Қазақстан Республикасы мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың заңнамалық негіздері: мәселелері және болашағы
Қазақстан Республикасы мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың заңнамалық негіздері: мәселелері және болашағы
08.12.2021
4046
0

Қазақстан егемендік алғаннан кейін өзін зайырлы мемлекет деп жариялай отырып, азаматтық қоғамның қалыптасуына негіз қалады. Қазақстан 1992 жылдың өзінде «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заң  қабылдап, ол өз кезегінде мемлекеттік конфессионалдық қатынастардың құқықтық негізіне айналды. ҚР мемлекеттік конфессионалдық саясаты отыз жыл барысында қоғам мен мемлекет арасында қарым-қатынастарды құруда маңызды рөл орындап, қоғамның көп бөлігінің, оның ішінде дінге сенушілердің де, сенбеушілердің де қажеттіліктерін білдіріп, оның өтелуіне мүмкіндік берді. Мұның барысында діннің бұқаралық санаға енуі және тәуелсіз Қазақстандағы дін рөлінің сәйкесінше өсуі жалпы саяси өмірге өз әсерін тигізе білді. Мемлекеттік-конфессионалды салада қарым-қатынастардың жүйесін құру бойынша мемлекет тарапынан бірталай шаралар іске асырылды:

- құзырлық және жауапкершілік салалары өзара ажыратылды;

- мемлекет қоғам мен тұлғаның рухани өмірлерінің монополисті болуын қойып, діни ұйымдардың заңды тұлғалар ретіндегі құқықтарын мойындады. Қазіргі таңда Қазақстанда мемлекеттік-конфессионалдық қарым-қатынастарының мәселелері шешілді деп кесіп айтудың мүмкіндігі тумай тұр.                       

Діни ұйымдардың мемлекетпен қарым-қатынастарының демократиялық, құқықтық, зайырлы мемлекет нормаларының, оның ішінде ар-ождан бостандығының тек индивидуалды емес, сонымен қатар институционалды тұрғыдан мойындалуы негізінде реформалануы әзірше аяқталмаған. Қоғам мен мемлекетте діннің қызмет етуімен байланысы мәселелер алуандығының арасында ең маңыздысы – мемлекеттік-конфессионалдық қарым-қатынастар. Мемлекеттік құрылымның кез келген түрі және мемлекеттің дінге деген қарым-қатынасының кез келген нысаны жағдайында, яғни атеистикалықтан теократиялыққа дейінгі жағдайында осы мемлекетте бар діни бірлестіктер мен мемлекеттің регламенттеуіне қажеттілік туады. Дін мен саясаттың өзара қарым-қатынастары әрбір тарихи кезеңде діни ұйымдардың түрлі буындарының саясатқа қатысу ерекшелігін және саяси қайраткерлердің дінді пайдалану ерекшелігін ашуға арналған нақты талдауды қажет етеді. Мемлекеттік конфессионалды қарым-қатынастар саласында заңды жетілдіру сұрақтарынан басқа мемлекеттік құрылыс міндеттері мәселелердің бірқатарын шешуді талап етеді. Мұндай мәселелерге келесілер жатқызылады: 1. Діни ағартушылық пен білім; 2. ҚР конфессияаралық қарым-қатынастарын жетілдірудің қажеттілігі; 3. Қазақстанды конфессиялар қызметіне шетел діни орталықтарының әсер етуі; 4. Мемлекеттік конфессионалды қарым-қатынастарды шешудің әлемдік тәжірибесі мен оның қазақстандық ерекшелікке сай шығармашылық тұрғыдан қолдану. Діни және дінтанулық ағартушылық пен білімге қатысты Қазақстаның осы қызметтің форматтарын анықтау аса қажеттілігіне душар екенін атап өту керек. Діндердің саясилануы, дәстүрлік институттардың өзіндік идеялық негіздерін тәрбиелеу мен ағартудан арылуы өзекті мәселе болып келеді. Мемлекеттік конфессионалды қарым-қатынастар қазақстандық қоғамдағы діннің өзгермелі әсерін есепке ала отырып, мемлекеттік құрылыстың маңызды элементі болып табылады. Дін қоғамдық дамудың адамгершіліктік параметрлерін ұсына отырып, өзінің мәдениет қалыптастырушы және дүниетанымдық қызметімен көзге түседі, ол өз кезегінде діннің зайырлы қоғамдағы рөлін анықтауда тұжырымдамасын әзірлейді, мемлекет пен діннің өзара әрекеттесуінің үлгісін таңдауды, мемлекеттік саясаттың «діндарлығы» мен «зайырлығы» шекараларын анықтауды, білім беру және ағартушылық жүйесінде және т. б. діни және дінтанулық білімдерді таратудың мүмкіндігін айқындайды.                    Мемлекеттің дінге қатысты ұстанымын ең алдымен оның заңдарынан көруге болады. Елімізде діни ахуалды реттейтін Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 11 қазанында қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының преамбуласында ханафи бағытындағы исламның және православтық христиандықтың халық мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлі танылатындығы атап көрсетілген. Бұл – ислам дінінің қазақ мемлекеттілігінің және халықтың рухани-мәдени құндылықтарының қалыптасуына негіз болғандығын, сондай-ақ соңғы үш ғасырлық тарихы қазақ елімен ортақ, әрі көптеген этностардың дәстүрлі діні саналатын православиелік христиандықтың Қазақстан халқының өміріндегі рухани-мәдени маңызын айғақтайды. Сонымен қатар, бұл Заң Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің, діни тағаттылықтың және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алады.                           

