Тәуелсіз Ел жастары!
Тәуелсіз Ел жастары!
24.07.2018
2530
0

«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де,                      
болашақтың дидарын көзге елестету үшін де
кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
                                                                     Н. Ә. Назарбаев

Өткеннің бәріне топырақ шаштырған, адамның таным-түсінігін тоздырған заманды халық бастан кешті. Ол заманда халықтық салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты ұстану ескіліктің қалдығы болып саналып, дінге сену, тіпті, қылмыс дәрежесінде есептелінді. Осындай еткенімізге жиіркене тәрбиелеудің нәтижесінде жастарымыз азды-көпті алған біліміне мастанып, өзінің түп-тамырын, шыққан тегін, ұлттық ерекшелігін ұмытып, тек өз халқына емес, басқа да елдерге теріс көзқарас қалыптасып, етек алды. Айта берсе, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуде жіберілген өкінішті қателіктер көп-ақ болды. Енді осы жіберілген олқылықтардың орнын толтырып есімізді жинайтын кез келді.
Әр ұлт өзінің дүниетанымын, тілі, діні, ауыз әдебиеті, өнері арқылы білдірген. Халықтың дүниетанымын, рухани мұрасын біз өмір сүру тәсілдерінен, діни нанымынан, әдет-ғұрып, салт-дәстүрінен, бір сөзбен айтқанда өткен өмірінен, тарихынан іздегеніміз жөн. Белгілі жазушы Ғ.Мүсірепов «Өткенді білмей, келешекті білу мүмкін емес. Бұрынғының нарқын білгендер, бүгінгінің парқын ұғады» – деп айтқанындай, халқымыздың бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүріне, діни нанымдарына жастар тәрбиесін дұрыс жүргізу үшін мүмкікдігінше қанық болғанымыз дұрыс. Қай халық болмасын оның руханилығын — діни нанымы арқылы көріп, байқауға болады. Дінді жоққа шығарамыз деп, өзіміздің салт-дәстүр, әдет-ғұрып, төл мәдениетімізді, қазақшылығымызды жоғалтып ала жаздадық. Ерте кездегі араб тіліндегі құнды кітаптар жойылып, жазба мәдениетіміздің тамырына балта шаптық, сөйтіп, қоғамдық, рухани байлығымызға үлкен зиян келтірдік. Дінді ауызға алмаумен қатар, имандылық тәрбие мәселелері азып-тозды деуге болады. Қазіргі кезде қолымыз жеткен  жетістікті тез арада пайдаланып, төл мәдениетімізді, рухани байлығымызды жетілдіруге жұмыла кіріскеніміз жөн [1]. Шыныменде, дінге объективті түрде баға беріп, керекті жағын бала тәрбиесіне пайдалану әлі де болса кеш емес. Ал, бұл үшін, халқымыздың жазба мәдениетіне көз жібергеніміз, атап айтқанда Құран, Хадис, Пайғамбар мен оның ізбасарларының өмір тарихын, ахлақ турасындағы әдебиеттер т.б. кітаптарды пайдаланғанымыз жөн-ақ. Жастарды имандылыққа тәрбиелеуде, бұл еңбектердің алатын орны ерекше деуге болады.
Тәуелсіз ел астарының тәрбиесінде алдымен ана тілін толық менгертіп, әдет-ғұрып, салт-дәстүріміздің тозығы мен озығын таныстырып, жақсысын жасырып, жаманын жасырып астардың бойына сіңіру заман талабы. Әсіресе, ізгі дәстүрімізбен ұрпағымызды адалдық пен адамгершілікке, қайырымдылыққа, мейіріміділікке, парасаттылыққа, бір сөзбен айтқанда имандылыққа үндеу, қазақтың тәлім-тәрбиесінің мақсаты мен мәні: Жастарды қазақи, адепті мінезге баулуымыз қажет-ақ. Имандылық тәрбиесі — әлеуметтік топтардың, жаңа ұрпағы яғни моральдық-адамгершілік қасиеттерін, сенімі мен сезімін, дағдылары мен әдеттерін, мінез-құлықтарын қалыптастыру мәселесін қарастырады. Жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеудің негізі адамзаттың ішкі дүниесі мен сезімінің, санасының жетілуі, сол халықтың өзіндік ерекшелігіне байланысты, рухани байлығы болып табылатынын ескерген жөн.
Тарих толқынына зер салар болсақ «Кеше», «Бүгін», және  «Ертең» деп аталатын үш ұлы бөлік болады. Олар бір — бірінен ажырағыссыз, бір мезгілде бөлек -бөлек, тағы бір мезетте біртұтас ғұмыр кешіп, тағылым мен танымның, парасат — пен пайымның тұнығынан адамзат баласының шөлін қандырып отырады. Еліміздің Тәуелсіздікке қолжеткізген жылдарына бүгінгі күннің биігіне көз салғанда, осы ұлы қағидат бірден көзге шалынады. Өткенге көз жүгіртсек, осыдан 25 жыл бұрынғы Қазақстанды көз алдымызға елестетсек, ең алдымен аумалы — төкпелі экономика, сансыратқан тапшылық пен жұмыссыздық есімізге түседі. Елбасымыз алғашқы күннен бастап Қазақстанда білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесіне баса назар аударды. Тәуелсіздікті баянды етуде білімнің маңыздылығын жете түсінген Елбасы экономикалық және қаржылық қиындықтарға қарамастан осы салаға барынша қолдау көрсетті. Халқымыздың «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген ұлағатты сөзін, білімнің шындығында да баға жетпес үлкен рухани қару екендігін, тек рухани қару ғана емес, сонымен қатар аса зор өндіргіш күш екенін білуіміз тиіс. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәтке толастамайды.
«Жастар-болашаққа апаратын алтын көпір»,- дейді дана халқымыз. Әрбір өскелең ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет. Біздің әлеуметтік- эканомикалық даму жолындағы қарқынымыз, жастардың қоғамдық – саяси өмірдегі ұстанымына олардың ертеңгі күнге деген сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Ендігі кезекте тәрбие мазмұны мен жастарды тәрбиелеу ісі олардың дүниетанымын қалыптастыру және ақпараттық- саяси мәдениетін көтеруге баса көңіл аударуға тиіспіз[2]. Ел сенімін, үмітін ақтау білімді әрі иманды жастардың  қолында.
Тәуелсіздік – көкжиектен атқан күн, жаңа бүр жарған гүл дер едім. Бұл егемендік – Алланың нұры, берген сыйы. Тәуелсіздіктің жолы қатты, татар дәмі тәтті. Сонда да ақкөңіл, дана қазақ аңсаған арманына қол жеткізді. Алдымызда әлі асу-асу белестер бар. Тәуелсіздігіміздің тұғырында нық, тұрақты тұра беруі үшін  еліміздің кемел келешегі болған тәуелсіз ел жастарына еселеп еңбекпен қызмет етуі зор міндет. Біз – тәуелсіз елдің ұрпағымыз, кешегілердің жалғасымыз. Біздің міндетіміз – рухани кемел білім алып, мемлекетіміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосу.

 

Пайдаланылған әдебиеттер 

  • Нұртазина Н. Қазақ мәдениеті және ислам. – Алматы: 2002. 120 бет.
  • Қалмырзаев Ә. Тәуелсіз мемлекетке төл идеология керек пе? //Ақиқат. -1993. 23 тамыз.

 

 Тимур Нүсіпханұлы

 

 

0 пікір