ИШИМ (ДАИШ) ұйымың пайда болу тарихы мен дүниетанымы
ИШИМ (ДАИШ) ұйымың пайда болу тарихы мен дүниетанымы
03.11.2020
1288
0

1979-1989 жылдар арасындағы КСРО-ның Ауғаныстанмен соғыста жаулап алушы Кеңес Үкіметіне қарсылық көрсету мақсатында көптеген елдерден мұсылман бауырларына көмек қолын созу үшін Ауғаныстанға бет алған болатын. Бұл еріктілерге материалдық және логистикалық қолдау көрсету мақсатсында Усама б. Ладен мен палестиналық «Мұсылман бауырлар» ұйымының өкілі Абдулла Аззам тарапынан «Мактаб әл Хидама» (Қызмет бюросы) құрылып, оның аты әл-Каида болады. 1989 жылы қызылдар Ауғаныстаннан кері шегінуімен өз отандарына қайта бастаған еріктілермен «әл-Каида» атты жаңа бір ұйымды құрған Усама б. Ладен уақыт өте келе басқа да ұйымдармен бірлесе отырып өз ұйымының күш-қуатын арттырды. Усама б. Ладеннің басқаруындағы әл-Каида 1998 жылы Жаһандық Исламдық Майданын құрып, АҚШ, Израиль және осы елдердің одақтастарына қарсы жихад жариялаған болатын. Көптеген елдердегі АҚШ елшіліктеріне, әскери құрылымдар мен кемелеріне лаңкестік әрекеттер де жасап үлгерді.

Усама б. Ладен тарапынан әлемдік форматтағы «жихадын» АҚШ-тың Ирак территориясына кіруінен кейін ИШИМ-нің құрушысы ретінде танылған иорданиялық Әбу Мусаб әл-Зәрқауи де насихаттай бастады. Ауған соғысындағы еріктілерге қолдау көрсету үшін Пәкістанға барған Зәрқауи рухани қолбасшы, ұстаз болған және саләфилік дүниетанымдағы Шейх Әбу Мұхаммед әл-Мақдисимен танысады.

Зәрқауи темір тордың арғы жағына да қамалады. ИШИМ-нің болашақ қолбасшысы, ұстазының саләфилік дүниетанымның және жихадтың зорлық-зомбылыққа толы тұжырымдамасын иемденуі жағынан қолайлы орта болады.

ИШИМ (Ирак және Шам Ислам Мемлекеті) – радикалды дүниетанымды ұстанған халықаралық әскери лаңкестік ұйым ретінде күллі әлемге танылды. 2013 жылдан бастап 2019 жылға дейін Жер шарының мемлекеттері мойындамаған, танымаған мемлекет ретін Сирия мен Ирактың көптеген аудан-қалаларын жұмса жұдырығында, ашса алақанында ұстап отырды. Қысқаша атауы – «Ислам мемлекеті». Бұл ұйым АҚШ-тың С. Хусейн басқарған Ирак еліне соғыс ашқан кезден бастауын алады. 2006 жылы Зәрқауи қаза болғаннан кейін оның жақтастары көптеген лаңкестік ұйымдармен біріге отырып «Ирак Ислам мемлекетін» құрады. 2009 жылға таман шабуылдардың нәтижесінде толығымен жойылса да бір өтпестен Әбу Бәкір әл-Бағдадидің бастамасын қайта қалпына келе бастайды. Араға үш жыл салып, 2013 жылы әл-Бағдади Сирия мен Ирак аймағында «Ирак және Шам Ислам мемлекеті» құрылғынан жария етеді.

Ислам мемлекеті саләфи-жахидтық такфири идеологиясын ұстанды. Аталмыш екі сөзді (саләфи-жихадия) көсемі Әбу Омар әл-Бағдади мен оның жолымен жүрушілер үндеулерінде қолданатын. Ұйымның басты мақсаттардың бірі ретінде мұсылман елдеріндегі үкіметтерді құлату арқылы Ислам мемлекетік орнату. Мақаланың кіріспе бөлімінде айтып өткеніміздей, әл-Каиданың дүниетанымымен бірдей болса да, арасындағы айырмашылық әл-Каида ұйымының Таяу Шығыста Ислам мемлекетінің құрылуы үшін ең алдымен АҚШ-қа шабуыл деп түсінді. ИШИМ-нің дүниетанымындағы маңызды фактор ретінде – саләфилік идеологияны да атап өту қажет. Бұл ұйым да псевдосаләфилер секілді өздерін ғана шынайы мұсылман ретінде санайды. Тау-тастарға, әулиелік культ пен қабірлерге түбегейлі қарсы. Адасушылықпен демократияны және демократиялық жүйемен ат салысып жүргендерді айыптайды. Сонымен қатар бұл ұйымның қолдаушылары өздері секілді ойламаған өзге дүниетаным иелерін өліммен жазаландырылудың қажеттілігіне сенеді. Жалпы алғанда, ИШИМ халифатты жариялау мақсатын жүзеге асырғаннан кейін Ирак пен Шам аймағында биліктің әлсіздігін пайдаланып, шариғат басқарған Ислам мемлекетін құру жолына түседі. Бұл мақсаттарын жүзеге асыруы үшін, ең алдымен, иелік еткен территорияда қысқа мерзімнің ішінде өз күшін көрсетіп, Сирия мен Ирак аумағына дейінгі территорияда кең қанат жайғысы келетіні сөзсіз.

Қорытындылай келе, жаһандану мен барлау қызметінің дамыған кезеңінде, әсіресе Таяу Шығыста орын алған оқиғалар мен ИШИМ және оған ұқсас ұйымдарды тану үшін психологиялық, әлеуметтік, саяси, теологиялық және т.б. көптеген мүдде мен дүниетанымды айқындау қажет. Мәселені тек діни, стратегиялық немесе әлеуметтік оқиға ретінде қарастыру бұл секілді ұйымдардың дұрыс зерттелуіне кедергі жасайтын факторлар болып табылады.

 

 

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің

«Әдістемелік қамтамасыз ету»

бөлімінің маманы                                  Б.Ботақараев

 

0 пікір