Дінді зерттеуде заманауи жай-күйі
Дінді зерттеуде заманауи жай-күйі
13.10.2021
780
0

Адамзат баласы әрқашанда өзінің өмір-табиғатын зерттеуге, танып-білуге тырысады. Яғни әр бір адам ойында жүрген сұрақтарға жауап алғысы келеді. Әсіресе мына сұрақтар: «Жер қайдан жаралған және пішіні қандай?», «Адамдар неге ұлт пен ұлыстарға бөлінеді?» және тағы басқасы. Адамзат даму кезеңдерін қарасақ, ғылым мен білім дамудың бір сатысы іспетті. Заман өркениеттінің негізгі құндылығы саналған,  сан алуан сұрақтардың талас-тартысын, күмәндісін шешетін және үлкен мәні бар теориялар қалыптастырып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу жолын қарастырған қоғамның асыл құралы, ғалымдардың қаруы. «Ғылым» – сөзінің этимологиясы латынның «scientia» білім  деген  мағынаны беретін сөзі ғылымтанушылардың назарын аудырған. Ал кез келген білімнің ғылым емес екендігі белгілі. Білім – адамзаттың әр қилы тіршілік ету сферасынан: қарапайым өмірден, саясаттан, экономикадан, өнердегі тағы басқа жағдайлардан алынады. Ал енді ғылымға анықтама берсек, ғылым – тәжірбие жүзінде анықталған нақты дәлелдемелер мен логикалық заңдарға сүйенетін қорытындылардың негізінде білім әлемін жасайды. Сөз жоқ, ғылым адамзат мәдениетінің орасан зор жетістігі болып саналады. Ол адамзат өмірін ұрпақтан-ұрпаққа жеңілдетіп, тәуелсіз етеді және материалдық, рухани байлықтың негізіне айналды.

Жаһандық интеграция, заманауи технологиялардың дамуы, адамзаттың дүниетанымдық ұстанымдарының өзгеруі діннің қоғамда алатын орнын тұрақсыз етті. Дін ұзақ уақыт бойы танымдық қызметті атқарып келді. Сондықтан адамзат үшін ерекше мəнге ие болған. Бірақ болмыстың аксиологилық мәні күйзелістік жағдайда болғандықтан, дінге деген сенім күрт төмендеп кетті. Рухани құндылықтардың құлдырауы адамзаттың ішкі рухани дүниесінің құнсыздануына алып келді. Қоғамда секуляризациялық процесс басталды. Секуляризация діни-экстремистік ағымдардың қайнар көзі деген пікір айтыла бастады. Террористік ұйымдар көздеген мақсаттарына жету жолында экстремистік көзқарастардың кеңінен таралуына барлық жағдай жасайды. Рухани күйзеліске тап болған қоғамда бұл процесс тез орынын табады. Сол себепті осы феноменмен күресу жолдары да талқыланады. Əлемде болып жатқан интеграциялық процестер еліміздің барлық салаларын қамтып отыр. Соның ішінде дінге де қатысты интеграциялық процестер бар. Қоғамда дінге деген жаңа көзқарас жаңа құндылықтарды тудырады. Діни нормаларды сакралдандыру тұлғаға да əсер етеді. Діни плюрализм интеграция процесінде жиі кездесетін құбылыс. Осыған орай, монистік немесе дуалистік көзқарасқа қарағанда, плюралистік көзқарас ақиқатқа жақын.

Көптеген зерттеулер діннің әлеуметтік функциялары мәселесіне арналған. Дәстүрлі қоғамда дін әлеуметтік интеграция жəне тұрақтылық, рухани құндылықтарды жоғарлату, болжам жасаумен сәйкестендіру функциясын атқарады. Интегративтік функция діннің қандай да бір адамдар тобын, идеялар кешенінің айналасын біріктіру қабілетінде көрінеді. П.Бермердің пікірінше, «діни институттар - осы қоғамның барлық мүшелерін «жалпы бір мағынаға» біріктірген əлем» деп айта кеткен. Діни жүйе қоғам мүшелеріне немесе топқа осы қоршаған əлемде өз орнын, атқаратын рөлі мен мәнін табуға мүмкіндік береді. Алайда белгілі бір жалпылықты біріктіре жəне топтастыра отырып, дін, бір жағынан, оны басқа діни ағымдарға қарсы қояды (православияны - иудейлерге, мұсылмандарға, буддисттерге жəне т.б.). Осылайша, дін кейде бөліп тастау факторы ретінде көрінеді, дінаралық тұрақсыздық осыдан келіп туындайды.

Қазіргі таңда  Орталық Азия елдеріндегі  діни жағдай қалыпты. Орталық Азия  елдерінің дін саласындағы мемлекеттік  саясаты-зайырлылықты  ұстану, мемлекет пен дін  қатынасын  зайырлы тұрғыда жетілдіру, діни  жағдайды  құқықтық-заңнамалық  реттеу, халықтық  діндарлық  пен дәстүрлі діни құндылықтарды  қолдау  көрсету. 2007  жылы орталық  Азия  елдерінің мүфтилер кеңесі  құрылды. Орталық Азия   елдеріндегі мұсылмандық ерекшеліктері: халықтарға  ортақ Ханафии мазхабы, дәстүрлі халықтық-ғұрыптық діндарлық,сопылыққа тән  этикалық  ұстаным, шет  елдіктердің  қаржылық  қолдауындағы жаңа исламдық  ілімдер мен  геосаяси  жобалардан  туындаған діни ілімдердің  таралуы. Қазақстан  2017-2018 жылдары - БҰҰ  Қауіпсіздік   Кеңесінің  тұрақты  емес  мүшесіне  сайланды. Еліміз БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің - Ауғанстан  мәселелері, ДАИШ  және әл-Каеда террорлық ұйымдарына  қарсы күресті үйлестіру, Эритрея-Сомали   сынды  тұрақты  комитетері жұмысына  төрағалық жасайды. Қазақстанның  БҰҰ  Қауіпсіздік   Кеңесінің  тұрақты  емес  мүшесі  ретіндегі қызметі  орталық  азия аймағында тұрақтылық пен бейбітшілікті  қамтамасыз  етуге  бағытталады. 2017 мамырда Эр-Риядта өткен «АҚШ-Араб ислам  әлемі»  Саммитінде  жаһандық  терроризммен   күресте  ислам  дүниесі  (сүнниттік  мемлекеттер) елдерінің  әріптестігің  күшейту  мәселесі көтерілді. Эр-Риядта экстремизм  және  терроризммен күрес  халықаралық орталығы  құрылды. Орталық Азия  елдерінің  тұрақтылығы  мен заманауи өркендеу жолы-зайырлы қағидатта негізделген.Тарихи  қалыптасқан  мәдени-рухани  жағдай ,дәстүрлі  діни мәдениет,ортақ киелі  орындар  мен  әулиелер  культі, сүннитік бағыт (матрудилік ақида) және  ханафиттік  ғибадат жолы  Орталық Азия  мұсылмандарын  достық  пен  рухани келісімге  жетелейді  деп  сенеміз.

 «Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру»                                            

бөлімінің басшысы  м.у.а   Ш.Досанбаева                                                                                                     

0 пікір