Әлемдік діндердің мақсаты мен міндеті
Әлемдік діндердің мақсаты мен міндеті
15.04.2021
4561
0

          Адамзат баласын татулық пен бірлікке, ізгілікте басын қосатын адамның рухани сенімі мен діні. Әлемде діндер әлемдік және ұлттық діндер деп бөлінеді.  Құдайға деген сенімі әр түрлі болғанымен мақсаты мен міндеті ортақ. Дүние жүзінің халқы, негізінен, әлемдік үш дінді (ислам, христиан, будда) ұстанады. Алайда әлемдік татулық пен тыныштықты бұзғысы келетін дін атын жамылған түрлі экстремистік және террористік мақсатта әрекет ететін ұйымдар жұмыс жасауда. Сол түрлі әлемдегі лаңкестік пен қатыгездікке ауыздық салуы үшін әлемдік және дәстүрлі діндердің мақсаты мен міндеті ортаға салынып, ортақ шешімге келіп, бірлік пен ынтымақты әлемге паш етті.

     ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев мемлекет басшысы және қоғамда діннің өсіп отырған рөлін толық шамада сезінетін саясаткер ретінде әлемдік және дәстүрлі діндер форумын Қазақстан Республикасының бас қаласы  Астана қаласында өткізуді ұсынды. Осындай іс-шаралардың ұйымдастырушы ретінде жетекші діндер мен конфессия өкілдері тарапынан ғана бұндай ұсыныс түсетін еді. Конфессияаралық келіссөздерді орнатуға бағытталған осындай іс-шаралардың бірі Италияның Ассизи қаласында 1986 жылдың қазан айында және 2002 жылғы қаңтарда әлем діндері мен конфессиялары өкілдерінің кездесуі ғана болатын.

     Қазақстан Президентінің ойы бойынша бір бірі туралы жалпы аспектілер мен дәл мәліметтер негізінде құрылған әлем және дәстүрлі дін лидерлері арасындағы келіссөз өзара ынтымақтастық үшін кең болашаққа жол ашып, біздің заманымыздың зорлық-зомбылық, фанатизм, экстремизм және терроризм сияқты теріс көріністерді болдырмауға септігін тигізеді.

Міне, осылай Қазақстан астанасы әлемдік діндердің басын қосатын орталыққа айналыды.

Елімізде 2003-2018 жылдар аралығында «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының» алты съезді  өткізілді:

1-съезд 2003 жылы 23-24 қыркүйек күні Астана қаласында «Дін көшбасшыларының халықаралық қауіпсіздікті  нығайтудағы рөлі» тақырыбында өтті. Съездке 17 делегация қатысты. Съезд қортындысы бойынша: Рухани көшбасшылар болашақтағы үйлесімді әлемнің негіздері ретінде адамзат үшін бейбітшілікпен өрлеуді қамтамасыз ету  және барлық қоғамда тұрақтылықты сақтау бағытындағы бірлескен іс-әрекеттері туралы мәлімдеген декларатция қабылданды. Алғашқы съездің дінаралық форумы әр үш жылда бір реттен кем емес тұрақты негізде өткізіп тұру шешімі де бекітілді.

2-съезд 2006 жылы 12-13 қыркүйек күні Астана қаласында « Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» тақырыбында өтті. Съездке 29 делегация қатысты. Съезд қортындысы бойынша: Қатысушылар діндер мен барлық этникалық топтар өкілдерін мәдени және діни ерекшеліктер негізіндегі дау-жанжалдарға жол бермуге шақырған бірлескен декларатция қабылданды.

3-съезд 2009 жылы 1-2 шілде күні Астана қаласында «Кезкелген мәселелердің оң шешілуіндегі рухани көшбасшылар рөлін олардың өзара құрмет пен ынтымақтыққа негізделген толерантты әлемді қамтамасыз етуге қосқан үлесі аясында арттыру» тақырыбында өтті. Съездке 77 делегация қатысты. Съезд қортындысы бойынша: Қатысушылар жұртшылықты шынайы дінаралық диалог орнату үшін  діни көбасшылар мен ұйымдардың күш-жігерін қолдауға және арттыруға, діндер мен өркениеттердің өзара түсінік пен құрметті жақсартуға бағытталған үнқатысуын қолдауға ықпал етуге шақырған бірлескен декларатция қабылданды.

4-съезд 2012 жылы 30-31 мамыр күні Астана қаласында «Бейбітшілік пен келісім адамзат таңдауы ретінде» тақырыбында өтті. Съездке 85 делегация қатысты. Съезд қортындысы бойынша: Қатысушылардың бүкіл адамзатты ғаламшарымыздың болашағы үшін өзара ықпалдастыққа, келісім мен бейбітшілікке, әділеттілік пен жасампаздыққа ұмтылуға шақырған үндеуі қабылданды.

5-съезд 2015 жылы 10-11 маусым күні Астана қаласында «Діни лидерлермен саяси қайраткерлердің  бейбітшілік пен даму жолындағы диалогы» тақырыбында өтті. Съездке 80 делегация қатысты. Съезд қортындысы бойынша: Қазіргі замандағы әлемде сенімсіздіктің артуын тоқтатуға,  бейбітшілік пен тұрақты дамуы үшін рухани және саяси қайраткерлер арасында өзара іс-қимылдың  жаңа тетіктерін іздестіруге шақырған бірлескен декларатция қабылданды.

6-съезд 2018 жылы 10-11 қазанда күні Астана қаласында «Діни лидерлер қауіпсіз әлем үшін» тақырыбында өтті. Съездке 129 делегация шақырылды. Съезд қортындысы бойынша: Төрт секцияда тақырыбы қаралды.

1.«Әлем.ХХІ ғасыр» манифесі-қауіпсіздік тұжырымдамасы ретінде.

2. Құбылмалы геосаясаттағы діндер: адамзатты шоғырландыруға арналған жаңа мүмкіндіктер.

3. Дін және жаһандану:сын-тегеуріндер мен жауаптар.

4. Экстремизм және терроризммен күрестегі діни лидерлер мен саяси қайраткерлер

     ХХІ ғасырдың ең басты заңы татулық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан бұл ортақ мекен, ортақ ұлт пен діннің тоғысқан жері. Барлық қазақстандықтарды ұлтаралық және дінаралық келісімдерді сақтауға шақырамын. Бұл біздің мәңгі құндылығымыз. Бұл біздің мәңгі еліміз бен Астанамыздың мақтанышы»,-дегені бар. Басқа елдерге үлгі болып жүрген мемлекетіміз бейбітшілік пен өзара келісім ішінде 140  аса ұлт пен 18 конфессия өмір сүруде. Еліміз көпұлтты және көпдінді қоғамнан тұрады. Біздің ішкі саясатымыздың өзі бейбітшілік пен келісімді ту етіп, басқалар құра алмаған қоғам бізде орнағанын нық көрсетеді.

      Қорыта келе бірлік бар жерде-тірлік барын ұққан халықпыз. Ауызбіршілік пен түсіністік, қарапайым сыйластық, бейбітшілік пен келісім үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатынын еліміздің соңғы жылдардағы тәжірибесі дәлелдеп берді. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, әлемдік беделі қалыптасып, мақсаты мен міндетін айқындап келеді. 

 

 

 

Түркістан облысы дін істері басқармасының

 «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің  теолог маманы

Битанов Жангелді   Нұрғалиұлы

0 пікір