Ұмыт болған сүннет амалдар
Ұмыт болған сүннет амалдар
13.10.2023
1564
0

Алла Тағаланың сүйіктілері ол Пайғамбарлар, ал сол пайғамбарлардың ішіндегі ең сүйіктісі Пайғамбар Мұхаммед (с.а.с.). Өмірден кетерінің алдында үмметіне өсиет етіп кеткен «Мен сіздерге 2 нәрсе қалдырып бара жатырмын. Сол екеуіне берік болып мықтылап ұстаңыздар. Біріншісі «Құран», ал екіншісі «Менің сүннетім»,- деп айтқан. Мен сіздерді хауыздың (Құранда айтылған Кәусәр бұлағы) аузында тосамын. Пайғамбарымыз (с.а.с.) өз қолымен сол бұлақ суымен сусындандырады. Бүкіл ғылым атаулы осы Құранға қызмет жасайды. Құрандағы жалпылама келген аяттардың мағынасын Пайғамбар сүннетімен ғана түсіне аламыз. Мысалы Құранда Алла Тағала айтады: «Намаз оқыңдар, зекет беріңдер», Қалай оқиды? Кім оқиды? Қай уақытта оқиды? Осы амалдардың баршасын Пайғамбар сүннеті арқылы білеміз. Зекетті кім береді? Қалай береді? Осылардың баршасы хадистерде бекітілген. Сондықтан сүннетті Құраннан, Құранды сүннеттен айыру мұсылмандыққа жатпайды! Кезінде құраншылар ағымы шыққан, тек қана құран амалдарымен жүреміз деп, сүннет амалдарын тәрк еткен топтар болған. Ислам  ғұламалары айтады:«Құраннан сүннетті алып тастау ол исламның елу пайызын мойындамау»,-деп айтады. Өйткені құранда жалпылама айтып кеткен мәселелерді, сүннетпен ғана түсіне аламыз.

Қазіргі таңда жиі орындала бермейтін сүннет амалдардың бірнешесін атап көрсетер болсақ. Ишрак намазы: Бұл Алла Елшісінің (с.а.с.) маңызды сүннет амалдарының қатарына енеді. Ишрак намазы екі ракағат, баска намаздардың екі ракағатындай оқылады. Бұл намаздың оқылатын нақты уақыты, «күн шыққан соң шамамен 15-20 минуттан кейін оқылады».

Жұма күні жаңа киім кию. Алла Елшісі (с.а.с.) «Жұма күніне арнап киетін жеке киімдерің болса нұр үстіне нұр болар еді»,-деп айтқан.

Құптан намазынан кейін демалыс. Құптаннан бұрын ұйқыға кету, қазіргі таңда көп кездеседі. Пайғамбар (с.а.с.) құптанға дейін ұйықтамаған, құптан намазынан соң сабақ өткен, пайдалы әңгімелер айтқан немесе намаздан соң үйіне барып жатып демалған.

Әр айда үш күн ораза ұстау. Пайғамбар (с.а.с.) хижра күнтізбесі бойынша 13, 14 және 15 күндері ораза ұстаған. Пайғамбар (с.а.с.) соғыста жүрседе ораза ұстаған. Бұған дәлел сахабалардың риуаяттары.

         Әрбір істі «Бисмилләмен» бастау. Қазақта жақсы сөз бар «Бисмиллә Бисмилләсіз іс қылма»,-деген. Әрбір істі солай бастау берекелі болады.

         Сөзінде тұру. Сөзінде тұру, уәдеде тұру бұл ер жігіттің сипаты. Әр бір айтқан сөзіне жауапкершілікпен қарап, ойланып сөйлеу.

         Сондай ақ бүгінгі күнде Пайғамбардың басқада орындала бермей жүрген сүннет амалдар тізімі: Сақал қою, сəлде тағу, сүрме жағу, мисуəк қолдану, шашты ағаш тарақпен тарау, азан айтылған уақытта есiк-терезелердi ашып қою сүннет, сусындарды сыртынан көрiнетiн ыдыспен iшу, ақшам намазы уақыты болғанда перделердi жауып қою, тамақ iшiп отырғанда оң аяқты көтерiп iшiңе тигiзiп отыру сүннеті.

Қорыта айтқанда Пайғамбардың (с.а.с.) ұмытылып бара жатқан сүннет амалдарына сай амал ететін болсақ. Пайғамбардың (с.а.с.) сүннетін қайта тірілткен боламыз. Сүннет амалдарымен жүрер болсақ екі дүниеде де қор болмасымыз анық. Бүкіл адамзаттың ең соңғы пайғамбары хазреті Мұхаммед Мұстафадан (с.а.с.) үлгі ретінде алатын сүннет осы болса керек. Себебі, оның дара сүннеті, өмірге бағыт-бағдар беретін аса құнды іс-әрекеттерге толы әрі өмірдің негізін құрайды, сүннет тек діни мәселелерге ғана қатысты нәрсе емес. Сонымен қатар, әлеуметтік өмірде де сүннеттің іздерін көруге болады.

 

Б.Тұрарбек

Теолог маман                                                                             

 

 

 

0 пікір