Зайырлылық және руханият дәстүрлі танымның негізі
Зайырлылық және руханият дәстүрлі танымның негізі
04.03.2025
182
0

Зайырлы қоғамда мемлекет пен діннің арасындағы шекаралар айқын белгіленген, алайда бұл шекара руханияттың қоғамдағы рөліне кедергі келтірмейді. Руханият адам өмірінің негізгі мәнін іздеу, өзіндік дамуы және қоғамға пайда келтіру бағытында әрқашан маңызды болып қала береді. Бұл жағдай зайырлы қоғамда адамдардың жеке діни немесе рухани сенімдеріне қатысты еркіндіктерін шектемей, қоғамдағы тәртіп пен бейбітшілікті сақтауға мүмкіндік береді.        Зайырлылық пен руханияттың дәстүрлі таным негізінде өзара байланысы әлеуметтік құрылым мен мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылуы керек. Зайырлылық қоғамның бейбітшілігін қамтамасыз етсе, руханият адамның ішкі үйлесімділігін сақтап, жеке тұлғаның дамуына ықпал етеді. Бұл екі ұғымды үйлесімді түрде біріктіру қоғамдағы тұрақтылық пен әділдікті сақтауға мүмкіндік береді.                                                             Зайырлылық және руханиат дәстүрлі таным негізі дегенде, қоғамдағы дін мен мемлекеттің арақатынасын, сонымен қатар жеке тұлғаның рухани дамуындағы ұлттық және мәдени дәстүрлерді ескере отырып қалыптасқан таным жүйесін түсінуіміз қажет.                                                             Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының, 1-тармағында: «Қазақстан Республикасы өзін зайырлы, ашық, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады» делінген. «Зайырлы» ұғымы мемлекеттің барлық салаларда, соның ішінде дін саласында да ашық, айқын саясат ұстанатынын, азаматтардың ар-ождан бостандығын қамтамасыз ететінін, діннің мемлекет саясатына араласпайтынын білдіреді. Яғни зайырлылық – дінсіздік немесе дінді терістеушілік емес, ол – мемлекеттің діни емес, құқықтық қағидаттармен басқарылуы.

         Зайырлылық — бұл мемлекеттің діннен тәуелсіздігін, дін мен мемлекеттік басқарудың бөлінуін білдіреді. Зайырлы қоғамда дін мемлекеттік саясатқа араласпайды, алайда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, оның ішінде діни сенімдері мен пікірлері, мемлекет тарапынан қорғалады.                                   Мұндай принцип қоғамдағы түрлі сенімдер мен көзқарастардың өзара құрметіне негізделеді. Ал руханият —  адамның ішкі дүниесін, оның моральдық және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыратын рухани және мәдени дәстүрлердің жиынтығы. Руханиат адамның өзін-өзі тануына, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды түсінуіне, тануына, жеке қасиеттерін дамытуына, адамгершілік және этикалық құндылықтарын сақтауға көмектеседі. Бұл екі ұғым өзара қарама-қайшы емес, керісінше, олар бір-бірін толықтырады.    Қоғамдық келісім мен тыныштық, ішкі бейбітшілік пен сыртқы тәртіп. Зайырлы қоғамда әр адам өз дініне сенсе де, қоғамдағы өз орнын табады. Бұл адамдардың түрлі сенімдеріне құрмет көрсетуге мүмкіндік береді, ал руханият адамгершілік негіздерін сақтайды. Діндердің әлеуметтік ынтымақтастыққа қызмет етуіне жағдай жасай отырып, барлық азаматтарға тең мүмкіндік береді.

Мұсылмандар қасиетті деп санаған Құран Кәрімнің Бақара сүресінің 256-аятында: «Дінде зорлық жоқ» —  деп, дәстүрлі діни танымның зайырлылық қағидаларымен ұштасатынын аңғаруға болады. Ислам дінінде зайырлылық бөтен бір ұғым емес деп айтсақ артық болмас.

         Осылайша, бұл ұғымдар дәстүрлі танымның негізін қалыптастырып, қоғамның рухани және әлеуметтік дамуына ықпал етеді. Зайырлылық пен руханиат арасындағы байланыс — бұл қоғамда барлық адамдардың бірдей құқықтар мен бостандықтарға ие болуын қамтамасыз ететін бейбіт әрі әділетті қоғам құру үшін қажетті үйлесім. Зайырлылық мемлекеттің қоғамның діни әртүрлілігіне бейтарап қатынасын қамтамасыз ете отырып, руханият адамзаттың ішкі дүниесін, этикалық және адамгершілік құндылықтарын дамытуға бағытталған жол ретінде көрінеді.                                                Бұл екі ұғым қоғамдағы адамдар арасындағы келісімді сақтауға, олардың рухани және материалдық қажеттіліктерін тең дәрежеде қанағаттандыруға бағытталған. Зайырлылық қоғамдағы барлық діндер мен сенімдерге тең қарауды талап етсе, руханият адамды ішкі жан дүниесіне, оның ізгілік пен адамгершілік құндылықтарына бағыттайды. Қорыта келгенде, зайырлылық пен руханиат бір-бірін толықтыра отырып, қоғамның моральдық және рухани дамуына негіз болады. Рухани байлық бар жерде елдің бірлігі  мен іргесі мығым болары анық.

 

 

Е.Ештай

 

«Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру»

бөлімінің маманы                                                                             

 

0 пікір