Заңды білмеу жауапкершіліктен құтқармайды
Заңды білмеу жауапкершіліктен құтқармайды
13.02.2026
294
0

Заң – мемлекеттің тірегі, қоғамның тәртібі мен тұрақтылығының кепілі. Әр азаматтың құқығы мен бостандығын қорғай отырып, ортақ ережеге бағынған өмір сүруді қамтамасыз етеді. Сондықтан заңды құрметтеу – тек міндет қана емес, өркениетті елдің азаматына тән қасиет. Заң – тек қана жазалау құралы емес. Әділдік орнату, адам құқығын қорғау, қоғамда қалыптасқан үйлесімділікті сақтау. Әрбір азамат заң алдында өз құқығын талап ету арқылы өз міндетін де адал атқарса, қоғамда тәртіп пен сенім берік қалыптасады. Заңды білмеу – жауапкершіліктен құтқармайды. Бұл жай айтыла салған сөз емес. Түсіне білген адамға артында ауыр міндет, қоғам алдындағы жауапкершілік. Заң – қоғамда тәртіпті реттешуі институт. Заң болмаса қоғамда бейберекетсіздік орын алады. Заңды сақтамау өзің үшін де өзге үшін де  қауіпті болуы мүмкін. Кез-келген елдің тұрақты өмір сүруі азаматтарының қауіпсіз болуы сол елдің заңына тікелей байланысты. Сол секілді біздің де қауіпсіз өмір сүруіміз біздің заңымызға байланысты. Елімізде басты заңды күш Конституция. Заң алдында барлық Қазақстан азаматының тілі, діні, нәсілімен жынысына қарамастан құқығы тең. ҚР Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда ортақ референдум нәтижесінде қабылданды. Сондай-ақ Конституцияның 1-бап 1-тармақта еліміз үшін адам және адамның өмірі құқықтары мен бостандықтары басты назарда екендігі жазылған. Сонымен қатар елдің негізгі саясаты Зайырлылық принципіне негізделгендігі көрсетілген. Зайырлылық – мемлекеттің дінге, діннің мемлекет ісіне араласпауы және қоғамда дінді ұстану не ұстанбау еркіндігі.  Еліміздің негізгі ұстанымы зайырлылық ұстанымына негізделгендіктен дінге байланысты бірнеше заңды нормаларды жаза кетсем.

Елімізде жыл сайын мыңдаған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып жазаға ұшырап жатады. 2025 жылдың 12 айында облыс соттарымен сот үкімін шығару арқылы 1494 адамға қатысты 1268 қылмыстық іс қаралды. Сотталғандардың басым бөлігі – 1471 адам немесе 98,5% айыпты деп танылса, 23 адам (1,5%) ақталды. Былтырғы жылдың қараша айындағы ҚР ҰҚК мәліметіне сәйкес діни экстремизм мен терроризмге қатысы бар деген айыппен 83 адам ұсталып 97 адам сотталған. Көбісі әлеуметтік желіде діни экстремистік материалдарды таратқан.  Осы тұста барлығымыз білуіміз керек ҚР ҚК 174- бабының 1-тармағында былай дейді: «1. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер, сол сияқты азаматтардың дiнге көзқарасы, тектiк-топтық, ұлттық, рулық немесе нәсiлдiк қатыстылығы белгiлерi бойынша олардың айрықшалығын, артықшылығын не толыққанды еместігін насихаттау, егер бұл іс-әрекеттер жария түрде немесе масс-медианы, телекоммуникация желілерін және онлайн-платформаларды пайдалана отырып, сол сияқты әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты насихаттайтын әдебиетті немесе өзге де ақпарат жеткiзгiштердi дайындау немесе тарату жолымен жасалса, – екі мыңнан жеті мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл салуға не екі жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады» деп жазылған.

Елімізде көбіне деструктивті діни ағым жақтастары мен сепартистік пиғылдағы азаматтар осы заңның тұзағына ілініп жатады. Ал кейбір азаматтар әсіресе кәмелет жасына толмаған балалар әлеуметтік желіде эмоцияға толы улы уағызға алданып заң алдында жауапқа тартылып жататын кездер де бар. Бірақ заңға бағыну барлығымызға ортақ міндет.

Әлеуметтік желі қазіргі таңда барлық жер шары тұрғындарына қолжетімді. Кәсіпті нәсіп еткендер үшін сауданың көзі. Жеке өзінің авторлық курсына дейін сатылып жатқан ғаламторда астыртын терроризмді қаржыландыру әрекеттері де орын алып жатқандығы жасырын емес. Таяу Шығыс елдеріндегі мұсылмандарға көмек деп елден жылу жинап, жиналған ақшаны сол Таяу Шығыс елдеріндегі террорлық топтардың қару жарақ сатып алуына көмек беруде оңай болып кетті десекте болады. Мұндай жағдайлар көршілес елдерде орын алды.

«Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы N 191-IV Заңы. 12-тармағында: «Терроризмді қаржыландыру – жеке тұлғаның не адамдар тобының не заңды тұлғаның іс-әрекетінің террористік сипатын не берілген мүліктің, көрсетілген ақпараттық, қаржылық және өзге де қызмет түрлерінің террористік іс-әрекетті жүзеге асыру не террористік топты, террористік ұйымды, заңсыз әскерилендірілген құралымды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатынын көрінеу ұғынып жасаған адамның оларға ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы пайданы беруі немесе жинауы, сондай-ақ сыйға тартуы, айырбастауы, қайырмалдық жасауы, қайырымдылық көмегі, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерін көрсетуі не қаржылық қызметтер көрсетуі»; терроризмді қаржыландыру әрекеті болып табылатындығын ескертеміз.

Сондықтанда әлеуметтік желіде іс-әрекеті, қызметі күдікті болған немесе өзіңіз түсінбейтін өзге тілдегі діни контенттерге ұнату белгісін басып не болмаса пікір жазып, бөліспеулеріңізді сұранамыз. Өйткені заңды білмеу жауапкершіліктен құтқармайтынын тағы бір мәрте ескертеміз.

 

 Қ.Қосмаханов

Түркістан облысы дін істері басқармасының

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ

маманы                                                                                   

0 пікір