Қорыта айтқанда, конфессияаралық келісім – Қазақстан халқы үшін өзара түсіністікті қажет ететін қастерлі құндылық. Әр түрлі конфессия өкілдерімен достық қарым-қатынас орнатып, оларға қамқорлық таныту саясаттан бөлек адамгершілік құндылық болып табылады. Қазақстанның әлемдік және дәстүрлі діндер арасында сенімді байланыстар орнықтыратын өркениетаралық үнқатысу алаңына айналуы – Елбасының жаһандық үнқатысуға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді жүргізудің нәтижесі. Оның жемісін Елордамызда үш жыл сайын өткізілетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жұмысы арқылы көрсетудеміз. Мағыналы конфессияаралық орталық болып қалыптасқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі төңірегінде діни қауымдастықтар өзара түсіністік пен сыйластық табуда. Сонымен қатар, съезд әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің қазіргі заманғы шешімін таппаған жаһандық проблемаларды бірлесе шешуге бағдарланған мағыналы жиыны болып отыр. Елбасының бастамасымен жүзеге асырылған аса өзекті де, ауқымды бұл жобаға БҰҰ және ЮНЕСКО секілді басқа да көптеген халықаралық ұйымдардың жетекшілері, белгілі саяси қайраткерлер, әлемдік сарапшылар жоғары баға беруде.                             

Мұндай ауқымды іс-шаралар жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге деген жаңа көзқарасты қалыптастыру, жаңа дүние тәртібін жоғары адамгершілік пен руханилыққа негіздеу, әлемдік дағдарысқа моральдық нормалар мен биік адамгершілік қағидаттарын қатаң сақтау арқылы қарсы тұру секілді идеялар Қазақстанның жаһан жұртшылығының алдындағы беделін көтерді. Толеранттылық пен діни тағаттылық – конфессияаралық келісімді орнату қағидаттарының басты тетігі. Еліміз үшін төзімділік қағидаттары саяси мәдениеттің бағыттары ғана емес, мәдениетті қолдап-қуаттайтын мемлекеттің негізгі ұстанымдары болмақ.

 

 Түркістан облысы дін істер басқармасы

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ – нің

Мақтаарал аудандық бөлімі маманы       А.Жәлел

0 пікір