Олар қанша?
Жыл басынан бері қақтығыс аймақтарынан Отандастарымызды елге қайтару мақстында Тұнғыш Президентіміз, Елбасының бастамасымен басталған «Жусан» әскери-гуманитарлық операциясы 3 кезеңнен тұрып, жалпы алғанда 357 бала, соның ішінде 27-сі жетім, 137 әйел және 30 ер азаматтар өз Отанымызға қайтарылған. Қазіргі таңда Түркістан облысы аумағында шамамен 5 азаматша балаларымен тұрғылықты мекен-жайлары бойынша орналасқан.
Олармен қалай таныстық?
Өзге елде 6-7 жылдай уақыт аралығында қақтығыстың ортасында жүргендері психологиялық тұрғыда соққы алғандығын байқадық. Алғаш кездесулерде тартынып, ашылмай, қорқыныш, күмән, күдікпен қарап, сенімсіздік танытып, психологиялық тұрғыда қарым-қатынастқа түспеген болатын. Бастапқыда тіпті ер азамат теологтармен сөйлесуден бас тартқандарын ұзақ уақыт бойы ер адамдармен кездесіп, сөйлеспегендерімен түсіндірді. Әйелдердің басым көпшілігі күйеулеріне бойұсыну арқылы, соқыр сеніммен балаларымен бірге Сирия аумағына көшкені, ойларындағыдай, қиялдағандай өмір шын мәнінде қан төгіс, соғыстың ортасынан бірақ шыққандарын түсінгенде кеш болды. Тіпті, жақсы өмірді уәде еткен күйеулері көп ұзамай қайтыс болып, арқа сүйер, сенер азаматтары болмаған соң, ер адамға деген сенімсіздік, реніш, қорқыны ұялағанын байқадық. Алайда үздіксіз жеке кездесулер нәтижесінде біздің тарапымсыздан оларға тек теологиялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар, психологиялық тұрғыдан көмек ұшын беретінімізді білдіріп, уақыт келе ашылып, жан-жақты тақырыптарда сұхбаттар жүргіздік. Нәтижесінде қоғамға бейімдеуге дайын екендерін көрсетті.
Қандай сабақтар өткізілді?
Оңалту орталығында теологтар тарапынан жеке, жалпы кездесулер, психологтармен бірігіп дөңгелек үстел, тренинг-семинарлар ұйымдастырылды. «Білім алу әрбір мұсылманға – парыз», «Намаз оқымаған адам кәпір ме?», «Мүртәд үкімі кімге жасалынады?», «Жер домалақ па?», «Зайырлы білім алуда шариғат не дейді?», «Әбу Ханифа мазхабы жайлы», «Құран бағыштау шариғатта рұқсат етілген ба?», «Салт-дәстүр мен дін» сияқты тақырыптарда дәрістер жүргізіп, түсіндірме жұмыстары жасалынды. Сонымен қатар, балаларға да мектеп, мектепке дейінгі дайындық, балабақшаларда тәрбиешілер жұмыс жасады. Балаларға ааналарымен бірге педагогикалық сабақтар беріп, мектеп бағдарламасымен таныстырды.
Қандай ұлттық құндылықтар дәріптелді?
Оңалту орталығында тек бір жақты теологиялық жұмыстар ғана емес сондай-ақ дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу мақсатында психологтар мен теологтар тарапынан іс-шаралар ұйымдастырылды. Айта кетер болсақ, «өлкетану» тақырыбында патриоттық сезімдерін ояту барысында әр өңір туған жерінің тарихын айтып, көрнекі, тарихи орындарымен таныстыру арқылы шаралар ұйымдастырылды. Қазақи дәстүрде «тұсау кесер», «шілдехана» рәсімдері орындалып, «қыз сыны» «қазақша рэтро әндер» атты мәдени іс-шаралар да болып өтті. Белсенділік танытып өз еліне, жеріне деген сағынышпен ән шумақтар, алғыс сөздер, арнаулар да жазды. Балаларға теологиялық-психологиялық көмек көрсетіп, қоғамға бейімдеу барысында «күйзеліске» ұшырамау мақсатында «қуыршақтар театры», «өнер жарыстары» ұйымдастырылып, патриоттық сезімдерді ояту мақсатында әнұран, дәстүрлі әндер, өлең шумақтары жаттатылды. Сайыстар ұйымдастырылды.
Олардың қазіргі жағдайы қандай?
Қазіргі таңда «жусандықтар» қала, аудандардағы тұрғылықты мекен-жайлары бойынша орналастырылған. Жергілікті мемлекеттік мекемелердің тарапынан балаларды мекетепке, бала-бақшаға жайғастырады. Кездесу барысында отбасылық, туыстық қарым-қатынастар нығайып, қоғаммен белсенді түрде араласа бастағандарын, сондай-ақ бейімделу барысы жақындарының ортасында жоғары деңгейде болып жатқандығын айтып білдірді. Өз еліне деген құрметтерін жасырмай, өкініштерін білдіріп, болашақтарына басқа оймен, сеніммен қарайтындарын жасырмай айтуда. Келешекте ұл-қыздарына жақсы білім беріп, отанымызға қызмет етеді деген үміттерін де жасырмады. Біз де олардың болашағына зор сеніммен, үмітпен қараймыз.
«Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру»
бөлімінің теолог маманы Абдирасулова Жанна