Дін бірлігі – ұлт бірлігі
Дін бірлігі – ұлт бірлігі
16.04.2024
814
0

Дін дегеніміз – Сенім әрі өмір сүру салты; Бақытқа жеткізер өмір жолы. Ал ұлт немесе халық – адам сомдайтын қалып, азамат қалыптастыратын рухани орта. Кез келген ұлттың өркениеті мен мәдениеті ғасырлар бойы жинақталған, бабадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық-рухани құндылықтардың негізінде қалыптасады. Дін – ұлтты қалыптастыратын һәм сақтайтын мына жеті негіздің бірегейі: тілі, діні, салт-дәстүрі, тарихы, өнері, атамекені, мемлекеті. Бұл жетеуін тағы жинақтай түссек, онда ұлттың үш негізі шығады: мекені, байлығы, мәдениеті. Яғни территориясы, экономикасы, идеологиясы қалыптаспаған халық Ел болып ұйысып, Мемлекет болып тұтастыққа, Бірлікке жете алмайды. Ал бұл үшеуінің ішіндегі басты тұғыр – мәдениет идеология саласы. Өйткені, пендені адам қылатын нәрсе – рух болса, ұлттың өзегі – рухани құнды.

Діннің ең басты қайнар-көзі Құран Кәрімде ұлтқа қатысты не айтылған? Алла Тағала өз кәламында: Алланың өз кәләмында Хужрат сүресінің 13- аятында: «Бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық» деп бұйырған.

Жер бетіндегі әрбір  ұлттың  ұлт болып  қалыптасуы  үшін  тұрақты  жері, тарихы, тілі  мен дәстүрі  болуы керек  екенін  заманымыздың өзі талап етуде. Әр ұлт  тұрған  жеріне, ауа  райына байланысты ұлттық киімдері  болады. Құдайды  бір деп мойындаушы ақыл есі  түзу  әрбір  ұлт  өкілі харамнан тиылып, жаманнан қашықтап, жақсылыққа  бет бұрып, ерге де, әйелег де ұятты жерлерін  жауып, қыз-келіншектеріміз шаш  көрсетпей  орамал тартып, тізеден  төмен  көйлек  киіп өздеріне  жарасымды  етіп  жүру керек. Қазақ ұлтының ата-бабаларымыздан  мұра болып  келе жатқан әрбір дәстүрлі – елдің сыйлы, білімді, парасаты, бірлікке және  ауызбіршілікте  болып тіршілік  жасауына бағытталған. Қыз  ұзату,  келін түсіру, құда шақыру  мен  өзара қарым-қатынаста  әрбір дәстүрдің  ағайының  арасының  ажырамауында  атқарар  міндеті  деп  білсек.

Елімізде ислам дінін ұстанатын адамдар көп десек те болады. Ислам дінінің ішінде Ханафи мазһабы мен Матуриди сенім мектебін ұстанады. Осы сенім мен таным қауымның дүниеге көзқарасын, мақсат-мұратын, өмір сүру тәсілі мен дағдысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын, дәстүрін қалыптастырады. Мұнсыз ел, ұлт, мемлекет жоқ.

Елдік есімізді жиып, халық, ұлт болып қалыптасуымызда жоғарыда айтылғандар айрықша рөл атқарады. Сондықтан Шығыс халықтары мұны ескеріп, рухани байлыққа, таза сенім мен білімге негізделген ұстанымдарға сай құндылықтар жүйесін құрды. Ол Құранда айтылатын ханифтік діндер ұғымына сәйкес келетін көне замандардан жеткен ежелгі ақпараттар қатарында да әуелі Жаратушы Күштің, Құдіретті Алла Тағаланың адамзатқа берген сыйы. Осы арқылы қазақ халқы да әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүрі мен діни сенімін анықтаған. Демек, діни ұстаным ел, ұлт болуымызға негізгі жетекші рөл атқарады. Ол жоғары дәрежелі айрықша қалыбы мен мәні өзіне тән сән-салтанаты бар қазақ халқының мәдениетіне айналды. Әр халық солай өсті, осылай жетіліп ел болды.

Қорыта айтқанда, елімізде дін мәселелері күн тәртібіне шығудың себебі, дәстүрлі сенім мен танымды жастардың дұрыс түсінбей басқа ағымдарға еруінде. Басты мәселе сенім мен танымды дұрыс ажырата біліп, осы бағытта жұмыс атқарсақ өзекті мәселелердің шешілетіні ақиқат. Қандайда бір ұлт салт-дәстүріне, ұлттық ерекшеліктеріне аса мән берген елдің іргесі берік, болашағы кемел болары анық. Асыл дініміз исламнан бастау алған салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыз ұлтымызды өзгелерден ерекшелейтін құндылықтар. Ата-бабаларымыз сан ғасырлардан астам уақыт ұстанып келген сенім мен танымын, салты мен дәстүрін, ұлттық құндылықтарды ұстанатын болсақ ешқандайда дау-дамайдың болмайтынын ақиқат.

 

 

Түркістан облысы дін істері басқармасы

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің

теолог маманы                                                                                          Б.Абдрахман

0 пікір