Қазіргі кезде, исламдық орта жақсарып, адамдар өз діндерін білуге, діни ақпараттардан хабардар болуға деген қызығушылықтары артып келеді. Адамдар күнә мен сауап, халал мен харам тұрғысынан жақсылық пен жамандықты ажыратуға тырысып, осы мәселелер бойынша бір-біріне сұрақтар қойып, оған жауап беруге білімі жетсе де, жетпесе де ұмтылатындар кездеседі. Осы оқиғалар барысында белгілі және халық арасында танымал болған, нағыз ғұламалармен бірге әр түрлі адамдардың надан сөздері мен пәтуалары – халық арасында таралып, түрлі қауесеттер, қастандықтар мен алаңдаушылықтарға әкеліп соғуда. Дін дұшпандарының абсолютті бостандық, әркімнің еркін ойлауға және өз ойын ашық айтуға құқығы туралы сандырақтары мұсылмандар арасында да өріс алуда. «Неге пәтуа беру құқығы тек ғұламаларға тиесілі болуы керек? Ұстаздар шариғат пәтуаларын шығаруды өздеріне алады және басқаларға жол бермейді. Әркімнің Құран мен хадис оқуға құқығы бар сияқты, олардыңда шариғат жайында сөз айтуға және талдауға да құқығы бар» дегенге ұқсас пікірлер мұсылмандар арасында талқылануда. Бұның нәтижесінде кейбіреулер Құранға тікелей сілтеме жасай бастады, одан ижтиһад жасап, үкімдер шығара бастады, ал басқалары хадистерді оқып, тіпті арабша мәтіннен гөрі дұрыс, дұрыс емес аудармаларды қарап: «Бұхариде анау деген, мынау деген немесе басқа дереккөзде хадис бар. Мына жерде мынада хадис бар », - деп үкім шығара бастады. Ал, басқалары бірнеше айлар немесе жылдар бойы араб тілін оқыды, ал тілді білу оларға бұл құқықты бермесе де, олар Құран аяттарын аударды, хадистерді аударды, дәлірек айтсақ, олардың ашық мәтіндерінен үкім шығарды және пәтуалар берді. Өкінішке орай, аударуды білмейтіндер де аят-хадис жолдарын келтіреберетін болды. Кейбір адамдар шариғаттан мүлдем бейхабар болса да, дәлел сұрауға құқылы болмаса да, «Сізде бұл туралы дәлел бар ма?» және «сіздің хадисіңіз сенімді ме?», - деп сұрайтын болды. Бұл жұмыстың барлық түрі ғасырлар бойы айыпталып келген, ал ғалымдар мен олардың ізбасарлары бұл жұмыс түріне өте мұқият болған. Қазіргі таңда аяттар мен хадистерден үзінді келтірудің исламдық әдебін білетін, ұстаз болған білім иелерінің арасында сақталған. Алайда, бұл мәселе қазіргі кезде де өзектілігін жоғалтқан жоқ, бұл мәселені ғылыми тұрғыдан қарастыру қажет. Себебі шала молдалар мен дін оқымағандардың көпшілігі бұл мәселені елестете де алмайды.
Пәтуа беру - өте жауапты іс және бұл туралы шариғат шеңберінде айтылған және бұл туралы бөлек мақалалар мен еңбектер жазылған. Бұл жайында, Алланың Елшісінен (с.а.с.) келесі хадис риуаят етілген: «Кімде-кім білместен пәтуа берсе, жер мен көктің періштелері оған лағнет айтады». Осы хадисті қолдайтын тағы бір риуаят: «Кімде-кім адамдарға пәтуа берсе, оның күнәсі пәтуа берген адамға болады». Хузайфа ибн әл-Яман былай деген: «Үш адамның бірі адамдарға пәтуа береді. Құранның риуаяттарын білетін адам. Содан кейін олар «Олар кім?» деп сұрады. Хузайфа (р.а.) «Төрт халифаның бірі Омар ибн Хаттаб (р.а.) деп жеткізеді. Сахабалардың ішіндегі ең ұлы әрі әйгілі Абдулла ибн Масғуд: «Кім адамдарға барлық сұралатын нәрселер туралы пәтуа берсе, есі дұрыс емес!». Яғни, шариғат ғылымдары туралы толық және жүйелі білім ала алмаған, сұралаған нәрсесіне шариғат кітаптарынан емес өз ақыл-ойы мен дүниетанымы бойынша пәтуа беріп, жауап беретін адамның сөздері жындардың сөздері сияқты маңызды емес. Имам ән-Науауи (р.а.) былай деген: Суфьян ибн Уйайна, ұлы ізбасарлардың бірі былай айтады: «Адамдар қаншама пәтуа беруге батыл болса, соғұрлым аз білім алады!». Имам Маликке (р.а.) бір уақытта елуге жуық сұрақ қойылғанымен, ол олардың ешқайсысына жауап бермеді. Ол: «Кімде-кім сұраққа жауап бергісі келсе, алдымен өзін жұмақ пен тозақтың арасына қойсын. Тозақтан қалай құтылуды ойластырсын, содан кейін жауап берсін! Имам Маликтен (р.а.) бір мәселе туралы сұрағанда, ол: «Мен мұны білмедім», - деп жауап берер еді. Егер сұраушы: «Бұл оңай мәселе», - десе, ол қатты ашуланып: «Білімде оңай ештеңе жоқ», - деп айтар еді. Жоғарыда келтірілген барлық риуаяттар пәтуа ісінің өте жауапты екенін көрсетеді. Себебі шариғи пәтуа беру – халал мен харамды, күнә мен сауапты ажырату. Халалды харамға, сауапты күнәға немесе керісінше айналдыру адамды иманнан айыратыны анық. Сондықтан пәтуа шығарушылар мұны жақсы және терең түсінулері керек, өйткені, бұл жауапкершілікті түсінбеген адам тіпті ғалым да емес.
Тек белгілі бір адамдар ғана пәтуа беруі керек. Сахабалар мен табиғиндер дәуірінде халифа адамдарға әртүрлі пәтуаларды естігенде күйзеліп қалмас үшін, ол өзі тағайындағаннан басқа адамға пәтуа беруге тыйым салады. Сахабалар мен табииндер кезінде Меккедегі пәтуа тек Ата ибн Әбу Рабахқа (р.а.) және Мужахидке (р.а.) берген. Халифаның жаршысы халықтың арасында жүріп, осы екі имамнан басқа ешкім пәтуа бермеуге шақырған – тарихи шындық. Сахабалар да, табиғиндердің ізбасарлары да бұл ұсынысқа ешкім қарсы болмады, осы екеуінің пәтуаларымен келісіп, оларды ұзақ уақыт ұстанды. Мұның басты себебі: адамдар дау-дамайдың бұралаңына түсіп кетпеуі, жанжалдар мен пікірталастардан аулақ болуы, мұсылмандарды таңқаларлық пен қайғы-қасіретке ұшыратпауы, интригалардың көзін ашпауы керек еді.
Сөзімізді түйіндей келе, біздің білуіміз керек болған мәселе, қазіргі уақытта ғылым-білімнің шарықтап дамыған заманында кез-келген адамның сөзін естіп, осындай екен деп бір шешім шығару, ол өте қате пікір. Сондықтан адамдар бір мәселе, сұрақ туындаған сәтте пәтуаны, шешімді өздері білетін орындардан, арнайы мамандардан және ғалымдардан алуы керек. Мысалы, діни тұрғыдағы сұрақтарды ҚМДБ қарасты мешіт, имам, ұстаздардан және арнайы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» теолог мамандарынан алу керек болса, заң тұрғысындағы сұрақтарыңызға жауапты заңгерден алу керек.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің
Мақтаарал ауданындағы дінтанушы маманы Д.Аманов
Сіз шариғи шешім айтуға қаншалықты құқылысыз?