Қазіргі күрделі де, алмағайып заманда әлем халқы рухани құндылықтарға – адамзат өркениетінің сақтап қалудың негізгі тұғыры ретінде қарауда. Қазіргі таңда әлем жұртшылығы рухани ілім-білімге қарағанда, материалдық құндылықтарға аса назар аударып, тән рахатына бейімділік беріп, адами құндылықтардың жұтаңдалып бара жатқандығы жасырын емес. Технология дамыған бұл өркениет заманда өзге халықтан енген, ұлттық болмыстан өзге, жат мәдениеттердің санамызға еніп, біртіндеп құндылықтарымыздың орнын алмастырып жатқандығы тағы бар. Атам қазақ айтқандай: «Қолда бар алтынның қадірі жоқ»,-демекші, ертеде ата-бабамыз Шығыс мәдениетіне қызығушылық танытқан, ал ендігі кезекте соның мәнін қадірін білмейтіндейміз.
Өзге ұлттан еніп жатқан қазіргі таңдағы жат мәдениеттердің шығу себебімен тарихына жіті назар аудармастан, яғни сол ұлттың мәдениетін өзгертпестен (шаблон) алу мәдениетімізге енгізе салу ұлттың руханиятын түбегейлі жоюдың бірден бір жолы. Бір ұлтты мемлекетті жаулап алудың ең ұтымды жолы. Бірінші тілін, дінін, дәстүрін түп тамырымен жою-соғыссыз жаулап алумен пара-пар.
Қазақ халқы ертеден-ақ дәстүрлі діни бағытты ұстануда және әлі күнге дейін өз жалғасын табуда. Алайда қазіргі қоғам, жастарымыз өзгеге еліктеп, құндылықтарымыз ұмытылып бара жатыр. Жалпыға ортақ тілде айтар болсақ өзгенің қаңсығын таңсық қылып жүргеніміз жасырын емес. Сондай-ақ шет елден енген мерекелер, мәдениеттер өскелең ұрпаққа орасан зор залалын тигізуде. Мысалы, Еуропадан енген мереке, мәдениеттерге жеке зер салып қарар болсақ, «Хэллоуин», «День Валентина» сынды мерекелер, қазақ халқының дәстүріне, ғұрпына, дініне қарама-қайшылық тудырады. Қоғамға, өскелең ұрпаққа қауіп төндіретін сырттан енген әр бір мәдениет ділімізге залал келтіріп жатқандығын дәлелдеудің қажеті жоқ. Ол айтпасада тайға таңба басқандай айқын көрініс табады. Дінге қайшы, санаға жат болған бұл өзге мәдениеттер қазақ халқының ғұрпына мүлдем жат. Әр елдің мәдениетін мерекесін тойлай берер болсақ, ұлт болып бөлінудің қажеттілігі қанша?
Бүгінгі жастардың санасы көп жағдайда жақсы мен жаманның, дұрыс бұрысын, мәнін ұғынбаса керек. Содан болар, еліктегіш, парқын біліп, байыбына бармаған өзге ұлт мейрамдарын тез бойына сіңіріп, тіпті жаңалық енгізгіш болып келеді. Қазақта төл мерекелер жоқ емес. Өзгенің мәнсіз мерекелерін тойлағанша, мән мағынасы бар, салт-дәстүріміз бен ұлттық дүние танымымызға жақын, еш бір әбестігі жоқ мерекелерді тойласа, сән-салтанатымызға көрік беріп, нұр үстіне нұр болар еді. Мысалы Әз-Наурыз мерекесі қазақтың төл мейрамы. Самарқандтың көк тасы еріп, күн мен түн теңелер, жадырап шыққан көктем мерекесін неге тойламасқа?
Бұл мереке қазақ халқының иісі аңқыған, қыстан аман шығып, ағайын, көрші қолаңмен көрісу мейрамы. Жеті түрлі дәнді-дақылдан тағам даярлап, бір дастархан басында бас қосып, мәз-мейрам, шат-шадыман болған бұл мейрам нағыз дінімізде де, салтымызда да айрықша орын алар төл мейрам десек артық айтқандығымыз емес.
Өзге мемлекеттің мәдениеті өскелең ұрпаққа залалы тиіп жатқандығын аңғарудамыз, алайда ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпас үшін не істемек керек? деген басты сұрақ көкейімізде сайрап тұр. Әрине әрбір қауіпті істің алдын алу үшін, күресу шараларын қолдану қажет. Яғни ұлттық нақыштағы, киімдерімізді, сусын тағамдарымызды өз мемлекетімізде ғана емес, шет мемлекеттерде таныстыруымыз қажет. Қазақ халқының өнерін паш етіп, қаншалықты мәдениетті халық екендігімізді, дәстүрге, өнерге, мәдениетке бір табан жақын екендігімізді жария түрде мақтанышпен көрсете аламыз.
Әлемде қандайда болмасын бір мемлекет елді жаңғырту мақсатында ортақ бір үлгі болуы шарт емес. Әр мемлекет даму жолын, сатысын өзі жасайды. Мемлекетті дамыту жолында, өзге дамыған мемлекеттің саясатын я болмаса мәдениетін өзгертпестен түпкі тамырын тереңінен зерделеместен алып қажеті жоқ. Себебі түпкі мәніне, тамырына дейін дұрыс зерттелмеген бұл мәдениет орасан зор қауіп төндіруі мүмкін.
Мысалы, өзге топырақтан, өзге жерден алынған өсімдікті, зерделеусіз екінші бір жерге құнарсыз отырғызылса ол өсімдік қурап, жоқ болып кетуі де ғажап емес. Себебі әрбір ілім жолында түпкі тамырынан белең алар болса, тамыры бәйтеректей тереңінен жаяры сөзсіз.
М.Құрманбек
Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университетінің 4 курс студенті
Шет елден енген мәдениеттің ұлтымызға залалы