Қария сөзі – қазына
Қария сөзі – қазына
14.05.2025
520
0

Қазақ халқының рухани болмысы мен ұлттық құндылықтарының негізінде қарияға деген құрмет ерекше орын алады. «Қариясы бар елдің – қазынасы бар» деген халық даналығы осының айғағы. Қария – тек жасы үлкен адам емес, ол – өмірлік тәжірибесі мол, даналықтың, сабыр мен парасаттың иесі. Ол – ұрпақтар сабақтастығының алтын көпірі, ел мен жердің шежіресін көкірегіне түйген тірі тарих. Қария сөзі – өмір сынынан өткен, жүрек сүзгісінен сүзіліп шыққан шындық. Ол – ұлттығымыздың, дініміздің, руханиятымыздың алтын арқауы.

Бүгінде қоғам түрлі сын-қатерлер мен құндылықтар шайқасына куә болуда. Жаһанданудың ағысымен ұлттық болмысымыз бен рухани дүниемізге қауіп төндіретін идеологиялар мен ағымдар да көбейіп келеді. Осындай алмағайып заманда жастардың бағыт-бағдары айқын болуы үшін қарияның сөзіне құлақ түріп, өткеннен өнеге алуы ауадай қажет.

Қариялар – ұлттың ішкі тұтастығын сақтаған тұлғалар. Олар ел ішіндегі кикілжіңді сабырмен шешкен, ағайынды татуластырған, аразды жарастырған. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген нақыл – соның айғағы. Қазақы тәрбиеде үлкеннің алдынан кесіп өтпеу, сөзінен аспау, бата сұрау – тек әдеп емес, рухани тәрбие. Бұл – ұлттың ұстыны. Қария сөзі жастарды жікке бөлмей, біріктіруге, алауыздықтан сақтануға, тектілікті танып, тура жолдан таймауға үндейді. Соңғы жылдары кейбір жастардың дін атын жамылып, дәстүрден, ұлттың негізінен алыстап бара жатқанын көріп отырмыз. Мұның басты себебі – рухани бос кеңістікті теріс ақпараттың басып кетуі. Осы орайда, салт-дәстүр мен ислам дінінің үйлесімін түсіндіре алатын, көргені мен көңілге түйгені мол қарияларымыздың орны ерекше. Олар:  «Дін – дәстүрдің өзегі» екенін ұрпақ санасына сіңіріп, адасушылықтан сақтандыра алады.

Қария сөзі – тәлім. Ол бірлікті нығайтады, дінді дұрыс түсінуге жол сілтейді, ұлттығын жоғалтпаған нағыз қазақ болуға үндейді. Сондықтан жастар тек жаңашылдыққа ұмтылып қоймай, көненің көзіндей болған қарияның сөзін тыңдауы тиіс. Онда тек ақыл емес, аманат бар. Қария – халықтың айнасы. Олармен пікір алмасу – тарихпен, түп-тамырмен, дінмен және ұлтпен байланыс орнату. Әр қария – тірі шежіре, тірі мектеп. Жастар олардың қасында отырып, сөзін тыңдап, батасын алып өссе, ертеңгі елдің тізгінін ұстауға лайықты, рухы биік, бірлігі бекем ұрпақ қалыптасады.

Қариялар – ұлттың ішкі тұтастығын сақтаған тұлғалар. Олар ел ішіндегі кикілжіңді сабырмен шешіп, ағайынды татуластырған, аразды жарастырған. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген нақыл – соның айғағы. Қазақы тәрбиеде үлкеннің алдынан кесіп өтпеу, сөзінен аспау, бата сұрау – тек әдеп емес, рухани тәрбие. Бұл – ұлттың ұстыны. Қария сөзі жастарды жікке бөлмей, біріктіруге, алауыздықтан сақтануға, тектілікті танып, тура жолдан таймауға үндейді.

Қариялар – дін мен дәстүрдің үйлесімділігін сақтаушы. Олар ислам дінінің қағидаттарын ұлттық салт-дәстүрмен ұштастырып, ұрпаққа жеткізген. Қазақтың «Дін – дәстүрдің өзегі» деген сөзі осының дәлелі. Қариялар жастарға діннің терең мәнін түсіндіріп, оларды жат ағымдардың ықпалынан сақтандырады. Олар дін мен дәстүрдің бірлігін насихаттап, қоғамда рухани тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Қария – ұлттың ұстыны Қариялар – ұлттың ұстыны, рухани тірегі. Олар өмірлік тәжірибесімен, даналығымен, сабырлығымен ұрпаққа үлгі. Қарияның сөзі – ұрпаққа аманат, болашаққа бағдар. Сондықтан жастар қарияның сөзін тыңдап, батасын алып, өнегесін бойына сіңіруі тиіс. Бұл – ұлттың болашағын жарқын етудің кепілі.

Қария сөзі – өткеннің ғана емес, келешектің де кепілі. Ол – бірліктің де, ұлттық тұтастықтың да, діни тұрақтылықтың да негізі. Сондықтан бұл қазынаны сақтау, тыңдау және ұрпаққа жеткізу – әрбіріміздің парызымыз.   Қария сөзі – қазына. Қазынаны қадірлейік, адасудан сақтанайық, бірлікті бекемдейік!

 

Н.Әбухан

 

Түркістан облысы дін істері

басқармасының «Дін мәселелерін

зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы                                            

0 пікір