Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарымен салыстарғанда қазіргі Қазақстанда дінге деген көзқарас түбегейлі өзгерді. Қазақстандық қоғамның маңызды бөлігі өзін діншіл деп санайды. Дін әлеуметтік дамуда, қазақстандық қоғамның тұрақтылығын сақтауда маңызды рөл атқара бастады. Бұл мемлекеттің діни бірлестіктермен барабар қатынастар құруды талап етті, мемлекеттік-конфессиялық қатынастар Қазақстан Республикасы үшін маңыздылардың біріне айналды. Қазақстанда «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы және нормативтік құқықтық актілердің қабылдануы мен жүзеге асырылуы елдегі діни ахуалды жақсартуға, конфессиялар қызметін уақыт талабына сәйкестендіруге мүмкіндік берді. Елімізде әртүрлі діндер мен конфессия өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі және өзара тиімді іс-әрекет етуі үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Мұсылмандар, христиандар және басқа діни сенім өкілдері біздің көпконфессиялы және көпұлтты ортақ үйімізде қоян-қолтық араласа өмір сүріп жатыр.
Өкінішке орай бір жылдан астан уақыттан бері халық арасында «Covıd-19» індетінің таралуына жол бермеу мақсатында елімізде төтенше жағдай жарияланып, карантин шаралары енгізілгеннен бастап, діни бағыттағы бұқаралық іс-шараларға тежеу қойылды. Барлық діни бірлестіктер, сондай-ақ діни мерекелер кезінде карантин режимін сақтауда. Коронавирустық инфекциялардың көбеюіне байланысты Қазақстанда сұлулық салондары, спорт залдары, фитнес орталықтары, жабық базарлар, ойын-сауық және діни нысандар, балабақшалар мен жазғы лагерлер жабық болды. Адамдар көп шоғырланып, коронавирус жұқтыру қаупі жоғары болғандықтан діни мекемелер жабылды. Маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтау ‒ барлық адамдар үшін сақталуы тиіс міндетті санитарлық талаптар бұл азаматтардың күнделікті өміріндегі ережелерге айналды.
Қазақстанда коронавирус індетінің ушығуына қатысты 2020 жылы қасиетті Рамазан айы әдеттегідей қарсы алмады. Қасиетті Рамазан айы сияқты, Құрбан айт мерекесі де онлайн-режимде атап өткізілді. ҚМДБ республикалық онлайн жиынында оны бейнебайланыс режимі арқылы өткізу жайлы пәтуа жасалды. Мобильді банктер арқылы әр адам қайырымдылық жасай алады. Құрбандық шалу рәсімі, Пітір-садақа секілді қайырымдылық рәсімдер әр адам мобильді банктер арқылы жасай алды. Карантин ұзақ уақытқа созылып, күшейтілді. Діни бірлестіктердің әрекеттері шектеулі, кейбірі өз қызметін тоқтатты. Құлшылық ету тек онлайн-режимде өтіп, оны келушілер бақылады.
Биылғы 2021 жылы көптеген діни қызметтер де онлайн-режимде өткізілуде. Ғаламторда және арнайы мекемелердің парақшаларында жат діни ағымдардың әрекеттерін түсіндіретін материалдар орналастыруда. Әлеуметтік желілерде түрлі рухани тақырыптарда теологтармен, дінтанушылармен, дін өкілдерімен, республикаға танымал сарапшылармен тікелей эфирлер, байқаулар өткізілді. Тұрғындар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға шара спикерлері толыққанды жауап алуда. Жиында аймақтағы дін мәселесіне қатысты өзге де маңызды жайттар назардан тыс қалмады.
Қазақстанның кейбір аймақтарында төтенше жағдайдың аяқталғанына қарамастан, Қазақстандағы мешіттер толығымен әлі ашылмайды. Карантин көптеген діни бірлестіктер өкілдеріне медиа-ағарту бағытында мол тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.
Түркістан облысы дін істері басқармасының
«Дін мәселелері зерттеу орталығы» КММ
теолог маманы А.Дүйсен
Карантин кезіндегі діни ахуал