Біз қазіргі таңда әлемдік аренадағы түрлі өзгерістерге куә болудамыз. Әсіресе жаһандану үдерісіндегі адамзаттың қол жеткізген жетістіктері ерекше. Ғылыми техникалық прогресс, экономикалық даму, ақпараттық жаңа технологиялардың артықшылықтары және тағы басқа да игіліктер адам баласына мол мүмкіндіктер беруде. Алайда, мұның барлығы адамзаттың тіршілік етуіне қолайлы жағдай туғызып келешекке деген сенімді нығайта түсетіндей көрінеді. Шын мәнінде солай ма? Нақты жауап беру қиын. Өйткені әлемде көптеген игілікті істер атқарылып, даму үдерістері жүріп жатыр. Сондай-ақ, адами құндылықтарға баса назар аударылып отырғанына қарамастан қауіп-қатер де белең алуда. Нақтылай айтқанда өркениетке қадам басқан бүгінгі әлемнің түкпір-түкпірінде дау-дамай, жанжал, соғыс ошақтары баршылық. Мемлекетаралық, дінаралық дүрдараздықтар, экстремистік, лаңкестік топтар тарапынан болып жатқан қысым, адам құқығын таптау секілді келеңсіздіктер тыйылар емес. Бұл арада әлемдегі экономикалық, әлеуметтік, экологиялық мәселелердің де біздің болашағымызға, тіпті, бүкіл адамзат өркениетіне қауіп төндіріп тұрғанын айтпай өтуге болмайды. Ол өз кезегінде адами, рухани құндылықтарға да кері әсерін тигізбей қоймайды. Осынау сын қатерлерге лайықты жауап қайтару үшін адамзат толеранттылыққа, төзімділікке, өзара келісімге басымдық беріп, адамгершілікке жүгінуі тиіс.
Қоғамдық бірлік пен толеранттылық – қоғамның тұрақтылығы мен дамуы үшін аса маңызды. Олар адамдар арасында түсіністік, сыйластық және ынтымақтастықты қалыптастырады.
1. «Әлеуметтік тұрақтылық»: Бірлік пен толеранттылық қоғамдағы түрлі мәдениеттер мен көзқарастарды қабылдауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде әлеуметтік шиеленістердің алдын алады.
2. «Экономикалық даму»: Бірлікте жұмыс істейтін қоғамдар экономикалық тұрғыдан мықты болады, себебі олар бірігіп, ортақ мақсаттарға жету үшін күш жұмсайды.
3. «Мәдени алмасу»: Толеранттылық түрлі мәдениеттердің араласуына ықпал етеді, бұл қоғамның мәдени байлығын арттырады.
4. «Жеке даму»: Адамдар арасында сыйластық пен түсіністік болған кезде, олар өз пікірлерін еркін білдіріп, жеке дамуына мүмкіндік алады.
5. «Демократиялық процестер»: Толерантты қоғамда демократиялық құндылықтар мен құқықтар сақталатындықтан, азаматтар өз пікірлерін білдіруге және қоғамды дамытуға белсенді қатысады.
Осылайша, қоғамдық бірлік пен толеранттылық – қоғамның гармониялық дамуының негізі.
Бірлік, бейбітшілік ұғымы қай қоғамда болмасын өте өзекті. Адам баласы ежелден тыныш, бейбіт өмір жолында күресіп, ұрпағының жақсы заманда өмір сүруін армандап, сол жолда күш-жігерін сарп етіп келеді. Тарих күнделігінің парақтарын ақтара отырып, сонау ерлеріміздің бес қаруын бойынан тастамай, ер жастанып, ат үстінен түспеген күндері мен өткен ғасырдың алып оқиғасы – Ұлы Отан соғысының бейбітшіліктің қадірін ұғындырып кеткенін түсіну қиын емес.
«Бірлігі мықты ел озады, бірлігі жоқ ел тозады», – демекші тарихы бай, халқы кемеңгер, құшағы кең еліміздің болашаққа қарыштап қадам басуы жолында бірлігіміз мызғымас берік болуы керек. Ол үшін әрбір адам өз бойын жат пиғыл, арам ниеттен аулақ салып, айналасымен ізгі қарым-қатынаста болып, достық көпірін мықты етіп қаласа болғаны. Тұрғындары бір-біріне мейіріммен қарап, достықтың, адамгершіліктің, сыйластық пен бірліктің нағыз үлгісін көрсететін елдің іргесі мызғымайды, керісінше беки түседі. Тіршілік жәрмеңкесіндегі тірлігіміздің оңға басуы – бейбіт өмірдің көрсеткіші.
Б.Абдрахман
Түркістан облысы дін істері басқармасы
«Дін мәселелерін зерттеу
орталығы» КММ – нің
теолог маманы