Зайырлы мемлекеттегі дін ұстанымы
Зайырлы мемлекеттегі дін ұстанымы
23.04.2021
920
0

         Зайырлылық ұғымы дінге шектеу қою емес, діннің қанат жайып өркендеуіне мүмкіндік беретін саяси-әлеуметтік құрал. Зайырлылық араб тіліндегі «сыртқы» деген мағынаға саятын «заһир» сөзінен шығады. Ал қазақ тілі түсіндірме сөздігінде «зайыр» сөзі «анық» және «айқын» деген мағыналарымен айқындалады. Зайырлылық пен руханият бір-біріне қайшы келмейді.

          Зайырлылық – мемлекет пен діннің бір-бірінен бөлінуі, мемлекеттің әлеуметтік, саяси және құқықтық негізгі жүйесінің аз да болса діни қағидаларға сүйенбеуін білдіреді. Зайырлылық тікелей дінге емес, адамның құқықтық мүмкіндіктеріне кепілдік беретін демокротияның бір көрінісі. Қарапайым тілде айтқанда, кез-келген дінге, діни құбылыстарға бейтарап қарауында. Сондықтан да, Қазақстан Республикасы – өзін зайырлы мемлекет деп жариялаған. Көпұлтты, көпдінді мемлекет болғандықтан діннің алуан түрлі болатындығы сөзсіз. Әрине, әлемде 250-ден аса ұлт болса, соның 130-дан астамы Қазақстанда тату-тәтті өмір сүріп, тіршілік кешіп жатыр. Міне, осыншама ұлт пен ұлыстың тілін тауып, бірлік пен ынтымақта ұстап отыру оңай шаруа емес. Ұлтаралық татулық пен бірлікті Қазақстан саясатының негізі ретінде ұзақ жылдардан бері ұстанып келеді.     

         Елімізде 2011 жылы дін саласындағы маңызды бір заңнамалармен толыққан болатын. Осы жылдың 11-қазанында «Діни қызмет және діни бірлестіктер» деп аталып, дін саласында шешімі табылмай, күрмеуі шешілмеген, тармақтары тарқатылмаған біраз мәселелердің оңды шешілуіне себепкер болған еді.  Осы заңнаманың кіріспесінде: «Ханафи бағытындағы исламның және православиелік христиандықтың халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін танитынын, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің, діни тағаттылықтың және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алады» - делінген болатын. Байқағанымыздай, ел болып қалыптасуымызда тарихи орны бар екі әлемдік дінді тайға таңба басқандай етіп көрсетіп отыр.

  Сан ғасырлар бойы ата-бабамыз ұстанып келе жатқан, ислам діні зайырлылық принциптеріне қалай қарайды? Деген сұраққа жауап іздеп көрелік. Мұсылмандар қасиетті деп санаған Құран Кәрімнің Бақара сүресінің 256-аятында: «Дінде зорлық жоқ» - деп, дәстүрлі діни танымның зайырлылық қағидаларымен ұштасатынын аңғаруға болады. Ислам дінінде зайырлылық бөтен бір ұғым емес деп айтсақ артық болмас.

Дін – бұл  адамның жаны мен әдебінің аясы. Әрбір дін өкілінің уағыздайтын жоғары адамзаттық құндылықтары мемлекет тарапынан әрқашан қолданып, құрметтеледі» - делінеді. Егемен еліміздің аяққа тұрып, басқа да мемлекеттермен иық тіресіп тұруына зайырлылық қағидаттарының да үлесі орасан зор екенін тілге тиек етіп кетті. Сонымен қатар, қандай дін болмасын адамзаттың құндылығына негізделген, Қазақстан халқының бірлігіне нұқсан келтірмейтін діндерге қарсы еместігін, тиісінше қолдау көрсетілетінін мәлімдеген болатын.   

Зайырлылық қағидатына сәйкес, дін мен мемлекет бөлек дегенімізбен дінді қоғамнан, адамнан бөліп алып қарастыра алмаймыз. Қандай заман болмасын адам жүрегінде белгілі бір тылсым күштің бар екенін сезетін тетік бар деп айтсақ артық болмас.

Қорытындылай келе, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні зайырлылық ұғымдарын дұрыс түсіне алуымыз қажет. Өкінішке орай, қоғам арасында зайырлылықты дінсіз қоғам деп жүрген әсіре діншіл азаматтар жоқ емес. Зайырлылық ешқандайда дінсіз атейстік қоғам емес. Зайырлылық қағидаттары елімізідің демократиялық тіректері, осылайша, ұлтаралық, конфессияаралық келісімнің озық нәтижелеріне жете аламыз. Зайырлылық принциптері мемлекеттің баяндылығына, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына қызмет ететін, еліміздің азаматтарының құқықтарын қорғайтын, діни бостандығына кепілдік беретін, заман талабына сәйкес жүйеленген – саяси институт.   

 

 Түркістан облысы дін істері басқармасы

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ

бөлім басшысы м.у.а.              А.Тағай

0 пікір