы қызметтерге алғыс айтамын.

Тағы бір кейіпкеріміз 1988 жылы туылған Даурен Сабитұлы. Оны Сирияда Абдурахман деп атаған.

 

Дәурен Сабитұлы.

Салафизмнің жақтаушысы, ол Дамаскідегі теологиялық университетте оқыған, бұған дейін Біріккен Араб Әмірлігінде білім алған. Таяу Шығыс елінде экономист ретінде білім алып, Қазақстанда есепші қызметін істеген. Онымен бірге «Жусан» операциясы кезінде әйелі мен бес баласы оралды. ДАИШ- қатарында «Абдурахман амнияты» яғни күзет қызметінде аудармашы қызметін атқарды. Оның нұсқасы бойынша, ол жергілікті медреседе ұстаз болған. Қазақ жамағатының балаларына «араб тілі және Құран оқу» бойынша сабақ берген. «Мен кез-келген мемлекетті құру үшін әуелі қан төгу керек, тек қарудың көмегімен адамдар өздерінің мүдделері мен құқықтарын қорғай алады деп ойладым» - дейді. «Біз осы тергеу камерасындағылардың бәрі осылай деп ойладық». Біз тәлімгерлеріміздің барлық сөздеріне шынайы ықыласпен сендік. Олардың түсіндірген Ислам  бізге өте ұнады. Бұрынғыдай Қазақстандағы Дарын Мубаровтың уағыздары сияқты, бізге олардың идеялары, уағыздары таң қалдырды. Олардың дәрістерінен кейін менің ислам дінін үйренуге ынтам ашылды. Сондықтан мен бұл әлемді танығым келді және сол елге оқуға бардым. Дәурен бұдан әрі сырласуды және оның Сириядағы ерліктері туралы айтуды доғарды. Оның қазақстандық әділет пен қоғамнан жасыратын құпиялары бар сияқты. Біз оның басшысы Әмірдің бұйрығын естігенде ғана Ирактағы Багуз елді мекенінде күрд жауынгерлеріне тұтқынға берілген қазақстандықтардың бірі болғанын білеміз.

ДАИШ-тің қатарында мерген қазақстандықтар да болды. Бахтияр Ибраев, Нұр-Сұлтанның тұрғыны, 2009 жылы Қазақстаннан кетіп, дәл сол Вазиристанда мергендер бөлімінде жауынгерлік тактика бойынша жаттықты.

 

 Бахтияр Ибраев.

Ол Сирияға 2013 жылы барған. Ол 2000-шы жылдардың ортасында астанадағы «Артем» базарының жанындағы мешітке барып, жергілікті имамдардың уағыздарын тыңдаған. Сол жерде уахабизм дінін насихаттаған дін өкілдерін қалай кездестіргенін айтады. Әуелі Мысырда, содан кейін Талибан лагерінде болған. «Вазиристанда ислам мен үшін мүлдем басқа қырынан ашылды, мен ойлағандай емес» - дейді Ибраев. – Бұл елде жүргенімде бір нәрсе дұрыс емес екенін  іштей сездім. Менің түсінігіме мүлдем қарама-қайшы нәрселерді көрдім. Уахабизмнің қайда екенін, салафизм мен суфизмнің қайда екенін түсінбедім. Онда адамдардың бәрі адасып - шатасып кеткен. Бірақ көпшілік үшін бастысы шахид болып, сенім үшін жан тапсыру еді. Менің күнделікті көріп көзім үйренген нәрселердің бірі осы еді. Ол қандай операцияларға қатысқандығы жайлы және оның қалай өлтіргені туралы, әрине, мәлімет жоқ. Енді біз оның оқиғалары туралы сотта білеміз.

Әрине бұл адамдардың тағдырларына, олардың қандай жағдайда болғанын және олардың отбасыларына қандай қауіп-қатерлер төнгенін түсінуге болады. Мысалы, Ибраев айтқандай, ұлдарын медресеге оқуға жібермеген, өйткені ол жерде педофилия өркендегенін естіген. Себебі балалар сол жерде түнеуге қалатын.

Сирияға барғандардың арасында әлі кәмелетке толмаған, ата-аналарының қалауымен террористік ұйымның мүшесі болған, жас қазақстандықтар да сот алдында шығады. Олардың арасында бүкіл отбасымен барған Амангелді жанұясы бар. Бұл отбасыда ағайындылардың бірі сотталған, ал екіншісі тағдырын шешетін сот шешімін күтуде. Сириядағы ұрыс кезінде әкесі мен басқа туыстары мерт болды. Сондай-ақ, Бабайдың жасы 50-де, барлығына қарамастан, қазір өкінбейтін ДАИШ-тің белсенді жақтаушысы болып қала беретінін жеткізген. Сирияда тергеушілердің айтуынша, қауіпсіздік қызметінің жазалаушы отрядымен бірге ол қашқандарды ұстап, оларды өлім жазасына кескен.

Сотта тағы бір кейіпкер болады - Руслан КУАНОВ, 28 жаста. Ислам мемлекетінің идеологиясын  уағыздаған, идеологиялық шабыттандырушы және ДАИШ-ті насихаттайтын бейнематериалдардың авторы болып табылады.

Жалпы тергеуде отырған ДАИШ жақтастарының барлығында отбасылары бар. Олардың кейбіреулері бірнеше әйелдері мен балаларымен бірге Қазақстанға оралған. Сірә, отбасы мүшелері Елордаға келесі аптада басталатын процеске үнемі келіп тұрады. Құқық қорғау органдары барлық қауіпсіздік шараларымен арнайы орын мен сот залын дайындады.

 

Мақала «Время» қоғамдық-саяси газетінен алынды Авторы: Аскар Джалдинов, Нұр-Сұлтан қаласы. (орыс тілінде) 

Сілтемесі:  https://time.kz/articles/risk/2019/10/16/po-zakonu-mirnogo-vremeni

Қазақ тіліне аударған: «Дін мәселелері зерттеу орталығы» маманы теолог-дінтанушы  Асхат Дүйсен

0 пікір