Қоғамның дамуы мен өркендеуі ең алдымен заңға бағыну мәдениетіне тікелей байланысты. Заң – мемлекеттегі тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін негізгі құрал. Әрбір азамат заң талаптарын орындап, өз құқықтары мен міндеттерін терең түсінген жағдайда ғана әділетті әрі қауіпсіз қоғам қалыптасады. Заңға бағыну – тек қорқыныштан немесе жазадан қашу емес, ол – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Әр адам заңды құрметтеп, оны күнделікті өмірде басшылыққа алса, қоғамда тәртіп орнайды. Мысалы, жол қозғалысы ережелерін сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау, өзгенің құқығын құрметтеу – барлығы да заңға бағынудың нақты үлгілері.
Тәртіп бар жерде тұрақтылық болады. Заңсыздық пен жауапсыздық орын алған қоғамда қақтығыстар, әділетсіздік пен сенімсіздік күшейеді. Ал заң үстемдік еткен елде адамдар өз болашағына сеніммен қарап, еркін еңбек етіп, мемлекет дамуына үлес қоса алады. Сондықтан заңды сақтау – әрбір азаматтың борышы әрі ортақ жауапкершілігі. Сонымен қатар, заңға бағыну жас ұрпақ тәрбиесінде де маңызды рөл атқарады. Балалар мен жастар үлкендердің іс-әрекетіне қарап үлгі алады. Егер қоғамда заңды сыйлау мәдениеті қалыптасса, болашақ ұрпақ та тәртіпті, саналы азамат болып өседі.
Заң – ортақ тәртіп. Ол баршаға бірдей, ешкімге артықшылық бермейді. Егер азаматтар заңды елемесе, қоғамда анархия орнайды. Бұл тұрақтылық пен бейбітшіліктің жойылуына, сенімнің әлсіреуіне алып келеді. Ал заңға бағыну – өз құқығын да, өзгенің құқығын да құрметтеу деген сөз.
Заңдылық пен тәртіп кез келген мемлекеттің тұрақты дамуының негізі болып табылады, азаматтық қоғамның заң нормаларын қатаң сақтауымен ғана мүмкін болады. Бұл құқықтық мемлекетті нығайтуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға және халықтың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға деген ұмтылысын көрсетеді.
«Заң және Тәртіп» қағидаты заңнаманың орындалуына мемлекеттік бақылауды күшейтуге, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыруға және іс жүзінде әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған. «Заң және Тәртіп» қағидасына басты назар аудару мемлекеттің қауіпсіздік саясатын, оның ішінде құқық қорғау органдарын, құқықтық тәртіпті және оның тетіктерін дамытуды жалғастыратынын білдіреді.
Заң үстемдігі орнаған елде әділдік, қауіпсіздік және сенімділік бар. Мұндай қоғамда адамдар ашық пікір айтуға, еңбек етуге, білім алуға және өмір сүруге толық мүмкіндікке ие болады. Мемлекеттік органдардың заңға сай әрекет етуі – халықтың сенімін арттырып, ел дамуына серпін береді. Қоғам тыныштығы мен тұрақтылығы ең алдымен заңға деген құрметпен өлшенеді. Әр азамат заңға бағына отырып, тек өз мүддесін емес, бүкіл қоғамның игілігін көздейді. Заң үстемдік құрған елде тәртіп те, әділдік те орнайды.
Заң – адам мен мемлекеттің арасындағы алтын көпір. Ол барлығына бірдей талап қояды, ешкімді алаламайды. Сол себепті заңды құрметтеу – теңдік пен әділеттің кепілі.
Жастарды ерте жастан құқықтық сауаттылыққа баулу, заңды білуге үйрету – болашақтың берік іргесін қалауға жол ашады. Заңмен өмір сүру – өркениетті қоғамның таңдауына айналуы тиіс.
Қорытындылай келе, заңға бағыну – әр азаматтың жауапкершілігі. Бұл – тәртіптің, бейбіт өмірдің және жарқын болашақтың негізі. Ендеше, заңды құрметтейік, ортақ тәртіпке бағына отырып, тұрақты қоғам құруға үлес қосайық.
Ұ.Тұрсын
Түркістан облысының дін істері басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы»
КММ-нің маманы

+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru